Файл: замерзімді жоспар блімі 1блім Жанды табиат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 574

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Оқушылардың көпшілігі:

  • музыка мен табиғаттың байланысын біледі;

  • аспаптар дыбысталуын тыңдап, табиғат дауыстарымен салыстырады;

  • «Отан-Ана» (Өлеңін жазған: Т. Молдағалиев. Əнін жазған: Қ. Шілдебаев) əнін тыңдайды;

  • «Табиғатым» (Өлеңін жазған: А. Асылбек. Əнін жазған: Ə. Бүшікова) əнін үйренеді, орындайды;

  • штрихтар (легато, нонлегато, стаккато) туралы түсінік алады;

  • табиғат бейнесіне арналған əуенді мүмкіндігінше құрастырады;

  • өз жұмысын таныстырады;

  • өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.

Кейбір оқушылар:

  • музыка мен табиғаттың байланысын біледі жəне түсінік береді;

  • аспаптардың дыбысталуын тыңдап, табиғат дауыстарымен салыстыра біледі жəне түсінік береді;

  • «Отан-Ана» (Өлеңін жазған: Т. Молдағалиев. Əнін жазған: Қ. Шілдебаев) əнін тыңдайды;

  • «Табиғатым» (Өлеңін жазған: А. Асылбек. Əнін жазған: Ə. Бүшікова) əнін үйренеді, орындайды;

  • штрихтар (легато, нонлегато, стаккато) туралы түсінік алады;

  • табиғат бейнесіне арналған əуен құрастырады;

  • өз жұмысын таныстырады жəне түсінік береді;

  • өзінің жұмысын бағалайды, өзгенің жұмысын бағалайды жəне бағдар береді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар мына мақсатқа жетті:

  • музыка мен табиғаттың байланысын біледі;

  • аспаптар дыбысталуын тыңдап, табиғат дауыстарымен салыстырады;

  • «Отан-Ана» (Өлеңін жазған: Т. Молдағалиев. Əнін жазған: Қ. Шілдебаев) əнін тыңдайды;

  • «Табиғатым» (Өлеңін жазған: А. Асылбек. Əнін жазған: Ə. Бүшікова) əнін үйренеді, орындайды;

  • штрихтар (легато, нонлегато, стаккато) туралы түсінік алады;

  • табиғат бейнесіне арналған əуенді мүмкіндігінше құрастырады;

  • өз жұмысын таныстырады;

  • өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тыңдалған шығарманы талдау жəне мінездеме беру;

  • музыкалық шығарманың мазмұнын ашу жəне көңіл күйін көрсету.

Құндылықтарды

дарыту

Халық əуені мен классикалық əуендерді тыңдауға дағдыландыру,

мəдени тұлғаларды тəрбиелеу

Пəнаралық

байланыстар

Дүниетану

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК,Ұ) 1-тапсырма. Тыңдау жəне талдау.
М: Сабақтың басында оқулықта берілген мына мəтінді бір оқушыға оқытып, қалған оқушылардан


Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия








қысқаша түрде түсінік алады. «Қазіргі кезеңде біздің Қазақстанда экология жəне табиғатты қорғау тақырыбы – көкейкесті мəселелердің бірі. Ол телерадиода, ғаламтор желісінде, халықтың ортасында жан-жақты талданып жатыр.

Сені де бұл мəселе толғандыруы тиіс. Себебі сен туған жеріңнің табиғатын қорғауға осы жастан бастап дайын болуың керек. Осы тақырыпқа байланысты сыныппен бірге бейнетаспаны тамашала».




Сабақтың ортасы

(МК,Ұ) 1-тапсырма. Тыңдау жəне талдау (жалғасы). М. Оқушыларға «Қазақстан экологиясы» бейнетаспаның авторы Махмұтова Гүлзат, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы №3 орта мектебінің түлегі туралы түсінік береді жəне көрсетеді. Олар мына сұрақтарға жауап беріп, талдауға қатысады.


Фонохрестоматия Қазақстан экологиясы: https://www.youtub e.com/watch?v=M1 P-9HPsffU




Сұрақтар:

  • Бейнетаспада автор қандай мəселені көтерген?

  • Қандай көріністер сені қатты ойландырды, толғандырды?

  • Сен туған жерді көркейту үшін қандай жұмыстар жасар едің? Пікіріңді айт.

  • Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті музыка арқылы көрсетуге бола ма?







М. Сабақ тақырыбының негізгі ойын жалғастыру үшін «Отан-Ана» əнінің үзіндісін тыңдатады жəне төменде берілген сұрақтар бойынша жауаптарын

«Туған жерімізді аялайық» деген түсінікке оқушыларды жетелейді.

Тыңдау. Отан-Ана (Өлеңін жазған:

Т. Молдағалиев. Əнін жазған: Қ. Шілдебаев).


  1. Жерім құлпырды, барын берем деп, Елім жасап-ау жатыр ерен еңбек. Ырысымыз тасып жатыр,

Алға бастық жеделдеп.

Қайырмасы:

Жайнап өмір жұлдыз көгінде, Тұр ғой жарқырап.

Көңіл көзді көп арбайды, Қиялымды түгел тартып ап.

  1. Отан-Анадан қуат аламыз, Алға жеңіспен біз барамыз. Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ, Жайнайды кең даламыз.

Қайырмасы.


Отан-Ана (Өлеңін жазған:

Т. Молдағалиев, Əнін жазған:

Қ. Шілдебаев) Орынд.:

Б. Шүкенов https://www.youtub e.com/watch?v=ryW H0wLDr8w




Сұрақтар:

  • Неге авторлар əнді «Отан-Ана» деп атаған?

  • Əнде табиғаттың қандай көріністері бейнеленеді?











– Əуені қандай екпінде жəне қандай сезіммен орындалады?

Берілген сөздерден дұрысын тауып, түсініктерін айту: толғандырып, сүйіспеншілікпен, асықпай, жылдам, сырластықпен.
М. Ұзақмерзімді жоспарда «Жанды табиғат» тақы-рыбы бойынша берілген оқу мақсаттардың бірі «... музыкалық штрихтарды қолдану...». Сондықтан алдыңғы сабақтардың басынан бастап жəне осы сабақта

«музыкалық көркемдеуіш құралдар» деген түсінікті оқушылардың есіне түсіріп, «штрих» деген түсінікпен жəне штрихтардың «легато», «нонлегато», «стаккато» сияқты негізгі түрлерімен таныстыру қажет.
(МК,Т) 2-тапсырма. Зерттеу. Талдау.
М. Сыныппен бірге «Отан-Ана» əнінің екінші шумағын əуенімен қосып, сезіммен мəнерлеп орындауды талап етеді. Мына сұрақ бойынша

«штрихтар» түсінігіне көшеді.

  • Композитор əнде қандай музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолданды? 2-сыныпта өткен көркемдеуіш құралдарды еске түсіру.


М. «Музыкалық көркемдеуіш құралдар қатарына штрихтар (нем.strich – cызықша) жататындығын түсіндіреді. Өз сөзінде төмендегі мəліметтерді беріп, жазылу жəне орындалу үлгілерімен таныстырады.
Штрих дегеніміз – дыбысты əртүрлі шығару тəсілі. Бір дыбыс немесе бірнеше дыбыс қатары əртүрлі тəсілмен шығарылады. Дыбысты «үзбей жалғастырып», «əр дыбысты бөлек», «əр дыбысты үзіп-үзіп» шығаруға болады. Бұл əртүрлі дыбыс шығару тəсілдері штрих деп аталады.

  • Легато (итал. legato «байланыс») – дыбыстар үзбей жалғасып, байланысқан түрде орындалады, нота жазылымында лигамен белгіленеді. – 1-үлгі.

