Файл: Тексерілді дожжо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1000

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 11

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.

Сабақтың тақырыбы

Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту

Оқу мақсаттары

8.1.1.1. Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімді-лікті дамыту

Бағалау критерийі

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды.

Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Секіру түрлерін меңгерді.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен, бос кеңістік. Теннис доптары, 6-8 волейбол доптары. Балаларға арналған қозғалмалы ойындар интернет ресурсына сілтеме:

http://allforchildren.ru/games/active3-1.php

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Ж, ЖЖ, ҚБ) Сыныпты жұптарға, кіші топтарға бөлу.

1. Кіші допты, сол аяқ алда бастапқы қалпынан

нысанаға лақтыру. 10 қайталау.

2. 6м қашықтықтан, кіші допты қалқаншаға лақтыру(доптың кері қайту қашықтығына). 10-20 қайталау.

3. Кіші допты белгіленген аймаққа лақтыру, волейбол алаңында бормен немемсе шеңбермен бірнеше аймақтар

белгілеу. Жұптарда жұмыс жасау, алаңның бір жағында бір оқушы, басқа жағында екінші оқушы. 10-20 қайталау және дәл тиген санын есептеу.

4. Әр адымға тоқтап, 4-5 лақтыру адымдарының қимылын жүріп орындау.

5. Берілген қашықтыққа, төрт лақтыру адымдарынан «қолды артқа созып, иықтан лақтыруды» орындау.

Допты лақтыру тапсырмасын орындау үшін, лақтыру аймақтарын белгілеңіз және қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалаңыз. Белгіленген аймаққа допты лақтыруды ойын ретінде өткізуге болады. Ол үшін сыныпты бірнеше топқа бөліп, дәл тиген санын есептеп, жеңімпазды анықтайсыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың лақтыру техникаларын дұрыстауға болады. Лақтыру кезінде бейне таспаға түсіріп, оқушылардың өздері орындаған техникаларын көрсетіп, қателерін дұрыстауға болады.

(Б, К, ҚБ) Сыныпты бірнеше топқа бөліп, бір-бірінен жеткілікті қашықтықта, ойын алаңының әр бөліктеріне орналастырыңыз. Әр топтағы қатысушылар шеңбер бойына тұрып, ортасына жүргізуші волейбол добын қолына ұстап шығады. Мұғалімнің белгісі бойынша жүргізуші(әр топта әртүрлі) волейбол добын жоғары лақтырады, ал қалған ойыншылар кезегінің ретімен теннис добын ұшқан нысанаға тигізуге тырысады. Әр тигізгені үшін, ойыншыға бір ұпай беріледі. 8-10 мүмкіндігінің ішінде, ең көп ұпай жинағаны жеңіске жетеді.

Ойыншылар сызықтың бойына тұрады. Әрбіреуінің қолында теннис добынан. Жүргізуші волейбол добын ұстап, жоғары лақтырады. Ойын мұғалімнің белгісі бойынша басталады. Сызықтың ішінен тигізген есептелмейді. Ойынның нұсқасы: Өткізілген ойыннан кейін ең мерген және ең жақсы лақтырушыға қайтадан өткізуге болады. Ол үшін бірінші кезеңнің жеңімпаздарын бір шеңберге жинап, ұтылғандарды басқа шеңберлерге жинап, осы тапсырманы қайтадан өткізу керек.

Сұраңыз: Лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 12

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.

Сабақтың тақырыбы

Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Баскетбол ойыны: Допты әріптесіне беру әдістерін үйрету. Допты әріптесіне екі қолмен кеуде тұстан беру әдістерін үйрету.

ӨҚН. Әсері мықты улы заттардың қалдықтарынан туындайтын апаттар.

Оқу мақсаттары

8.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру.

Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану

Бағалау критерийі

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды.

Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Лақтыру түрлерін меңгерді.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, уақыт өлшеуіш, бор, конустар. «Игры для метателей» интернет ресурсына сілтеме: http://avangardsport.at.ua/blog/igry_v_zanjatijakh_s_metateljami/2012-06-19-107#.V2zXaPmLTDc

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш, 150гр лақтыруға арналған доптар.

«Подвижные игры и эстафеты с элементами лёгкой атлетики» интернет ресурсына сілтеме :http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Ж, Т, ҚБ) Сыныпты екі командаға бөлу. Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай беріледі.

Шеңбердің ішінде, доптарды алдын-ала белгілеп(бояп немесе команданың номерін жазып), бір уақытта лақтыруға болады.

Сұраңыз: Лақтыру кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді? Ұсынылған ойындағы орындалған жұмысты талдаңыз.

(Ж, Т, К) Сыныпты бірнеше командаларға бөліп, келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып, белгіленген аймақтарға лақтыруды орындайды:

1-ші аймақ лақтыру сызығынан 20м, 2-ші-25м, 3-ші-30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін, оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі. Барлық ойыншылары жинаған ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаз команда анықталады.

Сабақта қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалаңыз. Мұғалімнің ауызша белгісі бойынша ғана лақтыруды орындау және ұпайлар санын жазу қажет. Лақтыруды алдын-ала келіскен әдіспен орындауды және лақтыруды орындау техникасын қадағалаңыз.

Нұсқасы: Бірнеше шеңберлермен белгіленген (3-2-1), қалқанша-нысанаға лақтыру. Нысанаға дейінгі арақашықтық 8-10 м, биіктігі 2,5-3м.

Тең екі топқа бөлініп, боулинг ойынының ережесін талқылап, екі топ арасында ойнаңыз. Бірінші топтың ойыншылары жинаулы тұрған кеглилерді белгіленген сызықтан нығыздалған доппен жерлете лақтырып, кеглилерді құлату қажет. Егерде кеглилерді құлатса, сол команда мүшелері қайта жинап, тұрғызуы керек. Ал, қарсы топтың мүшелері қайта тұрғызып, жинауға кедергі жасайды. Жеңіл доппен ойыншыларды ұрып, ойыннан шығарады. Ойын осылай жалғасады.

Дескриптор

- боулинг ойынының баламасын түсініп ойнайды;

- мақсатқа жету үшін командыда да белсенділік танытады.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Баскетбол ойыны:

Допты әріптесіне беру әдістерін үйрету;

Допты әріптесіне екі қолмен кеуде тұстан беру әдістерін үйрету;