Файл: білас саынов атындаЫ араанды техникалы университеті К кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 88

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Поездың станцияға толық құрамда келіп жетуін автоматты түрде бақылау құрылғыларының болуы кезінде станция кезекшісі поезд келгеннен кейін осы құрылғылардың бақылау аспаптарының көрсетулері арқылы аралықтың бостығына көз жеткізеді.

Егер станцияға келетін жүк поезы өздігінен тоқтауы және тежегіш магистралінің үзілуі туралы сигналы іске қосылу себептерінен аралықта ал-дын ала кезделмеген аялдауға ие болса локомотив машинисі ТПЕ-нің 16.18-тармағында ескерілген талаптарды орындаумен қатар станция кезекшісіне радиобайланыс арқылы аталмыш аялдау жөнінде хабарлап, ал мұндай хабарды аралықтан беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарды станция кезекшісіне жеке түрде беру үшін станцияда аялдауы тиіс. Бұл жағдайларда поездың толық құрамда жөнелуін бақылау ісі станция қызметкерлеріне де, локомотивтік бригадаға да жүктеледі.

Егер поезды қабылдағаннан кейін келудің бақылау құрылғылары іске қосылмаса станция кезекшісі поездың толық құрамда келгеніне кез жеткізіп, бұл туралы поезд диспетчеріне баяндайды. Поезд диспетчері аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен келіссөздер жүргізу арқылы оның бостығына көз жеткізіп, бір уақытта екі станцияға келу блок-сигналын беруге рұқсат береді, осы сигналдан кейін станция кезекшісі бұл әрекетті қосалқы батырманың көмегімен, ал электрмеханикалық блоктау кезінде - басқышты жасанды түрде іске қосу жолымен орындайды.
Рұқсат темендегі нысанда беріледі:

«... станциясының кезекшісіне ... станциясына № ... поезына келудің блоктау сигналын қосалқы батырманың (басқыштың) жасан-ды түрде іске қосылу көмегімен беруге рұқсат етемін. ДНЦ ...».
Осы тәртіп станцияға поезды кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде қабылдау жағдайында да орындалуы тиіс. Станция кезекшісі келудің қосалқы батырмасынан немесе басқыштық пломбының алынуы женінде тексеру журналына жазба жасайды.

Егер де блоктау құрылғыларын басқару аппараттары келудің қосалқы батырмаларының басылуы мен басқыштың іске қосылуын орнықтырып есептегіштермен жабдықталған болса, аталмыш батырмалар пломбыланбайды. Бұл жағдайда станциялардың кезекшілеріне келудің блоктау сигналын жасанды түрде беру кезінде поездар қозғалысының журналында тиісті поездың немірінің қарсы жағынан есептегіштің көрсетуі жазылады.

Егер де жасанды түрде іске қосылу сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының (бұдан әрі - СОБ) ақауланғаннан туындаса, аталмыш ақаулылық женінде тексеру журналында жазба жасалады.


Поезды женелту алдында станция кезекшісі маршрутты даярлап шығу бағдаршамын (семафорды) ашады немесе орындау қосынына оны ашу женінде өкім береді.

Шығу бағдаршамын ашумен бір уақытта іргелес станцияға поездың жөнелтілгені жөнінде автоматты түрде блоктау сигналы беріледі (орындау қосындары жоқ электрмеханикалық блоктау кезінде поездың женелтілгені жөніндегі блоктау сигналы іргелес станцияға жеке түрде, шығу бағдаршамы жабылғаннан кейін беріледі).

Поезд шыгу бағдаршамынан өткеннен кейін сигналдық батырма (қолтұтқа) сигналды жабу қалпына қояды және станция кезекшісі тепефон арқылы іргелес станцияны поездың нақты жөнелтілген уақыты туралы хабардар етеді. Станция кезекшісі келудің блоктау сигналының болу-болмауына байланыссыз іргелес станциядан телефон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарландыру алғаннан кейін ғана шығу бағдаршамын ашып, поезды жөнелтуге құқылы болады.

Іргелес станциядан телфон арқылы бұрын женелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарландыру алмаған жағдайда станция кезекшісіне дара жолды аралықтарда, сонымен қатар қарсы бағыттағы поезды қабылдауға келісудің блоктау сигналын беруге тыйым салынады.

Тоқтатылған немесе сол бағыттағы өзге поезды жөнелту ісі жабық тұрған шығу бағдаршамы кезінде І-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағазы бойынша (ДУ-52 нысанындағы бланк 45-бетте келтірілген) орындалады. Іргелес бөлу пункті поездың нақты жөнелтілген уақыты женінде телефон арқылы хабардар етіледі. Орындаушы қосындары жоқ электрмеханикалық блоктау кезінде тоқтатылған немесе сол бағыттағы өзге поезды іс-жүзінде жөнелткеннен кейін іргелес бөлу пунктіне блоктау сигналы беріледі. Келесі поездар блоктау бойынша әдеттегі тәртіппен жөнелтіледі.

