Файл: Жабырды астындаы адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының басым көпшілігінің акцентуациясы нормаға жақын немесе соның дисперсиясы аралығында орналасқанын байқадық. Дегенмен, зерттеу барысында оқушылардың жартысында эгоцентризм анық байқалды, ал танымдық қызығушылығы жоғары, шешім қабылдауға пысық болғандары зерттелінушілердің үштен бірі. Сонымен қатар балар арасында өзіне сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм деген жарамсыз көрсеткіштер орын алды. Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде жиі кездесті.


^ 2.2. Жеткіншектер акцентуациясын зерттеу нәтижелері


Психологтың жасөспірімдермен жүргізетін жұмысы ең алдымен олардың іштей үлкен болуы қажеттілігін, айналадағы ортада өзін анықтауы, өзін түсінуі өз мүмкіндіктерін білуі және өмірде өзінің бар екендігін көрсету сияқты міселелерге негізделген. Жасөспірімдерге олардың жекелік қалыптасу процесінің аяқталмағандығына қарамастан ересектерді диагностикалау мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер қолданады. Жасөспірімдер туралы толық білу үшін психологок ең алдымен жоғары сынып оқушыларының рсихикалық сферасының дамуына қарама қайшы келетін себептерді ескеру керек. Мектеп тәжірибесінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізу барысында диагностика екі кезеңнен жүзеге асырылды: а) кіру диагностикасы; б) шығу диагностикасы.

Кіру диагностикасы - айналадағы немесе оқушы тарапынын түсетін шағымдар негізінде оқушының мәселесін анықтау және коррекциялық жұмыстың қандай бағытпен жүргізілетіндігеін анықтау үшін зерттеуге арналған арнайы әдіс тәсілдер арқылы оқушының картасын түзу.

Шығу диагностикасы - коррепкциялық жұмыстың оқушыға қаншалықты әсер еткендігін тексеру.

Көптеген сауалнамалар, бақылау және тәуелсіз мінездемелер жинау нәтижесінде мектептегі зерттелінген 7-8 сынып оқушыларының арасында оқытушылармен, құрбы-құрдастарымен, тіптен отбасында қарым-қатынас қиындықтарына бөленіп жүрген оқушылар бар екенін анықтадық. Сабақтан қашып, ата-аналарын мектепте оқып жүрмін деп алдап, ал өздері көшеде жүретін балалардың саны 9 бала болды.

Қарым-қатынаста қиындықтар орын алу себептері әр түрлі болғанымен оларды бес топқа бөліп топтастырдық. Олар келесі кестеде көрсетілген.



Оқу және қарым - қатынастағы қиындықтар себептері.


Зерттелінушілер саны


Мұғалім оқушыны жиі кіналауын бала көтере алмай конфликтіге түсіп жүргендер


3


Қатарластарымен тіл табыса алмай конфликтіге түсіп жүргендер, эгоцентризмі өте жоғары болуы және басқаларды төмен бағалауы


3


Қатарластарымен де мұғаліммен де конфликтіге түскендер


2


Физиологиялық бұзылыстар, психоз белгілерінің орын алуы


0


Өзіне конфликтілік қатынасы, өзін төмен бағалауы, басқалардан кем санауы


1




Қорытынды: зерттелген 28 оқушының ішінен 4 оқушының оқу және қарым - қатынас барысындағы қиындықтары өте тереңдеп кеткені анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады. Қарым - қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Бұл жерде біз бір -біріне ұқсамайтын 3 конфликтімен кездестік:

Бірінші жағдайда, оқушы мұғалімді қабылдамайды, бала да мұғаліммен қатынас кезінде агрессия, дөрекілік пайда болады. Қатарластарымен де дәл осындай мінез - құлықты көрсетеді, Мұның себебі, өзін төмен бағалау болып табылады.

Екінші жағдайда, оқушы мұғалімнен қорқады, бала үндемейді, психологиялық жағынан тез жарақаттанады, сонымен қатар, бала қатарластарымен де қарым - қатынас жасаудан қашады т.с.с. Мұның негізгі -себебі жоғары мазасыздану, өзін төмен бағалау. Бұл балаларға оқу материалдарын меңгеру қиын, сондықтан бұлармен жеке жұмыс істеу керек. Қатарластарымен қарым - қатынас қиындығы олардың өзіндік басын бағалауы төмендеп кеткен.

Үшінші жағдайда, баланың үндемеушілігімен мұғалімді қабылдамауы арасында қарама -қайшылық туады, бірақ мұғалімге қатты қызығушылықпен қарйды. Бұл оқушыда танымдық мативацияның артта қалуы байқалады, бала мұғалімге сенбейді, сонымен қатар, өзінің айналасып жатқан іс-әрекетіне де сенімсіздікпен қарайды.

Зерттеулер нәтижесі бойынша белгілі болғандай, оқушылардың оқу және қарым қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне сенбеушілік пен, мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен. Сондықтанда оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізуді ұсындық:

1. Оқу дағдыларын қалыптастыру машықтарын жүргізу;

2. Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасын реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру;

3. Баланың қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау;

4. Баланың өзін-өзі бағалауын адекваттыққа жақындату мақсатымен баланың өзіндік бағалауын реттеу, көпнәрсе қолынан келетінін дәлелдеу мақсатында оның әрекеттерін ұйымдастыру.

Осы міндеттерді орындау үшін арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдандық. Жүргізілген коррекциялық жұмыс үш аптадан кейін оң нәтиже бере бастады. Нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан асық болған тоғыз оқушының ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізілді.



Ата-аналарға келесі кеңестер берілді;

А) Мұндай оқушыларды еш уақытта катты сынауға, тиым салып, түсіндірмей, ұрсумен басуға болмайды. Сондықтанда ата-аналармен мұғалімдер мазасыз және сезімтал балалардыі эмоционалды күйін үлкен шыдамдылықпен қабылдауы керек. Мұндай балаларға барлық айтылған нәрселер оларға қаратылып айтылмайтындығын түсінуіне көмектесу керек. б) Әдебиеттерден жеткіншектік кезеңнің драмалық уайымдауларға, қиындықтармен кризистерге толы екендігі белгілі. Өйткені жеткіншектік жас диспропорциялану кезеңі болып табылады. Бұл жаста адам өзінің физикалық ерекшелегіне көбірек көңіл бөле бастайды, айналадағылардың көзқарасына деген реация күшейе түседі, тез өкпелеу басым болады.

Пайдаланған тестердің барлығы психодиагностикалық мағнасымен қатар коррекциялық әсері бар екені сөзсіз. Дегенмен арнайы жасалған коррекциялық ойындарды пайдаланудың орны басқаша. Сондықтан бірнеше коррекциялық ойындар ұйымдастырдық.