Файл: аза лтты ыздар педагогикалы университеті азастаны ауылшаруашылыы алдытарымен ластанан айматар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жерді өңдеу. Эрозия жер бетімен ағатын судың әсерінен болатындықтан, барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабатарына сіңіруге бағытталу керек. Еріген қар, жаңбыр сулары топыраққа тез сіңсе, онда жер бетімен су ақпайды, сондықтан эрозия болмайды. Су эрозиясы көптен-көп жер жырту тәсілдеріне байланысты. Дөңес жерді жыртуды тек қана еңіске көлденең жүргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек.

Контурлап жырту. Мүмкіндік болса жырту жұмысын контур бойынша жүргізу қажет. Бұл үшін теодолит, не нивелир қолданылады. Танапты жыртқан кезде алғашқы соқа қағылған қазықтар бойымен жүріп өтеді, яғни бұл контурды сызып өтті деген сөз. Қалған агрегаттардың да бағыты осы контурға параллел болуы тиіс. Бұл жұмыстың бір қиындығы-жыртылған жерге тұқым себіліп, ол өсіп шыққан соң әлгі жүргізілген контурлы сызықтан адасып қалуымыз мүмкін. Бұлай болмауы үшін контурлық сызықтың бойымен көденеңі 3-4 метр етіп көпжылдық шөп егіп тастаған орынды. Содан кейінгі жырту жұмысы сол жолақтың бойымен жүргізіледі. Көпжылдық шөптерден жасалатын жолақтардың көлденеңі дәнсепкіштің бір жүріп өтетін алымындай болуы тиіс. Мұндай жолақтарды әдете әр 100 метр сайын жүргізіп отырады.

Топырақты жолақтап жырту. Күзде кейбір себептермен дөңес жерге орналасқан танаптарды түгел жыртуға мүмкіндік болмаса, онда міндетті түрде еңіске көлденең жолақтап жыртып тастау керек. Жолақтың көлденеңі трактор соқасының бір, не екі алымындай болуы тиіс. Бір жолақ пен екінші жолақтың арасы мен ұзындығы жердің еңістігіне байланысты өзгеріп отырады. Жердің дөңестігі онша көп болмаса, еңістігі 20-тан кем болса, жолақтардың арасы 10-15 метр болуы керек. Көктемде еріген қар суын жерге сіңіруге әдетте осының өзі жеткілікті болады. Қар суы жыртылған жердің бос топырағына тез сіңіп эрозия болмайды. Егер, дөңес жердің еңістігі 20-тан артық болса, оны тек терең етіп көлденең жырту жеткіліксіз. Қар суының жер бетімен ағуына жол бермеу үшін әр түрлі су ұстайтын микро бедерлер жасау керек. Жерді әр түрлі жалдар, сатылар пайда болатындай етіп жыртқан жөн. Сондай-ақ, арнаулы құралмен су тоқтайтын әр түрлі ұялар жасау қажет.

Көлденең-жалдап жырту. Бұл жұмысты кәдімгі соқамен жүргізуге болады. Ол үшін соқаның төрт аудрғышының біреуін 40-50 см етіп ұзартып қояды. Жырту кезінде бұл аударғыш топрақты алдыңғы аударылған жерге тастайды, содан биіктігі 12-16 см жал пайда болады. Оның үстіне топырақ түспей қалған қарық арық тәрізді арна болып қалады. Қар суы осыларға тоқтап, топырақтың терең қабаттарына сіңе алады.


Ұялар жасау күзде сүдігер жытрылған жерлерде жүргізіледі. Бұл үшін тракторға тіркелген арнаулы ұя жасайтын ЛОД-10 типтес құралдары қолданылады.

Сызат жасау ең көп тараған пайдасы мол тәсіл. Мұның бір жақсы жері, жыра жасалғаннан кейін де әр түрлі дақылдарды күтіп-баптауға арналған агротехникалық шараларды жүргізе беруге болады. Сызат ШП-3-70 маркалы құралмен 40-50 см тереңдікке арасы 1,4 метрдей етіліп жасалады. Сондықтан, қар суы топыраққа оңай сіңеді де, жер бетімен ақпайды. Жердің еңістігі 100 болғанға дейін сызат жасау жұмысы жақсы нәтиже береді. Сызат жасау жұмысын тек қана сүдігерге жыртқан танаптарда ғана емес, сонымен қатар көпжылдық шөптер егілген жерлерде де, күздік бидай себілген танаптарда да, тіпті шабындықтар мен жайылымдарда да жүргізуге болады. Су эрозиясына қарсы жасалған әр түрлі ұялар, жалдар көктемде тегістеледі. Жерді тегістеу үшін тракторге тіркелген КПС-4 культиваторы, ЗБТС-1,0 ауыр тырмалармен бір агрегатта қолданылады және жер тегістегіш ВПН-5,6 А құралын, МВ-6,0 мала тегістегішін де қолдануға болады.