І-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағаз (ДУ-52 нысанындағы бланк) осы Нұсқаулықтың жалпы ережелерінің 9-тармағының талаптарын орындаумен жетекші локомотивтың машинисіне сонымен қатар блоктаудың жарамды түрде жұмыс істеуі кезінде шығу бағдаршамының ездігінен жабылуы жағдайында (оқшауланған секцияның жалған түрдегі бос еместігі, бағдаршам шамыныңжанып кетуімен немесе шығу бағдаршамының қате түрде жабылуы салдарынан) блоктау жарамды түрде жұмыс істеп тұрған кезде беріледі.

Поездың радиобайланыс құрылғылары келіссөздерді автоматты түрде тіркеу жүйесімен жабдықталған станцияларда, поезд локомотивінің машинисіне жасыл түсті жазбаша рұқсат-қағазды берудің орнына радиобайланыс арқылы келіссездерді тіркегенше тіркелетін жөнелту женіндегі бұйрық берілуі мүмкін:


Бұйрықтың № уақыты (... сағ ... мин).
«№ ... поезына ... жолынан ... басты жол бойынша жөнеліп ... станциясына (блок-қосынға) дейін жүруге рұқсат етемін. Аралық бос. ДСП ...».
Аралық бос болған кезде шығу бағдаршамын қайталап ашу мүмкіндігін беретін құрылғылары бар станцияларда поезды женелту ісі қайталап ашылған шығу бағдаршамы бойынша орындалады. Станция кезекшісі шығу бағдаршамын қайталап ашуға арналған құрылғыларын тек қана поезд диспетчерінің келісімімен ғана пайдалана алады.

Егер дара жолды аралықты шектейтін станцияда шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін поезды тоқтатып, осы аралыққа іргелес станциядан қарсы бағыттағы поезды жөнелту қажеттігі туындаса, шығу бағдаршамы жабылады, жартылай автоматты блоктауды пайдалану тоқтатылады және поездардың телефондық байланыс бойынша қозғалысы белгеленеді. Бұл жағдайда қарсы бағытта жүретін поездарға аралықты басып тұру құқығына ие болу үшін жол жазбалары беріледі.

Жартылай автоматты блоктаудың жұмысы бұрын тоқтатылған немесе сол бағытта келе жатқан басқа поезды соңынан аралыққа жөнелту кезінде қайта жандандырылады, бұл поезд осы Нұсқаулықтың 3.6-тармағында еске-рілген рұқсат-қағаздардың бірі бойынша жөнелтіледі.

Топтық шығу бағдаршамдары болған кезде поездар шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі мен поезды жөнелтуге рұқсат етілген жолдың нөміріне сәйкес келетін бағдаршамдағы жасыл түсті саны бар маршруттық нұсқағыш бойынша женелтіледі.

Топтық бағдаршамдардың маршруттық нұсқағыштары ақауланған жағдайда поездар станциядан шығу топтық бағдаршамы ашық тұрған кезде машиниске осы Нұсқаулықтың 1.7-тармағында екерілген нысандағы стан-ция кезекшісінің тіркелетін бұйрығын машиниске тапсырумен, немесе лс-комотив машинисіне ІІ-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі (ДУ-52 нысанындағы бланк) рұқсат-қағазды тапсырумен жөнелтіледі.

Шығу бағдаршамындағы бағыттың маршруттық нұсқағышы ақауланған жағдайда поездар осы Нұсқаулықтың 1.20-тармағында ескерілген тәртіппен жөнелтіледі.

Егер жөнелтілуге дайын тұрған поездың жетекші локомотивы рұқсатетуді көрсетіп тұрған шығу бағдаршамының артында болып, машиниске оның көрсетуі керінбей тұрса, поезд осы Нұсқаулықтың 1.8-тармағында ескерілген нысандағы станция кезекшісінің машиниске берілетін тіркелетін бұйрығы бойынша, немесе ІІ-тармағын (ДУ-52 нысанындағы бланк) толтырумен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағаз бойынша жөнелтіледі.

Бұл ретте оқшауланған стрелкалық телім ақауланып немесе женелтілгелі жатқан поездың басы басып тұрған шығу бағдаршамын ашу үшін «Жөнелту маршруттарындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылау құрылғыларын ажырату» батырмасы қолданылуы мүмкін


Егер жөнелтілетін поездың басы шығу бағдаршамының артында орна-ласып, соңғысын ашу мүмкін болмаса, блоктаудың жұмысы тоқтатылады; поезд телефондық байланыс құралдары бойынша машиниске жол жазбасын тапсырумен жөнелтіледі. Жөнелтудің ұйымдастырылған түрдегі маршрутта-ры жоқ жолдардан да поездар осы тәртіппен жөнелтіледі.

Дара жолды және қосжолды аралықтарда (дұрыс жол бойынша) поездарды аралықтан женелту станциясына қайтуымен жөнелту ісі бағдаршамы жабық тұрған кезде машиниске жабық тұрған шығу бағдаршамынан ету құқығы мен кері қарай қайту құқығын беретін бұздыған-кілтін тапсырумен орандалады.

Бұл ретте дара жолды аралықтарда поезды аралыққа артынша кей-ін қарай қайтуымен жөнелту алдында іргелес станциядан блок-аппарат арқылы белгіленген тәртіппен поезды жөнелтуге келісім алынуы тиіс немесе блок-жүйе қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырылып қосылуы тиіс.

Өздерін аралықта ажырату ісі ескерілсе арнайы ездігінен жүретін жыл-жымалы құрамның екі және одан да көп бірлігін тіркесте бұздыған-кілті бой-ынша жөнелтуге тыйым салынады.

Егер де поезд жүретін жер алғашқы (поездың жүрісі бойынша) жол қосынының (блок-қосынының) артында орналасса, алдыда жатқан аралық бос болған жағдайда осы қосынның ДСП-сы машиниске жабық тұрған өтпелі бағдаршамнан өту және артынша қайту құқығын беретін І-тармағын тол тыра отырып жасыл түсті бланкіден рұқсат-қағазын (ДУ-52 нысанындағы бланк) береді. Осындай тәртіппен поездың жүру жолында орналасқан өзге блок-қосындардың кезекшілері де әрекет етеді.

Жөнелту станциясына қайту кезінде поезд барлық аталған блок-қосындардан тоқтаусыз өтіп, станцияға ашық тұрған кіру бағдаршамы бой-ынша немесе кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетіп тұрғаны кезінде станцияға кіру құқығын беретін белгіленген рұқсат бойынша қабылданады.

Жол қосындарының (блок-қосындарының) ДСП-лары барлық жағдайларда іргелес бөлу пунктілерінің кезекшілерін поездың іс-жүзінде жүріп өткені жөнінде телефон арқылы хабардар етеді.

Поезд станцияға келіп жеткен кезде бұздыған-кілт станция кезекшісіне қайтарылады, ал бұздыған-кілтті аппаратқа салып іргелес бөлу пунктінің ке-зекшісін телефон арқылы поездың қайтқаны жөнінде хабардар етеді.

Бұздыған-кілт ақауланған жағдайда сонымен қатар блок-аппарат бұздыған-кілтімен жабдықталмаған жағдайларда поезды артынша жөнелту станциясына кері қайтумен жөнелту ісі блоктаудың әрекетін тоқтатумен телефондық байланыс арқылы орындалады.


Бұл жағдайда поездар шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде машиниске жол жазбасын (ДУ-50 нысанындағы бланк 62-бетте кел-тірілген) тапсырумен жөнелтіледі.

Егер де қос жолды аралықтағы поезд баратын жер алдыда жатқан блок-қосынның артында орналасса, женелту станциясы блок-қосынға дей-ін жол жазбасын береді, ал блок-қосынның кезекшісі қосын аралығындағы 40 аралық бос болған жағдайда ары қарай жүруге жол жазба береді. Поездың кері қайтуы осы Нұсқаулықтың 3.11-тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады.

Поездық жағдайға байланысты блоктаудың әрекеті не поезд жүріп етуі тиіс барлық қосын аралық аралықтарда бір уақытта, не алдымен станцияға жанасатын алғашқы аралықта, соңынан әрбір келесі бос аралықта тоқтатылады.

Поезд аралықтан қайтқаннан кейін блоктаудың жұмысы қалпына кел-тіріледі.

Іргелес станцияға дейін баратын поезды итермелеуші локомотив-

пен жөнелту ісі аталмыш станцияны поездың итермелеуші локомотивпен

женелтілгені женінде хабардар етумен жолдық блоктау бойынша әдеттегі

тәртіппен орындалады.

Поезды итермелуші локомотивпен жөнелту ісі, соңғысы аралықтан женелту станциясына қайтқан жағдайда блоктау бойынша орындалады (шығу бағдаршамы ашық болған кездегі). Кері қарай қайту құқығына ие болу үшін итермелеуші локомотивтың машинисіне женелту станциясында бұздыған-кілт тапсырылады.

Бұздыған-кілт ақаулы болған кезде, сонымен қатар блок-аппарат итермелеуші локомотивке арналған бұздыған-кілтпен жабыдқталмаған жағдайда, женелту станциясына қайтып келетін поезды итермелеуші локо-мотивпен жөнелту ісі блоктаудың жұмысын тоқтатумен телефондық байланыс бойынша орындалады. Жетекші және итермелеуші локомотивтердің машинистеріне жол жазбалары тапсырылады.

Аралықта блок-қосындар болған жағдайда рұқсат-қағаздарды тапсыру мен итермелеуші локомотивтың женелту станциясына кері қарай жүруі осы Нұсқаулықтың 3.11-тармағында ескерілеген тәртіппен орындалады. Блоктаудың әрекеті поездың іргелес станцияға келуі жөніндегі хабарландыруды алғаннан кейін және итермелеуші локомотивтың қайтып келгенінен кейін қайта жандандырылады.

Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам аралыққа әдеттегі тәртіп бойынша поезд сияқты жөнелтіледі (сонымен қатар кері қайтумен).
6. Егер бос аралықта және маршрут дұрыс дайындалған жағдайда шығу бағдаршамның жалған көрсеткіші кезіндегі станса кезекшісінің әрекеті;