Файл: аза этнопедагогикасыны туып алыптасуы жне даму кезедері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақтандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихына шолу.
-
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII – XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой –пікірлері мен салт –дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С. Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л. Зеланд т.б) жолжазбалары десек,
екінші – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарын да бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең – 35 –40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі /ХІХ ғ. 2- жартысы/, оның белсенді қайраткерлері. | Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі /1920 –1930/ және ол кездегі қайраткерлер | Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі /1970-2000/ |
1. Қазақ демократ ағартушылары: Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин А.Құнанбаев 2. Орыс, батас саяхатшы ғалымдары: П.С. Паллас Э.С. Вульфсон А.Вамбери А.Левшин А.Янушкевич Н.Г.Потанин Н.Л. Зеланд В.Радлов | Қазақтың зиялы оқымыстылары: С.Торайғыров Ә.Диваев А.Байтұрсынов Ш.Құдайбердиев М.Дулатов М.Жұмабаев Ж.Аймауытов Х.Досмұхаметов Н.Құлжанова М.Әуезов С.Сейфуллин | М.Ғабдуллин Б.Момышұлы Б.Адамбаев Ш.Ахметов М.Әлімбаев Қ.Жарықбаева С.Қалиев Ә.Табылдиев С.Ұзақбаева М.Балтабаева М.Бөлеев З.Ахметова М.Құрсабаева М.Смайылова М.Оразаев К.Қожахметова, т.б. |
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ — ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты.
2. Әр ғасыр ойшылдары мен олардың халықтық педагогика саласына қосқан еңбектері мен тәрбиелік тұжырымдары туралы айтыңыз.
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi — Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.
Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: “Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап “қазақ” деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз…” деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелiп, жазылған бұл тарихи деректер бiздiң қарастырып отырған мәселелерiмiзге тарихи-әлеуметтiк тұрғыда кеңiрек үңiлуiмiзге мүмкiндiк туғызады.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.
Сақтар империясы, шамамен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендедi.
Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдерi (шартты түрде)
Бiрiншi дәуiр Б.д.д. | Екiншi дәуiр Б.д.д. | Үшiншi дәуiр | Төртiншi дәуiр | Бесiншi дәуiр | Алтыншы дәуiр | Жетiншi дәуiр | Сегiзiншi дәуiр |
тас, қола заманда-ры | ҮII-IIIғғ. Б.д. Ү ғ. дейiн | ҮI-IХғғ. аралығы | Х-ХҮғғ. Аралы-ғы | ХҮ-ХҮIIIғғ ара-лығы | ХҮIIIғ.-дан ХХ ғ. 20 ж дейiн | 1920-1990 жж аралығы | 1991жкейiн-гi еге-мендi ел |
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие | Сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi | Ұлы Түрiк қағанаты кезiндегi тәлiм-тәрбие | Араб Шығыс мәдениетi, орта ғасыр ойшылдары-ның тәлiм-герлiк ой-пiкiрлерi | Қазақ хандығы кезiндегi ұлттық тәлiм-тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясын-дағы тәлiмдiк ойлар) | Қазақ-стан Ресейге қосылу кезiндегi ұлт-азаттық қозғалысымен ағарту шылық-демократиялық бағыттағы тәлiм- тәрбие | Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми педаго-гиканың қалып-тасуы | Тәуелсiз Қазақ стандағы ұлттық тәлiмтәр-биенiң өркен жаюы |
Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кiрген. Сақтардың көсемдерi Африсиап, Томирис сол кездегi iрi мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргiзу барысында әскери-көшпелi тұрмысты қалыптастырған.
Металл өңдеп, әлемдiк маңызы зор “скифский зверийный стиль” атты зергерлiк бұйымдар, қару-жарақтар мен киiмдер жасай бiлген. Жылқы жануарын өте қатты қадiрлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тiршiлiктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптерi негiзiнде тәрбиелеп өсiрген. Сол замандарда өмiр сүрген, Тәңiр дiнiнiң негiзiн салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ әлемдегi тұңғыш “Авеста” кiтабын жазған. Заратуштра сол кездiң өзiнде (Аристотельдiң замандасы) рухани-танымдық, тәлiм-тәрбиелiк мәндi ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенiн атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж.) былай деп суреттейдi: “Персидский царь устроил конные ристалища для всадников, представляющих разные народы.
Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша.
Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека…”, — деген екен (61, 27).
Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен бiздiң дәуiрiмiздiң I-II ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлерi болды. Сол кезеңдердегi үйсiн, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кiрдi, ғұндар металл игердi, мал шаруашылығымен айналысты. Бiрақ олардың ең негiзгi кәсiбi әскери-жауынгерлiк өнер едi. Олар өздерiнiң ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, ептi болуға және зергерлiк бұйымдар жасауға тәрбиеледi.
3. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етті?
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туу, қалыптасу, даму кезеңдері
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (ХІХғ.2-жартысы), оның белсенді қайраткерлері
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі
(1920-1930жж.) және ол кезеңдегі қайраткерлер
Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-2005) және оның қайраткерлері
Ш.Уәлиханов
Ы.Алтынсарин
А.Құнанбаев
Орыс, Батыс
саяхатшы- ғалымдары:
П.С.Паллас
Э.С.Вульфсон
А.Вамбери
А.Левшин
А.Янушкевич
Н.Г.Потанин
Н.Л.Зеланд
В.В.Радлов
Қазақтың
зиялы оқымыстылары:
С.Торайғыров
Ә.Диваев
А.Байтұрсынов
Ш.Құдайбердиев
М.Дулатов
М.Жұмабаев
Ж.Аймауытов
М.Әуезов
С.Сейфуллин
Н.Құлжанова
Х.Досмұхамедов
Ә.Диваев
М.Ғабдуллин
Б.Момышұлы
Б.Адамбаев
Ш.Ахметов
М.Әлімбаев
Қ.Жарықбаев
С.Қалиев
С.Ұзақбаев
И.Бөлеев
М.Смайылов
М.Оразаев
К.Қожахметова
Негізі қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы және осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл зиялылардың еңбектерімен тығыз байланысты десек те, шын мәнінде, сол ғасырдың аяғына дейін қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясы дербес ғылым нәтижесіне көтеріле алмады. Оның бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, ғылыми терминдер әлі қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылым саласын жеке ғылым ретінде зерттейтін ғалымдар жетіспеді. Үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық арнайы зерттеу мекемелері мен баспа орындары болмады.
Республикада соңғы 60 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына ондаған баспа орындарының, ғылыми-әдістемелік арнаулы журналдар мен газеттердің ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді. Педагогика, психология терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарын, сөздіктерін жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов, Ш.Әлжанов сияқты біртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек сіңіргендігін сөз жоқ, айта аламын.
Бірақ өкінішке орай, қазақ этнопедагогика ғылымының теориялық тұрғыда негізін қалаған жоғарыда аттары аталған қайраткерлер 1935-1937 жылдары жеке басқа табынудың құрбаны болып, жазықсыз жазаға тартылып кеткен еді. Біраз жылдық тоқыраудан кейін 1950-1980 жылдар аралығында Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, Ш.Кәрібаев, М.Мұқанов, Е.Суфиев, А.Темірбеков, т.б. ондаған көрнекті педагог-ғалымдар педагогика, психология саласында қомақты еңбектер жазып қалдырды. Сөйтіп, қазақстандық төл педагогика, психология ғылымдары аяқтан тік тұрарлықтай қалыптасты.
Енді қазақ этнопедагогикасын дербес ғылым ретінде қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұңғыш қазақстандық ғалымдардың педагогикалық көзқарастарына тоқталып өтейін.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) бар өмірін қазақ қоғамындағы білім мен ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жандануына бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру долында өшпес із қалдырды. «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың «қара домалақ» баласының ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің ауыр халі оны қатты күйзеліске әкелді.
Автор қазақ бастауыш мектептерін қандай пәндер оқытылуы керек дегенге де арнайы тоқталған: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс болуы керек деп көрсеткен еді.
А.Байтұрсыновтың үлкен педагогикалық еңбегінің бірі 1912 жылы жазылған, қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтық фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылы қайта басылып, бірнеше рет қолданылып келеді. Автор осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Қазіргі күнге дейін пайдаланылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш, т.б. лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы осы Ахмет Байтұрсыновтікі.