Файл: Амбулаторлыемханалы акушерия1113.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 193

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қандай босануды жүргізу жоспары ЕҢ қолайлы?


#130

*!Жүкті 28 жаста. Жүктілік мерзімі - 38 апта. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар

тілігі жасалған. Келген кездегі шағымдары: ішінің төменгі бөлігінің үнемі ауру сезімі, нәресте қозғалғанда күшейеді. Жатыр нормотонус жағдайында. Басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соғысы айқын, минутына 136 рет. Пальпациялағанда тыртық маңы ауырсынуы күшейеді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жұмсақ, ұзындығы 1,5 см, жатыр мойын өзегі 1 көлденең саусақты ішкі ернеуден өткізеді, оның аймағында «өтпелі валик» анықталады. Нәресте басымен жатыр. Мүйіске қол жетпейді. Бөлінділері шырышты.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
#131

*!Плацентаның толық жатуына байланысты жасалынған кесар тілігі кезінде, плацентаны бөлуге тырысқан кезінде көп қан кету басталды, плацента түгел бөлінбейді. Диагноз қойылды: Плацентаның толық шынай бекінуі.

Әрі қарай ЕҢ ықтимал тактика қандай?
#132

*!32 апта мерзіміндегі, гестациялық гипертензиясы бар жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан шыққан қанды бөлінділерге шағымданды. Объективті: жатыр қатайған, локальді ауырсыну, нәрестенің жүрек соғысы ақырын естілуде, минутына 170 соққы.

Қан ағудың ЕҢ мүмкін себебі қандай?
#133

*!Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуына байланысты кесар тілігінің отасы барысында жатырдың түсі көгілдір-күлгін, атоникалық екені анықталды.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
#134

*!33 жастағы, созылмалы артериялық гипертензиясы бар, 35 апта мерзіміндегі, бірінші жүктіліктегі әйел: ішіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан шыққан қанды бөлінділерге шағымданып келді. Объективті: артериялық қысымы 160/90мм с.б.б., жүрек соғысы минутына 84 рет, жатыры қозған, жатырдың алдыңғы қабырғасында локальді ауру сезімі бар, нәрестенің жүрек соғысы минутына 148 рет, ісіну жоқ, жыныс жолдарынан қанды, аз мөлшерлі бөлінділер бар, жеткілікті диурез, протеинурия жоқ.

Жүкті әйелде ЕҢ ықтимал болатын диагнозы қандай?

#135

*!Босанған әйелде 27 апталық, салмағы 940,0 грамм, бойы 35 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.

Мерзімінен бұрын жаңа туылған нәрестені тамақтандыру кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін?
#136

*!Босанған әйелде 34 апталық, салмағы 2240,0 грамм, бойы 43 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.

Төмендегілердің қайсысы мерзімінен бұрын жаңа туылған нәрестені күтуде теріс әсер етуі ЕҢ ықтимал?
#137

*!Босанған әйелде 32 апталық, салмағы1930,0 грамм, бойы 41 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.


Мерзімінен бұрын туылған баланы сәтті күтіп-бағу мақсатында төменде берілгендердің қайсысының ЕҢ маңызды шешуші рөл атқарады?
#138

*!Жүктіліктің 31-32 аптасында жүкті әйелді ес-түссіз алып келді. Үйде тырысулар болды. Жағдайы ауыр, ес-түссіз. АҚҚ 180\100 мм с.б.б., 190 110 мм с.б.б. Жалпы ісіну. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет ырғақты. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
#139

*!КТГ кезінде жүкті әйелде нәрестенің гипоксия белгілері пайда болды: минутына 180 соққы брадикардия, тұрақсыз базальдық ырғақ және 65 секундқа созылатын құбылмалы децелерациялар.

