Файл: лтты Трбие ндылытары негізінде оушылара патриотты Трбие беру мастеркласс Краснопол орта мектебі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
мастер-класс
«Краснопол орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Байбазарова Гульмира Жумановна
Зенковка ауылы
2017 жыл
Мастер кластың тақырыбы: «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ»
Мастер-кластың барысы:
1.Кіріспе
2.Ұйымдастыру кезені. Мастер-кластың қатысушыларымен танысу.
3.Практикалық бөлімі
а) «Пікірлесу» әдісі
б) «Мақал-мәтелдің мағынасын ашу» әдісі
в) «Менің есімім» тренинг
г) Жәрмеңке (қолөнер көрмесі)
4. Рефлексия
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі білім беруге қоятын міндеттердің маңыздыларының бірі – жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға бағыттау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу. 12 жылдық орта мектептің білім мазмұны мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламасына сәйкес ұлттық тәрбие беруді, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды басшылыққа ала отырып, оқушылар бойындағы ұлттық рухты көтеру қажеттігін туындатып отыр.
Кезінде ғұлама ағартушымыз М.Дулатов өз еңбектерінде ұлттық рух, салт, дәстүр, әдет-ғұрыппен жас ұрпақты сусындату қажеттігі жөнінде құнды пікірлер айтқан. Ол былай деп жазады: « Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітаптарының ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һам табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсұтына муафих үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, анық үйреніп шығады».
Бауыржан Момышұлының: «Адамның моральдық-адамгершілік қасиеттері рухани күш. Ал ұлттық рух - өз ұлтын танып білетіндей тамаша қасиетке ие, біз осы ізгі белгіні дамытуымыз керек. Ұлттық рухы күшті адам Отан алдындағы, халқы және халықтар достығы алдындағы борышын биік түсінеді» - деген тәрбиелік мәні зор өсиеті ұлттық рух –адамның мінезі, әрекеті, қимыл-ісінің қасиетін бағалайтын қуатты күш екендігін дәлелдейді.
Бастауыш сынып оқушысының ұлттық құндылық бағдарының мазмұнын анықтайтын баланың дүниетанымы мен сенімдері, адамгершілік ұстанымдары мен мінез-құлқы оның жасына сәйкес әлеуметтік тәжірибесіне, өзіндік санасы мен сезімдік толғаныстарына негізделеді. Өйткені, ұлттық құндылық бағдар тұлғаның ішкі құрылымының маңызды бөлшегі бола отырып, баланың физиологиялық, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін есепке алуды қажет етеді.
Бастауыш мектеп жасы оқушының психикалық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауымен қатар, әлеуметтік статусының да өзгеруімен ерекшеленеді. Енді ол ойын баласы емес, оқушы болды. Бұл жастағы балалар сөз бен істің сәйкесті болуын талап етеді, жөнсіз кіналаудан жеркену сезімі туады, үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды, арманшыл, қиялшыл болады, өзіне сенімді серік іздейді т.б. Осы кезеңде тұлға бойында жалпы мәдениеттің негізі қаланады, өзін-өзі тануға қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды. Бастауыш сынып оқушысы өзінің жеке сапалары мен мүмкіндіктерін түсіне бастағанымен, кейде өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайтындығы байқалады.
Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезеңінде бала өз құндылықтарын басқалардың құндылықтарымен салыстырады. Бала өзге балаларға қырағылықпен қарайды, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзге балалармен салыстыра отырып, бағалауға ұмтылады. Бастауыш мектеп жасындағы бала өзінің жағымсыз қылықтарын болдырмауға тырысады.
Баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады. Ол алғаш рет алдында тұрған міндеттерді өзінің шешуі керектігін, оқушының әлеуметтік рөлін ұғынуын, сондай-ақ сыныптастарымен және ұстаздарымен жағымды қарым-қатынастар орнату қажеттігін түсінеді. Жақсыға құмар, тілалғыш, сезімтал және батыл болғысы келеді. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының кейбір теріс қылықтарын да байқауға болады. Мысалы өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық т.б.
Бастауыш мектеп жасы құндылық бағдар қалыптастыру жұмысын тиімді іске асыру үшін біршама мүмкіндіктердің бар екендігімен ерекшеленеді. Балалардың осындай қасиеттері ретінде эмоциялық көңіл-күй көтеріңкілігі, сыртқы әсерлерге берілгіштік қасиеттері, жағымды құндылықтар әлеміне бағытталғандығы сияқты ерекшеліктерін қарастыруға болады.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда жас ерекшелігіне сәйкес мынадай жаңа құрылымдардың да маңызы зор деп есептейміз:
-
білімді қажетсінуі және жаңа әсерлерге деген қажеттіліктері; -
тұлғаның жоғары эмоциялық-мотивациялық аясы; -
қарым-қатынасқа түсуге даярлығы; -
әлеуметтік әрекеттерді және әлеуметтік рөлдерді меңгерудегі жетістіктері.