Тыңайтқыштар қолдану. Эрозия кезінде топырақтың құнарлылығы қатты кемитіндіктен мұндай жерлерге органикалық және минералдық тыңайтқыш берудің маңызы зор. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді, эрозияға ұшыраған жерлерге егілген дақылдардың өнімі көтеріледі.

Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. Су эрозиясы бар жерге отамалы дақылдарды егуге болмайды. Себебі, отамалы дақылдардың бәрі дерлік топырақтың қопсып жатқанын қалайды және суды көп керек етеді. Сондықтан, отамалы дақылдарды еңістігі 1-1,5 градустан аспайтын жерлерге орналастыру керек. Эрозияға бейім жерлерге дәнді-шөпті ауыспалы егісін қолданған дұрыс.

Орман-мелиорациялау шаралары. Эрозияға қарсы отырғызылатын орман алқаптары топырақтың бұзылмай сақталуына септігін көп тигізеді. Бұл орман алқаптары төмендегідей болып бөлінеді:

- су бөлінетін қырда отырғызылатын орман алқабы қардың көп жиналуына, әсерін тигізеді және жел екпінін бәсеңдетеді;

- су шайып сай-жыраға айналған жерлерге егілетін ағаштар танаптың шетіне дейін созылуы тиіс. Бұл ағаштар сол сайдың жыраланған жағасын бекітеді, жыраның үлкеймеуіне, эрозияның азаюына септігін тигізеді;

- су ағатын сайлардың, өзендердің жағасына отырғызылатын орман алқаптары сол арналардың бойындағы топырақтың эрозияға ұшырамауын қамтамасыз етеді;



- сайдың, жыраның табанына отырғызылатын орман алқабы оларды әрі қарай тереңдеп шайылудан сақтайды. Топырақ эрозиясы болмауы үшін дөңес жерлерге орман жолақтарын отырғызады. Бұл жолақтардың арақашықтығы жердің еңістігіне қарай өзгеріп отырады, егер еңістік 2-30 болса, бір жолақпен екінші жолақтың арасы 300-400 м болады, еңестік 3-40 болса - 250-300 м, ал еңістік 50-тан көп болса 150-200 м болуы тиіс. Орман алқабының көлденеңі 12-20 метр болғанда дөңес жерлерден аққан суды топырақ толық сіңіре алады.

Ирригациялық эрозияға қарсы шаралар. Қазіргі кезде Қазақстанда суарылатын барлық жерлердің көлемі 1,2 млн гектар шамасында, оның ішінде егістік жерлер 1,0 млн гектардай. Мұның 90%-дан астамы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы облыстарында орналасқан. Бұл жердің ішінде егінжай ретінде пайдаланып жүрген дөңес жерлерлер де аз емес. Дөңес жерде су ағысы қатты болатындықтан, суармалы жердің көбісі эрозиядан үлкен зардап шегуде. Ғалымдардың есебіне қарағанда жер суару ережесі мен тәсілі бұзылып жүргізілсе, бір рет суарғанның өзінде ғана әр гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен. Ирригациялық эрозия топыраққа келтіреін зиянына қарай екіге бөлінеді:

- суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия, дақылдарды суару кезіндегі болатын танаптағы топырақтың шайылуы;

- қарықтар эрозиясы, яғни сызықтық эрозия – қарықтар мен каналдардың судың әсерінен қазылып шайылуы.

Суару эрозиясы кезінде топырақтың майда, жеңіл, құнарлы бөлігі танаптың биік жерінен сумен төменгі жағына ағып барады да, танаптағы топырақың құнарлылығының әр түрлі болуына әкеп соғады. Жыл өткен сайын танаптың биік жерлерінің құнарлылығы кеми түседі.

Су эрозиясын болдырмау үшін төмендегідей шаралар қолданылады:

- суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш техникаларды қолдану керек;

- егіншілікте жаңа әдіс дискретті суаруды қолдану су эрозиясын болдырмауға септігін тигізеді;

- топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы түтіктер жүйесін қолдану өте жақсы нәтиже береді;

- су жүретін жүйелерінің ішін бетондау, әр түрлі темірбетон құбырлар, науалар қолдану;

- су жүретін жүйектердің ұзындығы, тереңдігі, оның ішімен жүретін су мөлшері топырақтың түріне байланысты, ол шайылмайтындай етіліп өзгеріп тұруы керек;

- эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға көпжылдық шөптер егіліп, олар ауыспалы егіс жүйесінен шығарылып тасталуы тиіс;


- эрозияға ұшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану жақсы нәтиже береді. Әр гектарға 40-45 тонна көң сіңірілсе, топырақтың физикалық қасиеттері едәуір жақсарады;

- жердің құнарлылығын көтеру үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек.;

- жерді тегістеу және дұрыс жоспарлау ирригация эрозиясын азайтады;

- танаптарға су жеткізуге арналған қарық жүйесі оны шайып тереңдете бермеуі үшін жердің ыңғайына қарап әр түрлі тұспалар мен бетонды төккіштер жасау керек.

