Файл: за мерзімді жоспарды блімі 4в шебер. Геометриялы салулар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.4В Шеңбер. Геометриялық салулар | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қ. | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Келген оқушылар саны: | Жоқ оқушылар: | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Оқушы: 7.3.2.22 түзу мен шеңбердің өзара орналасуларының жағдайларын зерттейді; 7.3.1.9 шеңберге жанама және қиюшы ұғымдарын біледі; | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасуларының жағдайларын зерттейді, шеңберге жанама және қиюшы ұғымдарын біледі | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатқа жетті, егер: - түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасуларының жағдайларын зерттей алады; - шеңбер центрінен түзуге дейін ара қашықтығын анықтай алады; - екі шеңбердің центріне қатысты өзара орналасуларын біледі. | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - шеңберлердің орналасуын олардың центрлерінің ара қашықтығы мен радиустарына тәуелділігін сипаттайды; Бөлім бойынша лексика және терминология - нүктелердің геометриялық орны; - сектор, сегмент; - хорда, қиюшы; - шеңбердің доғасы, оның бұрыштық шамасы; - шеңберге жанама, жанасу нүктесі; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - түзу және шеңбердің ортақ нүктелері ... (бар, жоқ); - үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесі ... шеңбердің центрі; - егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі арақашықтық шеңбердің радиусынан ... (үлкен, кіші) болса, онда ...; | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу |
(Жұптық жұмыс орындаған кезде оқушылар бір-бірін сыйлап, жақсы қарым-қатынасты дамытады) | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Сызу және Өнер (Бұл бөлімде алынған білім циркуль мен сызғыштың көмегімен фигуралар салудың практикалық дағдаларының дамуына мүмкіндік береді, «Сызу», «Өнер» пәндерін оқу үшін негіз салады, дәлелдеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады.) | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі дағдылар | АКТ қолдану дағдылары Презентация, интерактивті тақтада тапсырмаларды орындайды, әр түрлі программалардың көмегіне жүгінеді.. Коммуникативті дағдылар Оқушыларға сабақ басында ыстық орындық әдісі жүргізіледі. Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Алдын-ала білімдері | Шеңбер, шеңбер ұзындығы, радиус, диаметр | | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 3-5 мин | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыру; Ыстық орындық әдісі – ортаға сыныптан кез келген оқушы шығады. Қалған оқушылар оларға өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды. Егер бере алмаса, мұғалім көмекші сұрақтар қойып, қолдап тұрады. Солай екі немесе үш оқушы шығады. | | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-7 мин 8-9 мин 10-25 мин 26-30 мин 31-35 мин | 1. Біз сендермен өткен сабақта шеңбер мен оның элементтерін қарастырдық, қалай ойлайсындар енді шеңберге қатысты тағы қандай тақырыптар келуі мүмкін? Оқушылар әр түрлі мысалдар келтіреді. Осы мысалдар арқылы оқушыларды жаңа тақырыпқа әкелеміз. -бірлесіп сабақтың мақсаттарын анықтау Жаңа тақырыпты түсіну үшін оқушыларға зерттеушілік жұмыс ұсынылады. Орындалу алгоритмі жазылып тұрады. Жұмысты істемес бұрын оқушылармен шеңбер мен түзудің өзара орналасуының жағдайларын қарастырып, кесте құруды ұсынамыз. Кесте толтырғаннан кейін, қорытынды жасаймыз. Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді. Топтық жұмыс. 1 – топ Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ. 2 – топ Түзу мен шеңбердің бір ғана ортақ нүктесі бар. 3 – топ Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі бар. Зерттеу түріндегі практикалық жұмыс. Мақсаты: Шеңбер мен түзудің өзара орналасуының қасиетін анықтау. Құрал-жабдықтар: қағазға салынған шеңбер және түзудің орнына таяқша, сызғыш. Тапсырма.
R мен d-ға байланысты шеңбер мен түзудің өзара орналасуы туралы қорытынды жасау. Келесі қорытынды шығу қажет: -Егер шеңбер центрінен түзуге дейін ара қашықтық радиусқа тең болса, онда түзу шеңбермен жанасады және екеуінің бір ғана ортақ нүктесі болады. -Егер шеңбер центрінен түзуге дейін ара қашықтығы радиустан артық болса, онда шеңбер мен түзудің ортақ нүктелері болмайды. -Егер шеңбер центрінен түзуге дейін ара қашықтығы радиустан кіші болса, онда түзу шеңберді қиып өтеді және екеуінің екі ортақ нүктесі болады. Мұғалім оқушылардың кестедегі шыққан мәндерін дайын жауап бойынша тексереді. Шығара алмаған оқушыларға көмекші сұрақтар қояды немесе дұрыс істеген оқушы оларға көмектеседі. Өздік жұмысы. С урет бойынша бос орындарды толтырайық: а) Берілген шеңбердің центрі ...... нүктесі, радиусы - ...... кесіндісі. b) Шеңбермен ортақ нүктелері жоқ түзу ......... с) d түзуі шеңбер үшін ..................................... деп аталады, ал В нүктесі ............................................... d) Шеңберге қиюшы болатын түзулер ................................ ....... қиюшысы шеңбермен ....... және ........ нүктелерінде қиылысады. Ал ......қиюшысы шеңберді ........ және ......... нүктелерінде қиып өтеді. ............ және ........... қиюшылары .......... нүктесінде қиылысады. Жұптық жұмыс. | Қосымша 1 Слайд 5-12 Слайд 13 Қосымша 2 Слайд 14-15 | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40мин | Рефлексия: Бүгін сабақта мен қайталадым … Бүгін сабақта мен білдім … Бүгін сабақта мен үйрендім … Мұғалім сабақты қорытындылайды. Оқушылармен бірге дағдыларын және құндылықтарды талқылап, қорытындылайды. | | | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Жеке, топтық жұмыс, бірін-бірі тексеру, қажет жағдайда көмек көрсету. Материалды меңгеру барысында таңдау жасау. | Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, сұрақ-жауап, мұғалімнің бақылауы, мұғалімнің көмекші сұрақтарды қою, дайын жауап бойынша тексеру | қауіпсіздік ережелерін сақтау; - нысандар мен іс-әрекеттердің ауысуы; - көрнекі гимнастика; - Қызықты стандартты емес тапсырмалар; - дидактикалық ойындар. | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |