Файл: араткел негізгі мектебі кмм бірінші сынып оушыларыны мектепте оуа бейімділік дегейін анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Жануарлардың қайсысы үлкен – жылқы ма, ит пе?

Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай.
2. Таңертең ас ішесіз, ал күндіз ше?

Түскі ас ішеміз. Сорпа ішіп, ет жейміз = 0 ұпай. Кешкі тамақ ішеміз, ұйықтаймыз

және т.б. қате жауаптар = -3 ұпай.
3. Күндіз жарық, ал түнде ...

Қараңғы – 0 ұпай, қате жауап = -4 ұпай.
4. Аспан көк, шөп ...

Жасыл = 0 ұпай, қате жауап = -4 ұпай.
5. Шие, алмұрт, өрік, алма – бұл не?

Жемістер = 1 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
6. Темір жолдан өтер кезде неге шлагбаум түсіріліп, жол жабылады?

Поезд автомобильден соқтығысып қалмау үшін жол жабылады. Адамдардың

поезд астына түсіп қалмауы үшін (т.б.) = 0 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
7. Астана, Алматы, Павлодар, Семей бұл не?

Қала = 1 ұпай, станция = 0 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
8. Сағат қанша уақытты көрсетіп тұр (қағазда көрсетеміз: алтыдан он бес минут кетті, бес минутсыз сегіз, он бірден бес минут кетті, он бірден он бес минут кетті)?

Жақсы көрсетсе = 4 ұпай. Сағаттан он бес минутты, толық бір сағатты немесе он бес минут бір сағат дұрыс болса = 3 ұпай. Сағатты білмесе = 0 ұпай.
9. Кішкентай сиыр – ол бұзау, кішкентай ит – ол ..., кішкентай қой - ....?

Күшік, қозы = 4 ұпай, екеуінің біреуін ғана атаса = 0 ұпай, қате жауап = -1 ұпай.
10. Ит тауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсас па? Олар несімен ұқсас?

Мысыққа ұқсас (белгілерін айтпайды). Тауыққа ұқсас = -3 ұпай.
11. Неге барлық автомобильдерде тежегіш бар?

Екі себебі бар (таулы жерде, бұрылыстарда тежегіш қажет; соқтығысу қаупі туғанда; жай машинаны тоқтату үшін) = 1 ұпай. 1 себеп = 0 ұпай, қате жауап (мысалы, машина тежегішсіз-ақ жүре беруіне болады) = -1 ұпай.
12. Балта мен балғаның ұқсастығы неде?

Екі ортақ белгілері бар (олар ағаш пен темірден жасалған, сабы бар, олармен шегені қағуға болады, артқы жақтары тегіс болып келеді). 3 ұпай, бір ғана белгісін айтса = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
13. Тиін мен мысықтың ұқсастығы неде?

Олардың екі ұқсастығы бар (4 аяғы, құйрығы, жүні бар, екеуі де ағашқа өрмелей алады) = 3 ұпай, біреуін ғана айтса = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
14. Шеге мен бұранданың айырмасы неде? Екеуі де алдыңда жатса, қалай ажыратар едің?

Олардың бір-бірінен айырмасы көп: бұранда бұралады, шиырмалы.
15. Футбол, биіктікке секіру, теннис, жүзу – бұл не?

Спорт, дене шынықтыру = 3 ұпай. Ойын (жаттығу), гимнастика, жарыс = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
16. Қандай көлік түрлерін білесің?

Жерде жүретін көлік түрі, ұшақ және кеме = 4 ұпай. Жерде жүретін үш көлік түрі немесе толық тізімі, ұшақ пен кеме және олар қозғалыс құралы = 2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.

17. Қарт адам мен жас адамның айырмасы неде?

Үш белгісі бар (шаштың ағаруы немесе мүлде болмауы, әжімдер, жұмыс істей алмауы, көзі нашар көреді, дұрыс естімейді, жиі ауырады, жас адамға қарағанда өлімге жақын тұр) = 4 ұпай, бір немесе екі айырмасын айтса = 2 ұпай, қате жауап (оның қолында таяқ, темекі тартады) = 0 ұпай.
18. Адамдар неге спортпен шұғылданады?

Екі себебі бар (денсаулығы мықты, күшті болуы үшін, ширақ қозғалыс, толық болмас үшін, рекорд жасағысы келеді, т.б.) = 4 ұпай. Бір ғана себебін келтірсе =2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
19. Егер адам жұмыс істеуден қашқақтаса неге жаман деп есептелінеді?

Басқалары ол үшін жұмыс істеу керек (немесе басқаларға зиян келеді), өте аз жалақы алады, ештеңе сатып ала алмайды, жалқау =2 ұпай, қате жауап = 0 ұпай.
20. Конвертке неге марка жабыстырады?

Хатты тасымалдағаны үшін төлейміз = 5 ұпай. Басқа адамның төлейтін штрафы = 2 ұпай. Қате жауап = 0 ұпай.
Сауалнама біткеннен кейін жеке сұрақтар бойынша жиналған ұпайлар қосып саналады. Нәтижені 5 топқа бөліп қарастырамыз:

1 топ – қосу белгісімен 24 және одан да көп;

2 топ – қосу белгісімен 14-тен 23-ке дейін;

3 топ – 0-ден 13-ке дейін;

4 топ – минус 1-ден минус 10-ға дейін;

5 топ – минус 11-ден аз.

