Файл: Тест сратары Бірыай бітеу буынды сзді табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 370

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Жақша ішінде сөздерді дұрыс тұлғада қолданыңыз, септік жалғауын анықтыңыз.

Сұранысқа ие жас (актерлер) бірі-Берік Айтжанов. Ол «Жау жүрек мың бала» (фильмі) Әбілқайыр ханның рөлін керемет ойнады. Сонымен қатар жас (актерлер) бірі-Санжар Мәдиев. Ол «Жүрегім (мен)-Астана», «Құрбылар», (фильмдері) сомдады. Аға буын өкілі Асанәлі Әшімов соңғы жылдары бірнеше (жоба) қатысты. 2011 жылы актер «К вам едет доктор Ахметова» (сериалы) басты рөлін ойнады.

4. Көп нүктенің орнына жіктеу есімдігін қойыңыз.

... Отандық киноларды көргенді ұнатамын. ... Қазақстандық киноларды отбасымызбен көреміз. ... сүйікті актерім-Асанәлі Әшімов. ... «Қыз Жібек», «Нанның дәмі», « Атаманның ақыры» фильмдерінде ойнаған. ... «Қыз Жібек пен Төлеген» фильмі өте ұнайды.

5.Берілген сөз тіркесін тәуелдеңіз. Сүйікті актер

Менің сүйікті актерім

Сенің

Сіздің

Оның

Біздің

Сендердің

Сіздердің

Олардың

ХVІІ «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» - 5 сағат.

Спорт. Спорттың түрлері. Қазақстанның белгілі спортшылары. Спорт-денсаулық кепілі. Ұлттық спорт түрлері. Сілтеу есімдігі.

1. Тірек сызба бойынша спорт түрлерін сипатта.


Спорт түрлері.


ж үгіру волейбол



ш аңғы тебу тоғызқұмалақ

жүзу

күрес

2. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойыңыз.

1. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спорт денсаулықты жақсартады. ... ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау» - деп бекер айтпаған.Сондықтан әр адам ... денсаулығын күту керек. ... үшін күнделікті спортпен айналысуға тиіс. Ұлы ойшыл Ибн Сина денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрімен жаттығу керектігін айтқан.

3. Берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап жазыңыз.

1. Саған спорттың қай түрі ұнайды?

2. Спорт үйірмесіне аптасына неше рет барасың?

3. Үйірме неше сағатқа созылады?

4.Жүлделі орынға ие болдың ба?

5. Қазақстанның әйгілі спортшыларын білесің бе?

6. Болашақта кімге ұқсағың келеді?

4. Берілген сілтеу есімдіктеріне морфологиялық талдау жасаңыз.


Үлгі: Бұның- есімдік, кімнің?, негізгі, дара, сілтеу.

бұл- түбір, есімдік, кім? негігі, дара, сілтеу.

ның-Ілік септік жалғауы.

Ананы, сонда, осыдан, мынадан, міне, бұныңыз.

5. «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.


ХVІІІ « Мектепте Наурыз тойламыз» - 5 сағат.

Наурыз мерекесі. Қазақтың ұлттық ойындары. Мектептегі Наурыз мерекесі. Қазақ халқының ұлттық тағамдары. Наурыз мерекесі туралы өлең-жырлар.Сілтеу есімдігінң септелуі.

1. Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.



2. Көп нүктенің орнына жасырынып қалған, тиісті әріпті қойып жазыңыз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
А... с...йек, ас...қ, алт...ба...ан, то...ызқ...малақ, к...кп...р, жас...рынба..., қ...з қу..., те...ге алу, аударыспа... .

3. Наурызға байланысты тізбекті жалғастырыңыз.

1. Наурыз- жыл басы.

2. Наурыз –қуаныш мерекесі.

3.

4.

5.

4. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.

1. Наурыз мейрамы -

1. теңеледі.

2. Наурыздың 22-сі күн мен түн

2.ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.

3. Наурыз күннің бір ерекшелігі -

3. қазан толы наурызкөже пісіріледі.

4. Ол күні қар не жаңбыр жауса,

4.бұл күн көрісуден басталады.

5. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан

5. «нұр жауды, туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған.

5.. «Наурыз» сөзіне синквейін әдісін қолданыңыз.

1. Зат есім

2. 2 сын есім

3. 3 етістік

4. Сөйлем

5. Синоним

ХІХ «Судың да сұрауы бар» -5 сағат.

Су-тіршілік көзі. Жер асты сулар. Судың емдік қасиеті. Қазақстандағы шипажайлар. Тіл дамыту. Сұрау есімдігі.

1. Суға байланысты тыйым сөздерді толықтырыңыз.

1. Суға түкірме.

2. Түнде суға барма.

3. Суды сапырма.

4.

5.

6.

2.Асты сызылған сөздерге сұрау есімдіктерін қойыңыз.

Үлгі: Адам тәулікте шамамен 1,5 – 2 литр су(не?) жоғалтады.

Адам тәулікте шамамен 1,5 - 2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыру қажет. Таңертең бір стакан су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Зиянды микроорганизмдер болмауы үшін суды қайнатып ішкен дұрыс. Қайнаған судың құрамындағы кальций, магний сияқты элементтер – ағзаға ерекше пайдалы. Тұзды су зиян. Тұзды су ағзаны сусыздандырады және қан қысымының көтерілуіне ықпал етеді. Таңертең тұрғанда мұздатқыштағы суық суды да ішуге болмайды. Ең дұрысы, таңертең тұрғанда үй температурасымен бірдей
қайнаған су ішкен жөн. Су - тіршілік нәрі. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Адам ағзасы 86 пайыз судан тұрады екен. Егер ағзада судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.

