Файл: Маманды лемі курсы бойынша Жмыс дптері (89шы сынып оушыларына арналан).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 81
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қорытындыларды өңдеу:
Жауап парағындағы әрбір бағана бойынша жеке -жеке белгіленген жауаптар саны есептеліп шығарылады. Алынған сандық мағына Дж. Голланд жіктеуі бойынша мінез-құлықты білдіреді:
І бағана – реалистік тип,
ІІ бағана – интеллектуалдық тип;
ІІІ бағана - әлеуметтік тип,
ІV бағана - конвенциялық тип,
V бағана – тапқыр тип
VІ бағана – артистік тип
Дж. Голланд әдісі бойынша белгіленген жауаптар саны көп баған айқындалып сол арқылы алынған деректерге талдау жасалады.
-
Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары, заманына қарай бейімделе біледі. Нақты объектіні ұнатып, сонымен шұғылданғанды дұрыс көреді. Ептілікті талап ететін, үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн есептейді. Міндеті: нақты бір кәсіпті: механик, жүргізуші, инженер, агроном, т.б. мамандықтарды ұнатады. Ауызша сөзді көп талап етпейтін, моторлық қабілеті мол, сызбалар оқу сияқты жұмыстар жанына жағады. Физика, экономика, химия, спорт сияқты салаларда табысқа жетуіне мүмкіндігі мол.
-
Интеллектуалдық тип. Талдамалық ақыл-ойы бар, байымдауы, тәуелсіз пікірі соны, өзіндік ерекшелігімен сипатталады, теориялық, эстетикалық құндылығы көбірек. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттерді шешуге бейім. Ғылыми түрғыдағы мамандықты таңдайды. Интеллектуалдық құрылымы үйлесімді: ауызша, жазбаша қабілеті бірдей дамыған. Белсенді, ал қызметте қарым-қатынасқа көп жоқ. Әңгімеде ақпарат тасымалдаушы деуге де болады. Қызметтің мына түрлерін ұнатады: математика, геология, география, шығармашылық кәсіптер.
-
Әлеуметтік тип. Айрықша әлеуметтік ептілігі бар /қарым-қатынасты жақсы көреді, басшылыққа ұмтылу, әлеуметтік байланыстарға бейім./ Айналасындағыларға тәуелсіз жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал. Ауызша сөз, тіле бай, қабілетті. Жанындағыларға ақыл айтқыш, жаны ашып, аяушылық білдіріп тұрады. Ұнататын қызмет салалары: психология, медицина, педагогика.
-
Конвенциялық тип. Құрылымдық қызметке бейім, нұсқау бойынша істейді, қатаң белгіленген нұсқаумен жұмыс атқаруды ұнатады, нақты сандық ақпаратты өңдеп, ұқсатуға әуес. Проблемаға көз-қарасы стереотиптік /қайталама, еліктеуші/. Мінез ерекшелігі: керітартпа, бағыныштылық, тәуелділік, салт-сананы сақтағыш. Ұйымдастырушылық, басшылық қабілеті аз. Ауыз сөзге жоқ, есеп-қисапқа жақын. Ұнантатын мамандықтары: бухгалтер, финансист, тауартанушы, экономист, іс жүргізуші, машинистка, кеңсе қызметкері, т.б.
-
Тапқыр тип. Белсенділік, қызбалықты, құлшынысты, ынта-жігерді талап ететін міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері: басшылық етуді, нұсқау беруді, тапқырлықты ұнатады, қадірлегенді, күш көрсеткенді жақсы көреді. Ауызбен орақ орады, еңбек қиындығын, моторлық дағдыны ұнатпайды. Мұндай мінез ерекшеліктері дипломат, репортер, менеджер, директор, делдалға лайықты. т.б.
-
Артистік тип. Адаммен қарым-қатынаста өз қиял-сезіміне сенеді, сүйенеді. Өмірге сезімталдықпен қарайды. Мінез ерекшелігі: шешім қабылдауда тәуелсіз, икемді, ақыл-ойы соны, өзіншелігі мол. Қалыпты ереже, дәстүрмен жүрмейді. Шығармашылық кәсіпті ұнатады, музыка, сурет салу, гуманитерлық саладағы қызметке бейім. Қабылдау, ұғыну, түсіну қабілеті мол. Бұлар тарих, филология, өнер жағын ұнатады.
Мінез-құлқыңның типін анықтасаң, жоғарыдағы кестеге жаз.
І V тапсырма. «Менің таңдаған кәсібім»
Менің таңдаған кәсібім деген тұжырым мамандық таңдауға немесе бір таңдауға тоқтауға көмектеседі.
Ол үшін мына сұрақтарға жауап бер.
1. Өз таңдауың бойынша мамандықтарды жазып шық. 1-тапсырмадағы жауабыңмен сәйкес келді ме?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Бұл мамандыққа қазіргі заманда сұраныс бар ма, соны сұрастыр. Сенің таңдаған мамандығыңның мазмұны қандай?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Адам өзінің таңдаған мамандығында жақсы жетістіктерге жету үшін, қызметке байланысты қандай қасиеттері болуы керек деп ойлайсың?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Таңдаған мамандығыңа түсу үшін, сенің жолыңда қандай кедергілер болуы мүмкін?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Таңдаған мамандығыңды жоғарыдағы кестеге жаз.