Бастапқы үш топ жіктелуі бойынша дұрыс деп есептелінеді. Қосу 24-тен 13-ке дейін ұпай жинаған балалар оқуға дайын деп саналады.
2.1. «Цифрлық кесте» әдістемесі

Зейіннің көлемін, оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығын анықтау (санай білуін тексеру үшін қолданылады). Балаға 1-ден 25-ке дейінгі еркін орналасқан сандар жиынтығынан тұратын кесте көрсетіңіз. Бала осы цифрларды білетіндігіне көз жеткізіңіз. Одан соң оған нұсқау беріңіз. Мүмкіндігінше 1-ден 25-ке дейінгі сандарды тауып, көрсетіп және дауыстап атап шығуға тырыс.

Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты және де қателер санын белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1,5-2 минут ішінде және қатесіз орындайды.
2.2. Ес: «Сөзді есіңде сақта»

Мақсаты: оқушының ұзақ және қысқа мерзімде естіп еске сақтауын анықтау

Нұсқау: Қазір мен сөздер айтамын, сен оларды есіңе сақтап, маған қайталап айтасың.

Нұсқаушы сөздерді асықпай айтады: ШАМ, АҒАШ, ҚУЫРШАҚ, КІТАП, АДАМ, ПАЛЬТО, СТАҚАН, ТЕЛЕФОН, ТЕЛЕДИДАР, КӨЛІК. 10 минуттан кейін есіне сақтаған сөздерді қайта айтуын сұралады.

Нәтиже қорытындысы: Екі жауапты қосып есептегенде

15-20 сөз – жоғары, 10-15 сөз – орташа, 10 сөз – төмен


2.3. «Көріп есте сақтау»

Мақсаты: оқушының ұзақ және қысқа мерзімде көріп еске сақтауын анықтау

Нұсқау: Қазір мен суреттер көрсетемін, сен оларды есіңе сақтап, маған не көргеніңді айтасың.

Нұсқаушы 1минут ішінде 10 сурет көрсетеді, 10 минуттан кейін есінде сақтаған суреттерді қайта айтуын сұралады.

Нәтиже қорытындысы: Екі жауапты қосып есептегенде

9-10сурет – жоғары, 6-8сурет – орташа, 5 сурет – төмен
2.4. Графикалық диктант Д.Б. Эльконин әдістемесі.

Мақсаты: үлкендердің тапсырмасын мұқият тыңдап, дәл орындауларын, берілген сызықты парақта дұрыс белгілеуін, өз бетімен үлкендердің тапсырмасы бойынша әрекет етуін тексеру.

Нұсқау: Әр балада 4 нүкте белгіленген торлы парақ. «Қазір біз сіздермен әр түрлі өрнектер саламыз. Оларды әдемі әрі ұқыпты салуға тырысамыз, ол үшін мені мұқият тыңдаңдар. Мен қай жаққа неше тор сызу керектігін айтамын, бір сызықты сызғаннан кейін келесі сызықты қай жаққа неше торға сызу керектігін айтамын. Сызықты сызғаннан кейін, келесі сызықты қалай сызу керектігін мен айтпайынша тыныш күтеміз. Ол сызық қай жерде аяқталса сол жертен басталуы тиіс.

1-өрнек: 1 тор төмен, 1тор оңға, 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1тор жоғары.

2-өрнек: 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор төмен, 1тор оңға, 1 тор төмен.

3-өрнек: 3 тор жоғары, 1тор оңға, 2 тор төмен, 1тор оңға,2 тор жоғары,

1тор оңға, 3 тор төмен, 1тор оңға, 2 тор жоғары, 1тор оңға, 2 тор төмен, 1тор оңға, 3 тор жоғары

4-өрнек: 3 оңға, 1жоғары, 1 солға, 2 жоғары, 3 оңға, 2 төмен, 1солға, 1 төмен, 3 оңға, 1 жоғары, 1 солға, 2 жоғары.


Нәтиже қорытындысы:

1 өрнек бағаланбайды. Диктан және өз беттерімен орындаулары бағаланады.

4ұпай - дәл орындауы(кір, қисық сызықтар ескерілмейді)

  1. ұпай – 1 сызықтағы қате, 2 ұпай - бірнеше қате,1 ұпай – тек кейбір ұқсастық




    1. «Не артық?» әдістемесі

Мақсаты: Балалардың ойлауын дамыту

Нұсқау: «Әр қатарда қай зат артық? Әртүрлі нұсқаны ата және таңдауыңды түсіндір.





    1. «Не жетпейді?» әдістемесі


Мақсаты: Баланың қабылдау ерекшелігін анықтау

Нұсқау: Мына суреттерде не жетіспейтінін тап.


Қорытынды: «Еліміздің болашағы- білімді ұрпақ қолында» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі заман мұғалімдерінің талабы оқушыларды жан- жақты дамыту болып келеді. «Қараөткел негізгі мектебі» КММ – де 2022- 2023 оқу жылында 1 сыныпқа 3 оқушы келді. Екі ұл бір қыз.
Қыркүйек айында оқушылардың мектепте оқуға бейімділік деңгейін анықтадым. Психологиялық диагностика бойынша адамның суретін салу (Керн-Йерасек тесті) өткіздім. Үшеуде суреттің бөлшектерін толық салған. Балалардың психикалық даму деңгейі жоғары деп есептеледі. Екінші тапсырма бойынша екі бала қатесіз нүктелерді салды. Үшінші тапсырма бойынша үшеуде сөйлемді дұрыс көшіріп жазды. Сұрақтарға барлық дұрыс жауап берді.

Таңдалған әдістемелер, сынып жетекшісімен әңгімелесіп, бірінші сынып оқушыларының әртүрлі қызмет салаларында бақылау әдісі негізінде мен баланың мектепте бейімделу деңгейін анықтай алдым. Практика барысында теориялық білімді жүзеге асыра отырып, мен бірінші сынып оқушыларының мектепке сәтті бейімделуінің педагогикалық шарттарын анықтадым.