Файл: Реферат таырыбы "Мажан Жмабаев поэзиясындаы мір жне лім мселесі".docx
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 45
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мағжан ойды бейнелеп айтатын генетикалық көне дәстүрді поэзиясында ойларын образды бейнелеу үшін пайдаланған. Сөйтіп оқырманның сезімін басып, көңіл күйіне ықпал етіп, ойын толқытқан. Бұл арқылы Мағжан поэзиясына Европа мен орыс әдебиетінің әсері болмаған екен деген ой тумаса керек, керісінше ол Европа мен орыс әдебиетінің үздік тұстарымен кеңінен танысқан, нәрімен сусындаған адам. Оның ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен көрінген символистік тәсілі Сарыарқаның ызғарлы көктемінің арасынан басын көтерген бәйшешектей болды.. Себебі, осы кезеңде 1906 және 1914 жылдарды қамтыған орыс революциясының ызғары, қазақ даласына да сезіліп, өз өктемдігін жүргізе бастаған. Сол кездегі қоғамдық қысым оның символистік шеберлігін шыңдап, бейнешіл ақын болып қалыптасуына септігін тигізді.
Символистер поэзиясына тән сентименталистік сарын Мағжан поэзиясында да бар. Әсіресе, ұлттың ата-бабалары өткен даңқты тарихын ұмыта бастауы сезімтал ақынның поэзиясына күйректік (сентиментализм) сарынын қосты, сондықтан «жылауық ақын» аталды. Ол Мағжанның поэзиясындағы табиғат лирикасынан көрінгенде: мұң-зарына үн қосып, қайғысына ортақтасып қалтырап-дірілдеп тоңып жансызданып, ыстыққа күюі тәрізді, шарасыздықтар арқылы жасалды.
Бұл - кезінде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-жақын ұлыстарға мәдениет пен шаруашылықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ кейін тағдырдың жазуымен әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке перзентінің аспандағы айды алам деп секірген тарпаңдағы емес, бұл - өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа қол жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта косылуға болады деп үміттенген азаматтың парасатты да мақсатты әрекеті.
Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі "күн", "барыс", "тұлпар", "қыран", "жұлдыз" т.б. символдардың тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік рәміздері мен ел болашағын айқындайтын мемлекеттік маңызды бағдарламалардың нышанына айналуы оның ұлттық дүниетанымы мен көрегендігін, философиялық ой тереңдігімен қоса, елінің жарқын болашағына сенген оптимистік рухын да айқындап тұр. Олай болса, Мағжан поэзиясы елімнің ертеңіне баруға лайықты қазынамыздың бірі деп а