Жел эрозиясымен күрес шаралары Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институттарының және көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары жел эрозиясымен күрес шараларын зерттеп, оларды өндіріске кеңінен енгізді. Осы шаралардың бастылары мыналар:

1. Топырақты аударып жыртпай, оның бетінде аңыз қалдыру және басқа өсімдік қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша өңделгеннен соң танапта 70 % дейін немесе әр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз сақталса жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстіндегі аңыздарға онша көп зақым келтірмейтін, жерді терең өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250, КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПШ-9, КПШ-11, КПШ-12 сыдыратілгіш культиваторлары, көктемде ылғалды жабуға арналған БИГ-3 А, БИГ-6 тырмалары, ЛДГ-10, ЛДГ-15, БМШ-15 құралдары, аңызға тұқым себетін СЗС-2,1А дән сепкіштері жатады.

Соқамен аударып жыртылған жерлерде эрозияның салдарынан әр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырылып өңделген танаптардан 1,2 тонна топырақ ұшып кетеді екен. Жел эрозиясы болып тұратын ашық далалық аймақта жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде соқамен аударылып жыртқан жерлерге қарағанда танаптарда қар қалың тоқтайды. Көктемде сыдыра қопсытылған сүдігерге қарағанда едәуір ылғал көп болады. Осының әсерінен ауылшаруашылық дақылдарының әр гектарын 1,5-3ц өнім артық алынады.

Аңызы сақталған танаптарда көбіне желтоқсан айының басында-ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал аударылып жыртылған танаптарда қар көбіне қыстың екінші жартысында ғана тоқтайды және қалың болмайды. Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себепті жер 70 см-ге дейін тоңданып қатса, ал аңызы жоқ танапта ол 1,5-2,0 метрге дейін тоңданады.Сондықтан, аңыз сақталған жерлерде көктемде қар баяу еріп, оның суы топыраққа жақсы сіңеді.


Мысалы, бұрынғы Қазақ ғылыми-зертеу астық шаруашылығы институтының зерттеулері бойынша орта есеппен 5 жыл ішінде жерді соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазықтабан сыдыра тілгіш культиватормен терең қопсытып өңдегенде 33,7 см, яғни қар екі есе көп жиналған. Топырақтағы соған сәйкес алғал қоры 512 м3/га және 978 м3/га, ал жаздық бидай өнімі 9,5 ц/га және 12,8 ц/га болған.

Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда ерте таза пар қолданған дұрыс, яғни парға қалдырған танаптарды өңдеуді көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер сыдыра қопсытатын құралдармен жүгізілуі тиіс. Осылай еткенде жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргізген көпжылдық зерттеулер жерді сыдыра қопсытқанда күз, қыс кездерінде түсетін ылғал топыраққа толық сіңуіне мүмкіндік туатынын көрсетіп отыр.

Танапта жатаған бидайық сияқты көпжылдық көгентамырлы арамшөптер болса, сыдыра өңдейтін құралдарды қолданған сайын олардың саны арта түседі. Сондықтан, мұндай танапарды парға қалдырып, жаз бойы жерді 4-5 рет сыдыра қопсытқыш культиваторлармен өңдеп, арамшөптерді жою керек.

Парға қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет өңделетін болғандықтан жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті жел эрозиясы болу қауіпі туады. Сондықтан, парға қалдырылатын танапқа орақ кезінде астық сабанын жинамай, шашып тастау керек, өйткені ол топырақты эрозиядан қорғауға септігін тигізеді.

Жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде арамшөптердің саны кейбір жағдайда көбейе түседі. Сондықтан, топырақ қорғаудың бұл тәсілін қолданған кезде ауыспалы егіс жүйесі мүлтіксіз орындалуы керек. Сол ауыспалы егістің бір танабы міндетті түрде пар болуы тиіс. Егістіктің топырақ қорғайтын жүйесі оны терең өңдеуді талап етеді. Парға қалдырылған танапты тамыз айының аяғында терең етіп КПГ-250 жазықтабан сыдыратілгіш культиваторы типтес құралдармен өңделеді содан 2-3 жыл бойы топырақ тек 10-14 см тереңдікке таяз өңделіп тұрады. Кей жағдайда парға қалдырылған танаптарда арамшөптерді жою үшін культивациялаудың орнына әр түрлі гербицидтер қолдануға да болады.

2. Танаптарда жолақтың ені желдің күшіне қарай әр түрлі болады. Мысалы, желі күшті соғатын жерлерде жолақтың ені жалпақ, ал желі бәсең жерлерде керісінше жіңішке болу керек. Осыған орай жолақтардың енінің орташа жалпақтығы 50-100 метрге дейін болады. Жолақтар соғатын желдің бағытына кесе-көлденең орналасуы қажет.

3.Эрозия болатын жерлерде айналымы он жылда бітетін 5 танапты топырақ қорғау ауыспалы егісін енгізу және игеру қажет. Оларда дақылдар мен парларды жолақтап орналастыру керек.