ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | І-бөлім. ӨРКЕНИЕТ:ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | |||||||||||||||||||
Мектебі | | |||||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні | | |||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||
Күні: | | Пәннің атауы: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ | ||||||||||||||||||
Сынып: 11 «А» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақтың_тақырыбы'>Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы | |||||||||||||||||||
Оқу бағдарлама-сына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.1.1.1 - Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу; | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу; Көшпелі малшаруашылығы және егіншілік ерекшеліктерін «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып анықтау; Картаны пайдаланып, дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін жіктеу | |||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | бағалау | ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың басталғандығын хабарлау; 2.Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрап, оқушыларды диалогқа түсіру; 3. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру | 1. Мұғаліммен амандасады. 2. Сұраққа ватсап арқылы жауап беріп, диалогқа түседі. | Ауызша бағалау | Суреттер, кескін карта,түрлі түсті стикерлер; 1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | 1.Бейне сабақтың сілтемесін ватсап арқылы жіберу; 2.Тақырыпқа қатысты қысқаша түсіндіру 3.Тапсырма беру; Күнделік кз. жүктеу. | 1.Бейнесабақты көреді, өзіне қажетті мағлұматты дәптерге түртіп алады. 2.Оқулықтан §1 шолу жасау. 3. Мәтін арқылы«File» әдісі анықтайды. 4. Кестені толтырады . Берілген ұғымдардың өзара байланысын көрсетеді. 5. Көшпелімал шаруашылығыныңтүрлерінанықтайды. Көшпелі шаруашылықтың маңыздылығын сипаттайды. Егіншіліктің түрлерін сипаттайды | Формативті бағалау | | ||||||||||||||||
Сабақтың аяғы | Қорытындылау сұрақтарын беру, жауап алу | Ауызша жауап беру | ||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект. | Балалар! Жаңа заманның белгілі ғалымы А.Тойнби көшпелі малшылар туралы былай жазған екен: « Олар (көшпелілер-авт.) өз жерлерінен шығып, көрші орналасқан отырықшы өркениеттер аумағына жиі шабуыл жасап отырды... Көшпелілер қоғамы терең тарихы жоқ қоғам». Сендерге сұрақ: Зерттеушінің пікірі туралы не ойлайсыңдар? Еуроцентристік көзқарастағы ғалымның ұстанымына өз пікірлеріңді білдіріңдер. 1.Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері жергілікті тұрғындар шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен. Қуаңшылық кезде егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстанда жылына 400 мм. ғана жауын-шашын түседі. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырды. Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Мал басының саны керісінше көбейді. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына қол жеткізді. Осындай табиғи-шаруашылық түрлері қалыптасқан аумақтар Қазақстан, Моңғолия, Араб түбегі, Таяу және Орта Шығыс, Сахара мен Солтүстік Африка аумағы болды. Ұлы Далада егіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарға бейімделіп, қоршаған ортаны игеру тәжірибесі қалыптасты. Мал өсірді, жылқыны қолға үйретті. Малшаруашылығының қалыптасуы туралы параграфтан ғалымдардың түрлі пікірлерін оқыңдар. 2.Көшпелілер туралы еуроцентристік көзқарастар. Зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу мен жабайылық көрінісі ретінде бір жақты түсіндіріп келді. 3. Ұлы Даладағы байлар, көшпелілердің дәулеттілікке ұмтылуы. Негізінен ХІХ ғ. Басына дейін қазақтар және олардың түпкі ата-бабалары өте дәулетті тұрмыс кешкен. Еркіндік, әділеттілік, көшпелі өмір салты, ен даладағы малшылар дәстүрі мен сән-салтанатын қалыптастырды. Көшпелілердің негізгі дәулеті-мал болып, байлық өлшемін мыңғырған ірі және ұсақ мал құрады. 4. Қазақстанда егіншіліктің дамуы. Қазақстан аймағында табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігіне байланысты көшпелі малшаруашылығымен қатар егіншілік те орын алды. Жер өңдеуде суландыру жүйелерін жүргізіп, қолдан суарып отырды. 5. Ауылшаруашылық дақылдары мен еңбек құралдары. Қазақтар бидай, арпа, тары, күріш, жүгері екті. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кең тарады. Отырықшы және жартылай отырықшы егіншілер астықты сақтау үшін жерді қазып ұра немесе қамба салған. Егін шаруашылығы арнайы еңбек құрал-саймандар жасауды қажет етті. Олар: соқа, орақ, айыр, күрек, кетпен, аша, тырма және т.б. ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ басында темір соқа мен мала көп қолданылды. Егінді атпа және шығыр арқылы қолдан суарды. 6. ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері. Оның мынандай себептері болды: орыс шаруаларының қоныс аударуынан мал жайылымының қысқаруы, қала тұрғындары санының өсуі; қазақтарды егіншілікке күштеп мәжбүрлеу қаупі. Патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: «Ойды аяқта» Кестені орындау. Пікірлерді талдау. «IDEAL» тәсілін қолдану. Ғалымдардың пікірлерін салыстыру. | 1-тапсырма. Ойлан. «Ойды аяқта...». Неліктен Қазақстан аумағын мекен еткен халықтардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болды? Өйткені... 2-тапсырма. Кестені орындаңдар.
3-тапсырма. Малшаруашылығының қалыптасу алғышарттары туралы айтқан ғалымдардың пікірлерін талдаңдар. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 4-тапсырма. Көшпелілер туралы еуроцентристік көзқарас туралы сендердің ойларың қандай? Қандай проблема туындап тұр? Оны «IDEAL» тәсіліне салып, жасап көріңдер. I-мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау. D-проблеманы сипаттау. E-проблеманы шешу жолдарын анықтау. A-проблеманы шешу үшін әрекет жасау /мәселені шешу жолын көрсету. L-қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау. 5-тапсырма. Ұлы Дала көшпелілерінің дәулеттілігі туралы ғалымдардың пікірлерін салыстырыңдар.
| |||||||||||||||||||
Сабақты қорытындылау: |
| |||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: | §1-2 оқу. Өз таңдауларыңа қарай, әр сабақтан бірнеше тапсырмаларды орындап, оны пән мұғаліміне кері байланыс үшін жіберіңдер. Кері байланысты «Kundelik kz» жүктеп немесе «Whats app» арқылы жіберсеңдер болады. |