  • Нонлегато (итал. nonlegato «бөлек») – əр дыбыс бөлек орындалады, нота жазылымында белгісі жоқ – 2-үлгі.

  • Стаккато (итал. staccato «үзіп») – дыбыстар үзіліп, қысқаша түрде орындалады, нота жазылымында нотаның үстінде, не астында нүкте қойылады.

3-үлгі.

Жазылу түрлерінің үлгісі:

1.











2.





3.


«Табиғатым» (Өлеңін жазған: А. Асылбек. Əнін жазған:

Ə. Бүшікова)






  • Үлгіге қарап, сыныппен бірге штрихтарды орында.

  • Тақырып бойынша тыңдаған жəне үйренген əндер, мысалы: «Сыбызғы, сазсырнай», «Көңілді саяхат»,

«Япур-ай», «Отан-Ана» əндері қандай шрихтармен орындалады?

М. Оқушылармен бірге тапсырмамен жұмыс жасау барысында түсініктерді айқындайды жəне үш тілде айтып беруді сұрайды.





М. Сабақ тақырыбына байланысты оқушыларға

«Табиғатым» жаңа əнінің 1-шумағы мен қайырмасын (уақыт қалатын болса, 2-шумағын) «əн үйрену» ереже бойынша үйретеді.




(МК,Ұ) 3-тапсырма. Əнді орындау.




Орындау. Табиғатым (Өлеңін жазған: А. Асылбек Əнін жазған: Ə. Бүшікова).

  1. Алтын ұя – табиғатым, бесігім, Сенде алғаш аштым өмір есігін. Шырағымсың, жыр-əнімсің.

Қайырмасы.

О, адамдар, табиғатты қорғаңдар: Өзен, көлдер, асқар таулар, ормандар, Туған жерім, думан елім.

  1. Байтақ далам – тіршілігім, тынысым, Шалқар байлық, сарқылмайтын ырысым, Алтын таңым, жарқын əнім.

Қайырмасы.

  1. Жарқын жазым – табиғатым, жайлауым, Гүл бағында сандуғаштай сайрауым,

Əн тынбасын, ел тыңдасын.

Қайырмасы.


Фонохрестоматия. Табиғатты аялайық: https://www.youtub e.com/watch?v=FM wi7amhUqA

М. Əнмен жұмыс жасау барысында оқушылардан мына сұрақтар бойынша жауаптарды беруді талап етеді:






штрих

штрих

touch









  • Əннің мазмұнына көңіл бөліңдер. Онда қандай мəселе айтылған?

  • Бұл мəселені шешуге сендер дайынсыңдар ма?


(МК,Т) 4-тапсырма. Шығармашылық.
М. Соңғы тапсырмада оқушыларды топқа бөліп,

«Табиғатты бірге аялайық!» деген үндеу сөзге əуен шығаруды жəне шағын жоспар құруды ұйғарады.

Ойынның шарты. Оқушылар «Табиғатты аялайық» тақырыбына бейнетаспа көреді. Əр топ «Табиғатты бірге аялайық!» деген үндеу сөзге əуен шығарады. Табиғат қорғауына байланысты шағын жоспар құрып, таныстырылым жасайды жəне қорғайды. Жоспармен таныстыру барысында сабақтарда өткен үндеу мен əндерді неғұрлым көбірек пайдаланса, сол топ жеңіске жетеді.




Сабақтың соңы

М. Сабақ аяғында оқушыларды өз-өздерін бағалауға шақырады.

(Ө) Орындау. Бағалау. Рефлексия:

  • Мен не білдім?

  • Бүгін мен не үйрендім?

  • Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

  • Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?




Саралау –

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушыларға көмек ретінде тыңдалған музыкаға сүйемелдеу жасау барысында ырғақ үлгілерін ұсына алады.

Қабілеті жоғары оқушылар əн үйрену барысында мұғалім көмегіне жүгінбей, мəнерлеп орындай алады.

Бақылау;

Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;

Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары
Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.