Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2977

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Білім қазынасы нелер арқылы жеткен?

А) Телефон, планшет, компьютер

В) Озық технологиялар арқылы

С) Тез есептегіш құралдар

Д) Ауызша,жазбаша, көркем әдебиет [1]
2. Шекспир кітапты неден жо,ары қояды?

А) тақтан

В) талдан

С) таудан

Д) тастан [1]
3.Ақпараттарды мәтін мазмұнына сәйкестендіріп, тірек сөздер арқылы жазыңыз.

р/с

Ақпараттар

р/с

Ақпараттар

Сәйкестендіру жауабы

А

Тақ

1

Мектептегі тақырыптарды алдын-ала қарастыруға болады




В

Компьютер

2

Кітап маған тақтан да қымбат.



С

Ғаламтор

3

Техника заманында білімді болмау мүмкін емес.




[1]

4. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз, 2 сөзден артық жазбаңыз.

__________ ________, мектепте болып жатқан тақырыптардың есептерін шығарып алуға болады. [1]
5. Берілген сұраққа жауап беріңіз.

«Оқу – инемен құдық қазғандай» деген мақалды қалай түсінесің?

__________________________________________________________________ [1]
ІІ. Оқылым

Энергетикалық дағдарыс

ХХ-ғасырды адамзат табиғи отынды 30 есе көп пайдаланды. Көп шикізат ысырап болды. Ал жаһандағы шикізат қоры мен энергетикалық ресурс шектеулі. Энергетика қымбаттап, жаһандық энергетикалық дағдарыс туды.

ХХІ ғасырда энергетиканы халықаралық нарықта өндіру, тасымалдау қажеттілігі артты.Отын энергетикалық ресурсына мұннай, газ, көмір, жанғыш тақтатастар, тезек, ағаш, су қоры жатады.Мұнай әлемде энергетиканың негізгі көзі болып отыр.Ал жаһандық экономика мұнайға тәуелді.

Шикізат өндіріп, тасымалдаудың экологиялық талаптары бар. Экологиялық талап бұзылса, қоршаған орта уланады. Бұл ахуал да энергетикалық дағдарысты тудырады.

Табиғи шикізат қоры аз қалды. Арзан пайдалы қазбалар болашақта бітеді. Сондықтан балама ресурстарды пайдалану жеделдеді. Атом электр станцияларында (АЭС) балама энергия көзі – электр энергиясы – өндіріледі. Қазір дүниежүзінің 40 елінде АЭС жұмыс істейді.Бұл АЭС-терде барлық электр энергиясының 17 пайызы өндіріледі. Электр энергиясының Францияда 77 пайызы, Литвада 74 пайызы, Бельгияда 57 пайызы, Украинада 47 пайызы, Жапонияда 34 пайызы АЭС-терде өндіріледі. Бұл көрсеткіш болашақта өседі.


Әлемде көптеген елдер энергетикалық дағдарыстан шығу үшін балама энергияны пайдаланады.АҚШ, Канада, Англия, Қытай, Жапон елдері балама энергияны пайдаланады.

Балама энергия – энергияны табиғи шикізаттан емес, қоршаған ортаны уламайтын, таза, табиғи жолмен өндіретін энергия. Балама энергия көздеріне: күн, жел, су, биоотын және геотермальды энергия жатады.

Біздің елімізде балама энергияны пайдалану кең тараған жоқ. Мамандардың сараптамасы бойынша, елімізде балама энергияны пайдалану 1 пайыз екен.
1. Сөйлемдердің «шын», «жалған» екенін белгілеңіз.

Тұжырымды сөйлемдер

Ш/Ж

Әлемде көптеген елдер энергетикалық дағдарыстан шығу үшін балама энергияны пайдаланады.




Табиғи шикізат қоры мен пайдалы қазбалар болашақта жеткілікті.





[1]

2.Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.

Мол ________________________________ [1]
3. Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.

Қымбат _____________________________________ [1]

4.Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз.(перифраза)

АҚШ, Канада, Англия, Қытай, Жапон елдері балама энергияны пайдаланады.

Балама __________________________________________________________ [1]

5. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.

