Файл: 12 суір дниежзілік Космонавтика кні Сабаты барысы Малімні сзі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар! Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Бұл дүние жүзі атап өтетін мереке.Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 50 жыл толып отыр. «12 сәуір - Әуе және Космонавтика» күні деп аталатын тәрбие сабағымызды ашық деп жариялаймыз.Слайд№1.
Бүгін біз жұмбақты да тартымды ғарыш әлемімен танысамыз. Бірақ менің сендерге қояр сұрақтарым бар:
- Балалар сендер ғарыш туралы не білесіңдер? (Әр оқушы жеке ойларын білдіреді)
- Ғарыш туралы не білгілерің келеді? (Оқушылардың алғашқы білімдерімен танысу)
Бүгінгі сабақта біз космонавтиканың даму тарихымен, ғаламшарды игеруде өз үлестерін қосқан ғарышкерлердің өмірбаяндарымен танысамыз. Слайд№2.
1 жүргізуші: Адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа сапар қазақ жерінен басталды.Тарих безбенімен есептегенде ғарышты игеруге басталған қадамға көп уақыт өтпеседе адамзат баласы бұл бағытта айтулы жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Адамзаттың Ғарышты игеру жетістіктеріне тоқталатын болсақ, 4 қазанда 1957 жылы жаңа дәуір – ғарышты игеру дәуірі басталды. Бұл күні Жердің жасанды серігі алғашқы ғарышқа аттандырылды. (КСРО)
-
12 сәуір 1961 жыл – адамның алғашқы ғарышқа спар шегуі (Ю.Ю. Гагарин, КСРО -
18 наурыз 1965 жыл адамның ашық ғарышқа шығуы (А.Леонов, КСРО) -
16 маусым 1969 жыл – адамның айға баруы (Н.Армстронг, АҚШ)
19 сәуір 1971 жыл – бірінші орбиталық стансы ғарышта орнатылды. Слайд№3-5.
1 оқушы: Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі. К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.
Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады. Слайд№6.
2 оқушы: 22 маусым 1951 жылы алғашқы иттер экипажы ғарышқа аттандырылды.
Алғашқы ғарышкер – Лайка. Лайка — ғарышкер ит, ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын. Танымал ғарышкер – иттер: Белка және Стрелка ғарышты игеруде өз үлестерін қосқан Лайканың ізбасарлары. Слайд№7-8.
3 оқушы: 1957 жылы 4 қазандағы алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуы адамзат тарихында ғарыш кеңістігін зерттеудің бастауы болды. Жердің жасанды серігі (Спутник) — аспан кеңістігінде өзінің белгіленген орбитасы бойымен қозғала ұшатын ғарыш аппараты. Әдетте, жасанды серіктер жерді эллипс пішіндегі орбита арқылы айнала ұшып жүреді. Орбитаның мұндай түрі ғылыми тілде геоцентрлік орбита деп аталады.
“Жердің жасанды серігі” мен “Жердің серігі” деген атаулар мүлдем бөлек. Алғашқысы адам қолымен жасалатын ғарыш аппараты болса, екіншісі — Жер планетасының табиғи серігі — Ай.
Жердің жасанды серіктері ғылыми-зерттеу жұмыстарына, әскери мақсаттарға, коммерциялық мақсаттарға (телекоммуникациялық қызметтер) кеңінен пайдаланылады. Слайд№9-10.
4 оқушы: 1961 — адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам баласы ұшырылды. Ол — Юрий Гагарин болатын. Слайд№11.
5 оқушы: 5 мамыр күні 1961 жылы Алан Шепард “Меркурий З” кемесімен ғарышқа сапар шекті Слайд№12.
6 оқушы: 16 маусымда 1963 жылы ғарышқа сапар шеккен алғашқы әйел-ғарышкер – Терешкова Валентина Владимировна. Жалпы ғарышта 55 әйел болып қайтты. Слайд№13.
7 оқушы: 20 ақпанда 1962 жылы “Меркурий 6 ” кемесімен Джон Глен ғарышқа сапар шекті Слайд№14.
8 оқушы: 21 шілдеде 1969 жылы американдық ғарышкерлер Армстронг және Олдрин Айға сапар шекті. Слайд№15.
2 жүргізуші: 1991 жыл Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін ерекше құт дарыған жыл болды.. Қазан айының 2-сі күні тұнғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқонырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көк жүзіне көтерілді.
9 оқушы: Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27-де Қаарғанды облысы Қарқаралы ауданында, 1 май ұжымшарында дүниге келеген. Техника ғылымдарының докторы,
академик авиация генерал-майоры, 1965- 1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш-инженер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға, Гагарин
Салған жлды жалғаған.
Тоқтар ағам – жан ағам.
Бұрынна да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
10 оқушы:
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Тұңғышына бір сәлем!
Тоқтамайды осы аңыз,
Біз жолыңды тосамыз.
Тоқтар – ерлік, ерліктіә,
Күнде өлеңге қосамыз.
Ерлікпен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтар есімін
Ту ғып ұстап жүреміз. Слайд№116.
1 жүргізуші: Тоқтар Әубәкіровтың сара жолын Талғат Мұсабаев та абыроймен жалғастырып, Ғарышқа үш рет самғап ұшып қайтты. Әлі де ғарыш саласындағы қызметін жалғастырып келеді.
10 оқушы: Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев —1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.
1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
Ғарышқа ұшуы
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Слайд№17-18.
Музыка
Слайд № 19-33
Жүргізуші:
-Мінеки ғарыш әлемі мен ғарыш тарихымен, танымал ғарышкерлермен таныстық.
- Балалар, ал кім болашақта ғарышкер болғысы келеді?
- Ендеше, ғарышкер болуды армандайтыңдарды ортаға шақырып, сыннан өркізейік.
«Мен ғарышкер мамандығын таңдадым»
(ойын). Слайд№34.
-Дүние жүзіндегі 40 000 мамандық ішінде, ғарышкер мамандығы ең қиын, ең қауіпті және мол жауапкершілікті қажет етеді. Бұл нағыз ерлік.
1тур.
- Біріншіден, сендердің физ. дайындықтарыңды тексерейік.
А) Оқушылар оң қолдарын алдына созып, оң жаққа бес рет айналады. Сосын бірден тікке жүру керек.
ә) Сапар кезінде кеменің бір бөлігінен екінші бөлігіне тез өту керек (обручтан кім жылдам өтеді)
2 тур.
- Бұл кезеңде сендердің білімдеріңді тексереміз.
1. Жер бетіндегі тұңғыш ғарышкер кім?
-2.Жер бетіндегі тұңғыш ғарышкер - әйел кім?
3. Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш аймағы қалай аталады?
4. Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш аймағы Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
5.Ғарышкерлердің арнайы киімі қалай аталады? Слайд№35.
- Ғарышкер болуға лайықсыңдар. Сәттілік тілейміз!