3. Берілген сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңыз.

Мойылды - тұзды көл. Ол Павлодар қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Көлдің жағалауында Мойылды шипажайы орналасқан. Мұнда жыл сайын 9 мыңнан аса адам демалып, сапалы ем алады. Негізгі бағыты балшықпен емдеу. Шипалы балшық пен қимыл-қозғалыс органдарының ауруы, жүйке жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті, тері ауруларын емдейді

4. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сұрау есімдігін табыңыз.

А) Бұлар

В) Қайдан

С) Ешкім

Д) Олар

Е) Кейбіреу

2. Сөйлемді жалғастырыңыз. Су - ... ... .

А) ... бұлақ көзі.

В) ... бақыт көзі.

С) ... қуаныш көзі.

Д) ... тіршілік көзі.

Е) ... адамның көзі.

3. Адамның ағзасы неше пайыз судан тұрады?

А) 55

В) 85

С) 65

Д) 75

Е) 60

4. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіздер.

А) Бірнеше

В) Саған

С) Дәнеңе

Д) Әлдекім

Е) Түгел

5. Судың нешеден астам қасиеттері бар?

А) 5

В) 40

С) 10

Д) 30

Е) 20

6. Тәуелденген тұлғадағы сұрау есімдігін табыңыз.

А) Кіміңіз? Несі?

В) Бұнысы, мынауымыз

С) Соның, анаған

Д) Өздерің, өзіңіз

Е) Барлығынан, бәрінің

7.Су нені қандырады?

А) тәртіпті

В) шөлді

С) аштықтықты

Д) білімді

Е) күнделікті

8. Ілік септігі тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.

А) кімді?

В) қайсысын?

С) неге?

Д) нешеуінің?

Е) кімсіз?

9. Судың қандай қасиеттері бар?

А) иммунитетті жақсартады

В) адамды ұйықтатады

С) адамды семіртеді

Д) тыныс береді

Е) адамды қызықтырады

10. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

А) менге

В) сенмен

С) сода

Д) сеннің

Е) бұдан

5. Сұрақ - жауап арқылы сызбаны толықтырыңыз.
- Су қандай зат?
- Судың түсі қандай?
- Судың пішіні бар ма?
- Судың пайдасы бар ма?

-Сусыз адам қанша тәулікке шыдайды?

-Судың қандай емдік қасиеті бар?

ХХ «Табиғат ғажайыптарына таң қаламын» - 5 сағат.

Қазақстанның табиғаты. Табиғатқа саяхат. Ғажайып дүние – жайлау. Саяжайда демалу. Тіл дамыту. Өздік есімдігі.

1. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз.

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі.







Қазақстанның ең ірі өзендері-Балқаш,Алакөл,Зайсан.







Сарыарқа-жеміс-жидек,көкөніске бай жер.







Еліміздің 10 пайызын таулар алып жатыр.







Қазақстандағы ең биік шың-Хан тәңірі шыңы.







Қазақстанның орманды жерінде жолбарыс мекендейді.








2. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

  • Қазақстанның табиғаты __________

  • Қазақстанның өзендері: ___________

  • Қазақстанның көлдері: _________________

  • Қазақстанның таулары: ................................................

  • Маған _________________ табиғаты өте ұнайды.

  • Табиғатты қорғау үшін ________________

3. Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.

1. Адам баласы табиғатты ...  .

2. Біз бұлақтардың көзін ...  .

3. Су мол болса, астық та ...  .

4. Табиғаты сақталған  халықтар ұзақ өмір ...  .

5. Экологиясы төмен аймақтарымыз  көбейіп ...  .

Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық,  мол болады.

4. «Қандай сөздер тығылған?»  - ойыны.

 

  А  

             Б        Я

 

У

      Н        Ы

 

Л         А   

 Ы    

              Ш           Ғ   

 

Ң       

          Т               С    

 

                 А           

У                               Ы     

            І    

    Р       У         Й

 

       Б         А 

 

 

           А          Б                                            

 

   Ү        Р    

 

Т      І         С

 

 

К     А      Т      

 

        Н

5. Сурет бойынша «Ғажайып дүние –жайлау» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.



6. Өз есімдігін жіктеп жазыңыз.

Мен ... келдім Біз ... келдік

Сен ... келдің Сендер ... келдіңдер

Сіз ... келдіңіз Сіздер ... келдіңіздер

Ол ... келді Олар ... келді


ХХІ «Ең, ең, ең ...» - 5 сағат.

Әлемде талай қызық бар. Ең үлкен жануар. Ең үлкен салмақты жануар. Ең үлкен құс. Жалпылау есімдігі.

1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

1. Жер шарындағы ең ірі ... .

2. ... – ең ыстық жер.

3. ... – ең суық жер.

4. Дүниежүзіндегі ең кішкентай құс - ... .

5. Дүниежүзіндегі ең биік тау - ... .

6. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл - ... .

2. Дүниежүзіндегі ең үлкен құсты кішкентай құспен салыстырыңыз.



3. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.