Әлемде энергетиканың негізгі көзі не және ол жаһандық экономика неге тәуелді?

_______________________________________________________________________ [1]


ІІІ. Жазылым

Берілген 2 сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында бөлшектік және болжалдық сан есімдерді дұрыс қолдаңыз.


  1. «Қазақстанның жас ғалымдары» жайында мақала жазу.

  2. Сауда жасай білеміз бе? тақырыбына пікір жазу. [10]


ІҮ. Айтылым

Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-10 сөйлем). Диалог құруда тұрақты тіркестерді, көркемдеу құралдарын, еліктеу сөздерді орынды қолданып, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз.


  1. Білім саласындағы инновация туралы ойыңызды айтыңыз.

  2. Қазақстандағы сауданың оң мен теріс әсері туралы.

  3. Қазіргі бір күн электр энергиясы болмай қалса, не болады?

  4. Еліміздегі қай тауары экспорттауға болады? [10]


Тыңдалым мәтіні



Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен . Кітап таңдап талғап оқи білу, түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир.

Білім адам өміріне өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды. Ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жетпейді, оны жұмысқа алмайды. Жұмыс істемесе, ол ақша тауып, өзін-өзі қамтамасыз етпейді . Қазіргі заманда білімді болмау мүмкін емес, өйткені ғалымдар әртүрлі техникалық заттар, мысалы, телефон, планшет, компьютер ойлап тапты. Егер мұның бәрін сатып алып, оған ғаламтор қоссақ, мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып, есептерін шығарып тастауға болады. Әр адамның әртүрлі білімділік қасиеті бар, бірі математикадан шебер, ал бірі ойына бір оқығаннан-ақ есіне бәрін сақтап қалады. Адам көбірек оқыса, білімді болады, ал білімді болмаса, өмір сүру қиын болады. Мінекей, осыдан «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақал шыққан.Көп оқып, жетістікке жеткен адамға «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп те айтады.


І-нұсқа

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл

1

В

1

5

2

Д

1

3

Ғалымдар теникалық заттарды, мысалы: компьютерді ойлап тапты. Ғаламтор көмегімен есептерді шығаруға болады.

1

4

Математикадан шебер

1

5

Көп оқып, жетістікке білім арқылы жеткен адамға айтады

1

Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл

1

Америкалық зерттеушілер жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасап жатыр.

1

5

2

Көмектеседі

1

3

Қымбат

1

4

Қытай оқымыстылары жер бетінің адамдарына айтпастан бұрын Айды терең тексерген

1

5

Гелий-3 элементі АҚШ территориясын бір жыл уақыт энергиямен қамтамасыз ете алады.

1





ІІ-нұсқа

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл

1

Д

1


5

2

А

1

3

Ғалымдар теникалық заттарды, мысалы: компьютерді ойлап тапты.Ғаламтор көмегімен есептерді шығаруға болады.

1

4

Математикадан шебер

1

5

Адам көбірек оқыса, білімді болады, ал білімді болса, өмір сүру қиын болады.

1

Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл

1

Әлемде көптеген елдер энергетикалық дағдарыстан шығу үшін балама энергияны пайдаланады.

1



5

2

Көп

1

3

Арзан

1

4

Балама энергияны АҚШ, Канада, Англия, Қытай, Жапон мемлекеті қолданады.

1

5

Әлемде энергетиканың негізгі көзі мұнай және ол жаһандық экономика мұнайға тәуелді.

1


Жазылым

Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады.

Эссе құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қортынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы

Сабақтас құрмалассөйлемдерді дұрыс және сәйкестендіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады.

Жазба эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған, аргументерді қолдануы мен қортынды жасау қабілеті көрінеді.

Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады.

Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен,суреттеуі аз.

Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.

Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздің қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.

Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

2


Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады.

Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.

Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қорымен стильдік қолданысы жеткіліксіз.

Орфография мен негізгі грамматикалық форрмалар қате қолданған, мағынасы түсініксіз.

1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді.

Эссенің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.

Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате.

Көптеген қателіктер келтірген, түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ

Жауап жоқ