Бастауыш сыныптарда қаланған құндылық негіздер бала тұлғасының бұдан кейінгі жас кезеңдеріндегі қалыптасуына әсерін тигізетіндігі туралы В.В.Давыдов, В.С.Мухина сынды ғалымдар еңбектерінде жазылған[74, 76]. Алғашқы кезекте баланың жас ерекшелігіне сәйкес, ұғына алатын, меңгеруге мүмкіндігі жететін ұлттық құндылық таным-түсініктерінің көлемін анықтаудың маңызы зор. Ұлттық құндылықтарды тану адамның іс-әрекетін белгілі бір деңгейде бағыттап, әлеуметтік тәртібін анықтайды.
И.П.Подласый, Ә.Мұханбетжанова 6 мен 12 жас аралығы танымдық әрекетті дамытуға өте қолайлы кез деп есептейді. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда төмендегідей міндеттердің жүзеге асыруы тиіс деп ойлаймыз:
-
бастауыш сынып оқушыларына қазіргі уақыт талабына сай, қоғамымыздың саяси дамуына жауап беретін ұлттық құндылықтар жөніндегі таным-түсініктерінің жиынтығын меңгерту (білімдік, ақпараттық); -
оқушылардың өздерінде қалыптасқан дүниетанымдық қағидалар негізіндегі қоғамның әлеуметтік құндылық идеяларына бағытталған, ұлттық құндылық бағалауын қалыптастыру (қатынас, эмоциялық); -
бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды меңгеруінің нәтижесі ретіндегі оқушылардың әлеуметтік құнды біліктіліктерін қалыптастыру (әрекеттік).
Құндылық бағдар қалыптастыру мәселесін қарастыратын педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге және бастауыш мектептің нормативтік құжаттары мен оқулықтарына сүйене келе, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарының төмендегідей мазмұнын белгілейміз:
-
Отан, Туған жер -
Ана тілі -
Отбасы -
Салт, дәстүрлер -
Ел рәміздері -
Тарихи тұлғалар құндылығы.
Сондай-ақ бастауыш сыныптарда бұл жұмысты жүзеге асырудың төмендегідей мүмкіндіктері айқындалды:
-
ана тілі, дүниетану және музыка сабақтарындағы ұлттық құндылықтарға бағыттап отыратын шағын мәтіндерді таңдап, талғап пайдалану; -
арнайы факультатив курсын жүргізу; -
сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру; -
электронды оқу құралын пайдалану.
Бастауыш сынып оқушысының құндылық бағдар үдерісі құндылықтарды иелену фазасының айқын байқалуымен ерекшеленетіндіктен (Кирьякова), ең маңызды мәселе олардың қандай құндылықтарды иеленетіндігінде. Бала белгілі бір заттың немесе құбылыстың құнды қасиеттерін білмеуі және оны пайдаланбауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол оған құндылық болып табылмайды. Сондықтан тұлғаны құндылықтарға бағыттауда ақпараттық қызметтің рөлі зор. Құндылық бағдар беру құндылықтардың қасиетін, сипатын ашқан кезде жүзеге асады. Балалардың жасқа байланысты ерекшеліктері олардың барлық іс-әрекетінен- оқу, ойын, қарым-қатынас, еңбек- көрініс тауып отырады. Ал құндылық бағдар іс-әрекеттің құрылымына тікелей байланысты. Біз педагогикалық теориядағы іс-әрекеттік қатынас қағидаларына сүйене отырып, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың құндылық аясының дамуын ең алдымен осы іс-әрекеттер барысында жүзеге асыруды қарастырамыз.
Бастауыш сыныптағы оқу әрекетін қалыптастыруды ұлттық құндылық бағдар жұмысымен ұштастыруда оқулық әдебиеттердің сан алуан құрамы көмекке келеді. Қазіргі таңда олардың құрамы мынадай: оқулықтар, электрондық оқулықтар, мультимедиялық және үйретуші бағдарламалар, әдістемелік оқу құралдары, есептер мен жаттығулар жинағы, диктанттар жинағы, жұмыс дәптері, кестелер мен экрандық оқулықтар, хрестоматиялар т.б. Оқушы үшін оқулық –білім көзі, білік, дағдыны қалыптастыру мен бекіту құралы. Демек, алдыңғы кезекте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдар мазмұнының пәндер бағдарламасы мен оқулықтардағы қамтылуын және сол арқылы ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру мүмкіндігін зерделеу қажет.
Біз төменде соның ішінде ұлттық құндылық бағдар беретін ақпараттары ауқымды келетін ана тілін және дүниетану пәндерін зерделеу арқылы осы пәндердің ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастыруға тырыстық. Қазақ халқының рухани-эстетикалық мәдениетінің аса бір құндылығы –оның ана тілі, сөз өнері. Оқушы тілді меңгере отырып, қазақ халқының ұлттық тіл мәдениетіне ену мүмкіндігіне ие болады, соның нәтижесінде оның жеке тұлғалық мәдениетінің және болашақ білімділігінің негізі қаланады.
Мектепте оқыған алғашқы жылдардан бастап балаларға өз елінің тарихынан, ұлы адамдар өмірінен, қазақ батырларының қаһармандық істерінен хабар беріп отыру олардың отансүйгіштік түсініктерінің негізін салады. Сонымен қатар өнегелі адамдардың өмірі мен шығармашылығын, ел мүддесіне жасаған қызметтерін талдау арқылы жас бүлдіршіндерді елжандылық сезімдеріне баулимыз. Ана тілі, дүниетану, музыка оқулықтарында қызықты ақпараттардың қарастырылғанын айтуға болады. Сонымен қатар, кейбір материалдар интегративтік сипатқа ие. Өйткені, мазмұны жағынан ұқсас материалдар бір мезгілде әр түрлі оқулықтар шеңберінде оқытылып, баланың жүйелі ақпарат алуына мүмкіндік туғызады.
Сурет 1 - Бастауыш мектептегі «Ана тілі», «Дүниетану», «Музыка» оқулықтарында ұлттық құндылық объектілердің қамтылуы
Зерттеу барысында ана тілі, дүниетану, музыка пәндерінің оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасай отырып, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктері мен оның өзекті мәселелерін қарастырдық.
Жеке тұлға бойында ұлттық құндылық бағдарды қалыптастыру жөніндегі ғылыми-әдістемелік еңбектерді зерделей келе, бастауыш сыныптарда бұл жұмысты жүзеге асырудың төмендегідей мүмкіндіктерді ұсынамыз:
-
ана тілі, дүниетану және музыка сабақтарындағы ұлттық құндылықтарға -
бағыттап отыратын шағын мәтіндерді таңдап, талғап пайдалану; -
факультатив курсында; -
сыныптан тыс жұмыстарда;
Үзіліссіз білім алу жүйесінде оқулық әдебиеттер алатын пәндік білімдердің, дамитын бейімділіктердің санымен ғана емес, оқушылардың ұлттық құндылықтардан нәр алып, бойына саналы дарытуымен де өлшенетін жаңа сапаға ие болуы тиіс. Білім алумен қатар, ұлттық құндылықтар туралы ақпаратты бойына сіңірген оқушы-тұлға ғана өз елі мен жерін, тілі мен дінін қорғауға жауапты екендігін жан дүниесімен сезіне алады.
«...Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың ортасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады»-дейтін ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілі М.Дулатовтың пікірі де осы тұжырымды дәлелдей түседі.
Әдістер түрлері: 1. Пікірлесу. Тақырып: « Ел тірегі- тәуелсіздік »
а) «Тәуелсіздік» деген не? – сұрағы қойылады, оқушылар ойлана отырып өз пікірін айтады.
б) 25 жыл не берді? – осы 25 жылдық мереке қарсаңында елімізде көптеген мерекелік шаралар тарихи мағыналы көріністердің куәсі болдық.
в) «Көшбасшы ... бұл кім? -
халықты біріктіруші хан Н.Ә.Назарбаев
ел мақтаны
Ел қорғаны Басқарушы
көшін бастаушы
елді аузына халыққа үлгі
қарататын адам
Тиімділігі: Білімі толық қамтылады, ұмытылған көптеген тарихты еске түсіреді.
Оқушыларды неге үйретеді: Еліне деген жауапкершілікке, жан – жақты оқушы болуға үйретеді.
Нәтиже: Оқушыларға ой салынады, білімі анықталады, қызығушылығы артады, партиоттық сезімі күшейеді, болашақта мамандық тандауда тиімді жолдарын таба алады.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,
Жаманның жамандығын айт құты қашсын» - дегендей, ел басының барлық халқы үшін жасаған еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
2. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
а) Ырыс алды – ынтымақ. (Ымырашылдық, ынтымақтың арқасында біз 25 жылдық мерекені атап өтудеміз.)
б) Халық – кеуде, патша - бас.( Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқының арқасында көш басшылық жасап отыр. Оның барлық жарлығын халқы қолдауда. Назарбаев халқын өзіне қарата білді, себебі ол кісі басқа елдермен тығыз байланыста)