Файл: Семей Медициналы колледжі мекемесі Орта білімнен кейінгі, техникалы жне ксіптік білім беру йымдарына арналан педагогіні саба жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Фантом ауырсынуы- тыртықтану немесе нервтің кесілген ұшында неврома пайда болуына байланысты ауырсынудың қолдың немесе аяқтың кесіліп алынып тастаған бөлігіне таралғандй сезілуі.
Синестезиалгия- дененің зақымданбаған тұстарын инемен шұқылағанда жарақаттанған қолдың немесе аяқтың ауырсынуы.
Ауырсынуды анықтайтын нүктелер мен аймақтар
Үшкіл нерв тармақтарының бетке шығатын нүктелері
Валле нүктелері немесе тұстары
Көз шарасы үстіндегі нүктелер;
Көз шарасы астындағы нүкте;
Иек астындағы нүкте
Мойын , кеуде және сегізкөз омыртқаларының қалқанды тамырлары түсы;
Омыртқаның екі жақ қапталындағы нүктелер(омыртқалар ортасынан 1,5 2см мойын тұсында 2-3 cм кеудемен бел тұсында)бел-сегізкөз аумағында омыртқаның екі жақ қапталындағы нүктелер Гар нүктелері деп аталады.
Желке нервтерінің нүктелері: төс-бұғана, емізік бұлшықетінің еміздік тәрізді өсінді тұсы (үлкен желкенерв нүктесі);еміздік тәрізді өсінді мен екінші мойын омыртқаның қылқанды өсіндісінің ара орталығы (кіші қарақұс желке нерві нүктесі)
Эрба нүктесі (бұғана үстіндегі нүкт)-бұғанадан екі үш см жоғары төс-бұғана еміздік бұлшықетінің артқы тұсы.
Бөксе ортасындағы нүкте-үлкен ұршықпен шонданай бұдырмағының ара орталығы
Сан ортасындағы нүкте
Валле нүктелері: бөксе бүктесіні, тақым шұқырлары; балтыр бұлшық етінің орта тұсымен сыртқы толарсақтың артқы шеті
Бехтерев нүктесі табан бұлшықеті ортасы, табаның ортасында орналасқан.
Ауырсынуды созу әдісімен анықтау
Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шонданай нерві бойымен сыздап аурады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды. Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсынуын білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды.Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта қалпына келеді, ауырсыну сезілмейді.
Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер қолмен иіп қозғаса белсегізкөз тұсы сырқырап аурады.
Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе қарама қарсы аяқта және бел сегізкөз аймағында ауырсыну білінеді.
Штрюмпель-Майкевич симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте саның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.
Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан науқастың аяғын мүмкіндігінше жазып юайқағанда санның алдыңғы жағынан ауырсыну білінеді.
Сикар симптомы. Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві бойы ауырсыну білінеді.
Бонн симптомы. Аяқтың жамбас-сан және тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну болады.
Турын симптомы. Аяқтың ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшықетінің ауырсынуы.
Брагард симптомы. Жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буынында созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Ласег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.
Френц симптомы. Еңкейген басты қарама –қарсы жағына бұрса, мойында иықтың үстінгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі.
Захарьин-Гед шағылысқан ауырсыну аймағы
Ішкі ағзалар ауруларына байланысты ауру синдромын дәлірек сипаттау үшін терідегі Захарьин-Гед ауырсыну аймақ тарын анықтау қажет. Захарьин-Гед аймағында сырқат шағылысқан ауырсынуды сезінеді, ал дәрігер оны баса сипау арқылы тексерген келе гиперестезия және ауыратын тұстарын табады.Ішкі ағзалардың жұлын сегменттері мен тері аймақтарына тікелей қатысы бар.
Жүрекке-жұлынның III-IV мойын және I-VI кеуде,ұлтабарға- III-IV мойын және VI-IX кеуде, ішекке-IX-XII кеуде, бауыр мен етке- VII-X кеуде, бүйрек пен зәр ағарға XI кеуде және IV сегізкөз, қуыққа-XI кеуде және IV сегізкөз, жатырға –X кеуде мен II бел және I-IV сегізкөз сегменттері сәйкес келеді.
4.4. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут).
1.Ауырсынудың түрлері ауырсыну сипатына қарай?
Ауырсыну сапасына қарай әртүрлі: шаншу, сыздау,сырқырау, ашыту,солқылдау.
-
Ауырсынудың түрлері қарқыны бойынша?
Қарқыны бойынша: қатты, орташа шамалы, әлжуаз
3.Каузалгия дегеніміз не?
Каузалгия- кауза-күйдіру, альгос-ауырсыну, ауырсынудың теріні күйдіргендей болып сезілуі.Бірақ терінің қай тұсының аурып тұрғаны онша мәлімді емес.Каузальгияны дәрі-дәрмектер арқылы емдеумен қайтару өте қиын. Оған дымқыл шүберек басу арқылы ғана тойтарыс беруге болады.Сондықтан каузальгияны анықтаудың белгісі ол дымқыл шүберек симптомы.Оның пайда болуы миеленсізденген жұқа нерв талшықтарының тітіркенуіне байланысты.Сол себепті каузалгия көбіне ортаңғы немесе жіліншік нервтері жарақаттанғанда кездеседі.
4.Ноцирецепторлардың түрлерін атаңыз?
Ноцицепторлардың екі түрі бар -механоцицепторлар және хемоноцицепторлар. Біріншісі механикалық әсерлерге қозады, нәтижесінде натрии иондарына клетка мембранасының өткізгіштігі артады, ал бұл өз кезегінде афферентті талшықта ӘП-ын туғызатын деполяризацияға әкеледі/ рецепторлық потенциал/. Хемоноцицепторлар химиялық заттарға жауап береді, атап айтқанда , сутегі иондарының, калии иондарының артық мөлшеріне, сондай-ақ брадикинин, гистамин, соматостанин сияқты заттардың әсеріне жауап береді.
5. Штрюмпель-Майкевич симптомы бұл?
Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте саның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.
4.5. Баға қою (5 минут)
5.Сабақ бойынша рефлексия (2 минут)
6. Үй тапсырмасы (3 минут)
А) Дәрісті оқу, мазмұндау.