Келесі жағдайлардың қайсысы нәресте гипоксиясына синоним болуы мүмкін?
#140

*!Ірі нәресте босанған әйелде босанудан кейін жыныс жолдарынан қан ұйындыларымен қан кету басталды, жатыр жұмсақ, жатыр түбі кіндіктен 2 см жоғары, бала жолдасы деффектісіз. Айнамен қарағанда – босану жолдары бүтін. Бос кадрларды жұмылдыру, қуықты катетерлеу және қан жоғалту көлемін бағалау.

Төмендегілердің қайсысы қан кетудің бірінші саты терапиясына ЕҢ ықтимал қосымша кіреді?

#141

*!Босанушы әйелде, нәрестенің болжам салмағы 4500,0 г., әр 1-2 минуттан кейін 50-60 секунд ішінде интенсивті күшенулер. Вастеннің белгісі оң, толғақтан кейін төменгі сегменті пальпация кезінде ауырсынады, контракционды сақина кіндік деңгейінде. Басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 160-қа дейін. Қынаптық зерттеуде:жатыр мойын ашылуы толық, шеттері ісінген. Басы кіші жамбастың кіреберісіне бекітілеген. Сагитталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек сегізкөздің оң жағында. Басында айқын босану ісігі. Мүйіске қол жетпейді.
#142

*!Босанушы әйелді қынаптық зерттеу кезінде тігіспен қиылысқан тегіс жазықтық анықталады. Бір жағынан тігіске мұрын үсті мен қасаға үсті доғасы, басқа жағынан үлкен еңбек бұрышы жанасқан.

Нәрестенің ЕҢ ықтимал жатуы қандай?
#143

*!Босанғаннан кейінгі ерте кезеңі. Жағдай салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. АҚҚ 100/70 мм с.б.б., Пульс 98 соққы/минут. Тері жабындысы қалыпты түсте, жыныс жолдарынан орташа қанды бөлінділер, 500,0 мл-ге жетті және жалғасуда. Бала жолдасы бүтін. Босану жолын қарағанда – жарақаттар жоқ. Сыртқы уқалау кезінде жатыр қатаяды және біраз уақыттан кейін босаңсыйды.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?


*Физиологиялық босану және босанудан кейнгі кезең*3*16*3*
#144

*!Жүкті әйелде ретті босану әрекеті басталды, партограмманы толтыру басталды, бала жолдастың шығуын белсенді жүргізу туралы хабардар етілген келісім алынды.

Қандай утеротоник 3-ші кезеңді активті жүргізу үшін қолдануға ЕҢ ықтимал болып табылады?
#145

*!Жүкті әйелде тұрақты босану әрекеті басталды, партограмманы толтыру басталды, бала жолдасының шығуын белсенді жүргізу туралы ақпаратты келісім алынды.

Қандай уақыттан кейін клиникалық протоколға сәйкес бұлшық етке 10 ЕД окситоцинді енгізу ЕҢ ықтимал болып табылады?

#146

*!Қабылдау бөліміне жүктілігі 38 апта, 24 жасар алғаш жүкті әйел қаралды. Ультрадыбыстық зерттеуде егіздер анықталды, екі нәресте тігінен орналасқан, басымен жатыр. Нәрестенің болжама салмағы 3000 г.

Босанудың ЕҢ ықтимал жоспары қандай?
#147

*!Мерзімі жеткен жүкті әйелді қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны ұзындығы 3-4 см, тығыз, жамбастың өткізгіш осіне салыстырмалы артқа ығысқан, цервикалды канал жабық, бас шонданай сүйегі деңгейінен 2 см жоғары.

Жатыр мойнының осы жағдайы Бишоп шкаласы бойынша ЕҢ ықтимал бағалануы?
#148

*!Босанушы әйелде босанудың 2-ші кезеңінің екіншілік әлсіздігі, нәрестенің қауіпті жағдайы, нәресте басы жамбас түбінде.

Әрі қарай ЕҢ ықтимал тактика қандай?
#149

*!Жүкті әйелде ретті босану әрекеті байқалып, партограмманы толтыру басталды. 2 сағаттан кейін ауртпалы толғақ байқалды.

