ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 591
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Қолыңнан келсе, сен егер, Қиналғанға көмек бер. Жақсылық жасай білсеңіз, Жаманға көмек берсеңіз. Жасаған əрбір жақсы ісің Алдыңнан шығар, білсеңіз. Əсіресе өлең жолдарының соңғы мағыналық маз- мұнына зер салу қажет. Сол себепті оқулықтағы қорытынды түйін оқушы- ларға өздері туралы да бір сəт ойлануына түрткі болады: «Жақсылық жасаған адамға, əдетте «Рақмет», «Жарайсың», «Бақытты бол», «Қатарыңның алды бол» деген алғыс сөздер айтылып жатады. Ойлан! Өзіңе қаншалықты бұл сөздер жиі айтылады?» | |
Сабақтың ортасы | 2-тапсырма. Орындау. (М,Т) Жалпы сабақ қорытындылаушы сабақ болған- дықтан, мұнда тапсырма өткен материалдарды қайталауға құрылған. Топтық өнер сайысына қатыс, өткен сабақтағы əн, терме, айтысты қайтала. Шарты: 1-топ. «Елім-ай» əнінің тарихын айтып, əнді топпен бірге көркемдеп орындайды. 2-топ. «Жақсы мен жаман» термесінен жақсы адамды сипаттайды. Термені бір ғана орындаушы орындайды, 2, 4, 6, 8-тармақтардағы соңғы сөзді барлығы топпен қосылып орындайды. 3-топ. «Жүгіріп шықтым белеске» қазақтың халық əнінің қайырмасын ұрмалы аспаптарды қосып орындайды. Оқулықта ырғақ үлгілері де ұсынылған. (ОТ) Əр топқа берілген тапсырма орындалатын шығарма түрінің шағын түрленімін қажет етеді. Оны оқушылар өздері бірге талқылап көрсетуі керек. Топтарға дайындық уақыты беріледі | «Музыка» оқулығы, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия |
Сабақтың соңы | 3-тапсырма. Суырыпсалма. (МК,Ұ) Мұндағы қайталау жұмыстары айтыс тақырыбымен байланысты. Оқушыларға өз мектебі, сыныптастары жөнінде қайым айтыс құрастырып, өзіне ұнаған əуенге салу тапсырылады. Қайым айтысқа түсініктеме де қарастырылған. «Қайым айтыс – қысқа айтыс түрі, өлеңнің 1, 2- жолдары қайталанып, негізгі ой өлеңнің 3–4- жолдарына беріледі». Берілген үлгі де өзіне таныс. Үлгі: Өзіңаяқта: Біздің мектеп жаңаша, Біздің мектеп жаңаша, Асығамыз барғанша. Асығамыз барғанша. Қамқор болған ұл-қызға ................................... Ұстаздарым тамаша. .................................. | |
| Таныстырылым жəне бағалау. (МК, ОТ) Мұғалім бағалау критерийін ұсынуына болады. | | ||
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге болады. | Бақылау; Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша; Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды. | Денсаулық сақтау технологиялары Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
№10 сабақ жоспары
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі 3-бөлім: Уақыт | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Музыка жəне уақыт | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу | 3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру; |
мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 – көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау; 3.1.3.2 – музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ- қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді; 3.1.3.6 – нотамен қарапайым əуендер орындау. |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар:
Оқушылардың көпшілігі:
Кейбір оқушылар:
|
Бағалау критерийлері | Оқушылар мына мақсатқа жетті:
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
|
Құндылықтарды дарыту | Кəсіби музыканы тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу |
Пəнаралық байланыстар | Тарих. Əдебиет. Математика |
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу |
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1-тапсырма. Ақпарат іздеу. (МК, Ұ) Бөлім музыка мен уақыт тақырыбын қамтығандықтан, олардың өзара байланысы мен музыкалық шығармалардағы көрінісін ашуға бағыт- талған. Сабақта жалпы уақыт, оның өлшемдері туралы əңгіме қозғалады. Оқушылар оқулықтағы берілген суреттерге қарап, уақыт өлшемдерін атайды.
