Файл: Музыка пні малімі Халел Кркемайды Домбыра атты факультативті тілуі туралы Хабарлама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Музыка пәні мұғалімі Халел Көркемайдың

«Домбыра» атты факультативтің өтілуі туралы
Хабарлама
6«а» сыныбына домбыра сабағы аптасына 1сағаттан жылына 36сағат бөлініп «Домбыра» атты факультатив курс жүргізіліп келеді.

Курстың мақсаты: Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оқушыны домбырада ойнауға үйрету

Курстың міндеттері: - Ұлттық аспап-домбыраның құрылысымен танысу;

- Домбырамен күй тартып, ән айтып үйрену;

- Домбыраны нақышына келтіріп орындау;

- Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына

сіңіру;

- Ұлт өнеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру;

Күтілетін нәтиже: қазіргі заман талабына сай домбыра аспабын жақсы деңгейде меңгерген, халықтық музыка тарихынан хабардар, эстетикалық тәрбиелі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан бәсекеге қабілетті жеке тұлға даярлау.

Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты жан-жақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің заңды қажеттілігі арта түсуде.Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан домбыра үйренуде оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра үйірмесінде оқушы домбыра аспабының қыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді.Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 6-сыныптардың оқушылары тартылды. Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Халық күйлері үйретіледі.

Пән мұғалімі:Халел.К