Босанудың бірінші кезеңінде ЕҢ ықтимал қандай медикаментозды емес ауырсыздандыру түрін қолдануға болады?
#150

*!Босану әрекеті басталған соң 7 сағаттан кейін қағанақ суы кетіп және күшену басталды. Қынаптық тексеру кезінде жатыр ернеуінің толық ашылған, қағанақ көпіршігі жоқ, бас барлық сегізкөз ойысын және қасаға буынын алып жатыр, шонданай сүйегі пальпацияланады, құйымшақ сезіледі, жебе тәрізді жік қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң алдыңғы жағында.

Бастың ЕҢ ықтимал орналасқан жері қайда?
#151

*!Қайта босанушы әйелде босанудың 2-ші кезеңінде 2 сағат бойы ұрықтың басы кіші жамбас жазықтықтары арқылы жылжуы тежелген, нәрестенің жүрек соғысы ритмді, 140 рет минутына, күшену 1 минут сайын, ұзақтығы 60 секундтан, күші жақсы. Қынаптық тексеру кезінде жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ көпіршігі жоқ, басы кіші жамбас кіреберісінде, жебе тәрізді жік қасаға сүйегінің алдына қарай ауытқыған.


Босануды жүргізудің ЕҢ ықтимал әдісі қандай?

#152

*!Мерзімі жеткен босанушы әйелде 12 сағат бойы ретті толғақ байқалады. Қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны 3 см-ге ашылған, қағанақ көпіршігі бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Диагноз: босану әрекетінің әлсіздігі.

Бұндай патологияда ЕҢ ықтимал тәсіл қандай?
#153

*!Мерзімі жеткен босанушы әйелде 12 сағат бойы ретті толғақ байқалады. Қынаптық тексеру кезінде жатыр мойны 3 см-ге ашылған, қағанақ көпіршігі бүтін, басы кіші жамбас кіреберісіне бекінген. Диагноз: босану әрекетінің әлсіздігі.

Бұндай патологияда ЕҢ ықтимал тәсіл қандай?
#154

*!Мерзімі жеткен алғаш босанушы әйелдің партограммасында босанудың бірінші кезеңінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың болжам салмағы 3500,0.

Босануды жүргізудің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
#155

*!Босанушы әйелде босанудың 2 кезеңінің босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі, ұрықтың қауіпті жағдайы, ұрық басы жамбас түбінде орналасқан.

Ары қарай жүргізілетін ЕҢ ықтимал тактика қандай?
#156

*!Босанған әйелде босанғаннан кейін 2-ші тәулікте дене температурасы 39оС көтерілді, ішінің төменгі жағында ауыру сезімі, әлсіздік, жағымсыз иісі бар лохиялар, тахикардия, дірілдеу. Босану кезінде бала жолдасының қалып кеткен бөліктері қолмен бөліп шығарылды. Лейкоцитоз 15,2х109/л, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ 40мм/сағ. Қойылған диагноз: эндометрит, ауыр формасы.

ЕҢ ықтимал емдеу тактикасы қандай?
#157

*!Босанған әйелге босанғаннан кейінгі пельвиоперитонитті комплексті емдеу жүргізілуде.

Консервативті емнің нәтижесі болмаған жағдайда қанша сағаттан кейін гистерэктомия жасау ЕҢ ықтимал болып табылады?
#158

*!Босанған әйелде кесар тілігінен кейін 3-ші тәулікте перитонит диагнозы қойылды.

Берілгендердің ішінде кесар тілігінен кейінгі перитонитте қолданылатын ЕҢ ықтимал шаралар қандай?
#159

*!Босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 15-ші тәулікте оң жақ сүт безінің іріңді маститі диагнозы қойылды.

Іріңді маститті емдеудің ЕҢ ықтимал түрі қандай?