(Секунд, минут, сағат, тəулік, апта, ай, жыл). Қысқаша уақыт тақырыбына шолу жасалғаннан кейін негізгі тақырып музыка мен уақыт арасындағы байланысы қарастырылады.
| «Музыка» оқулығы |
Сабақтың ортасы | 2-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау. (ОТ) Музыка арқылы уақытты көрсетудің мысалы ретінде Г.Свиридовтың «Время, вперед!» («Уақыт, алға!») атты оркестрге арналған сюитасы ұсынылады. Георгий Васильевич Свиридов (1915–1998) – Ресей композиторы, пианист. Түрлі жанрда музыка жазған. Əлемге танымал шығармалары: ақын А.С. Пушкиннің «Метель» атты повесіне жазылған музыкалық суреттемелер мен «Уақыт, алға!» оркестрлік сюитасы. Мұғалімнің көрсетуінсіз оқушы өз тəжірибесіне сүйене отырып, музыкада бейнеленген уақыттың қаншалықты тоқтаусыз жылжып жатқанын сезінеді. Өз ойларын білдіруде төмендегідей сұрақтар қарастырылған:
(МК, ОТ) Музыкалық шығарма нақты уақыт қозғалысын бейнелі көрсеткендіктен, сабақта бағдарламалы музыка жөнінде əңгіме қозғалады. Оқушылардың өз тəжірибесіне сүйеніп, бағдарлама- лық музыкаға мысал келтіруін сұрап өту керек. Оқулықта бағдарламалық музыка туралы түйін жасалады. «Композитор Г. Свиридовтың музыкасы – мəңгі тоқтамайтын уақытқа арнайы жазылған шығарма. Қандай да бір тақырыпқа арнайы жазылған музыканы бағдарламалық музыка деп атайды». 3-тапсырма. Орындау. (Ұ) Сабақта үйретілетін «Сырлы сағат» (Т. Тоқжанов, А. Рахметов) əні уақыттың қаншалықты адам өмірін- де маңыздылығын, оны үнемдеп, пайдалы іспен | «Музыка» оқулығы нота хрестоматиясы, фонохрестоматия Г.Свиридов «Время, вперед» Сим.оркестр https://www.youtub e.com/watch?v=jda O0F9OTNI |
| айналысуға шақырады. Əн тез игеріледі, сөздерінің тəрбиелік маңызы басым. (МК,Ұ) Əнге байланысты музыкалық сауаттылыққа музыкадағы 2/4 өлшемі қарастырылады, салыстыр- малы 3/4 өлшемі де аталып өтіледі. «Уақыт өлшемі сияқты музыканың өз өлшемі болады. Сен орындағын «Сырлы сағат» əнінің өлшемі – 2/4. Бұл өлшем бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың екі төрттік нотаға (1-еу, 2-еу) саналатынын көрсетеді. Егер өлшем 3/4 болса, онда бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың 3 төрттік нотаға (1-еу, 2-еу, 3-еу) саналатынын көрсетеді. Мұғаліммен бірге 2/4, өлшемдерін оң қолыңмен сермеп көрсет». Мұғалім басқа да мысалдар көрсете алады. 5-тапсырма. Суырыпсалма. (МК, Т) Тапсырма түрі «Сағат тілі» атты ойын түрінде берілген. Оқушыларға «Сырт-сырт-сырт сыртылдап, сағат тілі соғады» сөздерін пайдалана отырып, 4 тактілі музыкалық сөйлемге 2 дауыста суырыпсалма жасау тапсырылады. Оқулықта ойын шарты да көрсетілген. «Сағат сыртылын берілген нотаға қарап, екі дауыста орындаңдар. Орталарыңнан дирижер сайлаңдар. Дирижер 2/4 өлшеміне сəйкес екпінді баяулатуына да, тездетуіне де болады». | | ||
Сабақтың соңы | 6-тапсырма. Орындау жəне бағалау. Əр топ сыныптастарымен бірге өз жұмыстарын таныстырып бағалайды. (МК, Ұ, Т) Сағаттың жүрісін немесе сыртылын көр- сететін интонацияларға басқа да қысқа музыкалық фразаны ойдан құрастыруға болады. Рефлексия: Мен не білдім? Бүгін мен не үйрендім? Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? Ал қай тапсырманы мен жеңілдікпен орындадым? | | ||
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қабілеті жоғары оқушылар- ға композицияны орындау барысында музыканың көр- | Бақылау; Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша; | Денсаулық сақтау технологиялары |