*Амбулаторлы-емханалық акушерия *3*17*4*
#160

*!Пациентте жүктіліктің 4 аптасында ультрасонографияда эмбрионның жүрек соғысы жоқ. Қандағы β-АХГ деңгейінің нәтижесі: 110 мМЕ/мл, қалыптыда жүктіліктің бұндай мерзімінде 101-4870 болуы керек, 48 сағаттан кейін-250.

Дәрігердің ЕҢ ықтимал ұсынылатын тәсілі қандай?
#161

*!Жүктілік мерзімі 8-9 апта жүкті әйел үнемі сілекей ағуға, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қарап тексергенде: гипотония, тахикардия минутына 90 соққыға дейін, диурез аз, қалдық азот пен креатинин жоғары. Зәрдегі ацетон +++. Диагнозы қойылды: Жүктілік 8-9 апта. Ерте токсикоз. Птиализм.


Дәрігердің Ең ұсынылатын тактикасы қандай?
#162

*!Жүкті әйел, жүктілік мерзімі 32 апта аяғында және іштің алдыңғы қабырғасындағы ісінулерді байқайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, АҚҚ 160/110 мм с.б.б., 165/100 мм с.б.б., пульсі 90 рет минутына, анасарка. Диагноз қойылды: Жүктілігі 32 апта. Ауыр дәрежелі преэклампсия.

Дәрігердің ЕҢ ықтимал тактикасы қандай?
#163

*!Алғаш жүкті әйел жүктіліктің 7 аптасында лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, дене салмағын 6 кг жоғалтуға шағымданады. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, тері жабындылары иктериялық, құрғақ, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., нәжісі 5 күн болмаған, диурезі азайған, ацетонурия. Диагноз: Жүктілердің толассыз құсуы. Седативті дәрілер, құсу рефлексін тежегіштер, регидратация, дезинтоксикация және парентералды тамақтандыру үшін инфузиялық заттар енгізумен 3 тәулік бойы қарқынды терапия жүргізілді, ем нәтижесіз.

Дәрігердің алдағы ЕҢ ұсынатын тактикасы қандай?
#164

*!Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелде симптомдық құрысуларға қарсы емдеу мақсатында магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшері жүргізілуде.

Магний сульфатының көрсетілген мөлшерін ЕҢ ыңғайлы енгізу тәсілі қандай?

#165

*!Перзентханаға алғаш жүктіәйел жүктіліктің 36 аптасында бас ауруына шағымданып түсті.

Анамнезінен: соматикалық аурулары жоқ.Обьективті қарағанда: жағдайы ауыр, АҚҚ 160/110 мм с.б.б., нәрестенің орналасуы ұзынша, нәресте басмен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет, жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -8 балл, протеинурия 0,5 г/л.

Дәрігердің ЕҢ ұсынатын тактикасы қандай?
#166

*!Қайта босанушы әйел жүктіліктің 37 аптасында аяқтарындағы ісінуге шағымданып перзентханаға түсті. Анамнезінен: соматикалық аурулары жоқ. Объективті қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 150/100 мм с.б.б., ісінулер беті мен аяқтарында, нәрестенің орналасуы ұзынша, басымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет, жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -6 балл, протеинурия 0,3 г/л.

Дәрігердің ЕҢ ұсынатын амалы қайсы?
#167

*!Жүкті әйелде жүктілігінің 32 аптасында преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы анықталды, босануды индукциялау шешілді.

Нәрестенің респираторлы дистресс синдромының алдын-алу үшін төменде аталғандардың ЕҢ тиімдісі қандай?
#168

*!Жүкті әйел жүктіліктің 37 аптасында аяқтарындағы ісінуге, ұйқышылдыққа шағымданып перзентханаға түсті. Соматикалық аурулары жоқ. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, тері жабындылары мен склерасы сарғайған, АҚҚ 160/100 мм с.б.б., аяқтарында және ішінде айқын ісінулер, диурезі азайған, зәрі қоңыр, протеинурия 0,3 г/л. Hb 90г/л, тромбоциттер 80х10