Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министріні 2022 жылы 27 тамыздаы 382 бйрыына сйкес.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №382 бұйрығына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар Артқы фон мен ойын кейіпкерлері (сабақтың тақырыбы) | ||||
Бөлім | Python (Пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру | |||
Педагогтың аты-жөні | | |||
Күні | 05.04.2023ж | |||
Сынып 9 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Артқы фон мен ойын кейіпкерлері | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.3.3.5 ойынның артқы фонын құру 9.3.3.6 ойынға арналған дайын кейіпкерлер жүктеу | |||
Сабақтың мақсаты: | Ойынның артқы фонын беру түрлерін анықтау; Артқы фонды программалауда жүзеге асыру; Артқы фонға сурет кірістірудің маңыздылығын тұжырымдау. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы (5 мин) Ұйымдастыру кезеңі 1 мин Ой сергіту жаттығуы 1 мин Өткен сабақты пысықтау. 3 мин | Оқушылармен амандасу. Ұйымдастыру: Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Үй тапсырмасы. «Галереяны шарлау» әдісі Сыныптағы қабырғаларға шеңбер салу, тіктөртбұрыш салу, түзу салу тақырыпшалар жазылған парақшалар ілінеді. Оқушылар қозғалыста жүріп өздеріне берілген маркерлермен оларды анықтап жазып кетеді. Үйде орындап келуге берілген оқулықтағы тапсырмаларды компьютерде орындап, жұптасып жауабын талдайды. Ауызша мадақтау, ынталандыру | Мұғаліммен амандасады. Сабақтың мақсаттарымен танысады. Топқа біріктіру: смайлдер арқылы топтарға біріктіру Өткен сабақты пысықтау | ҚБ: «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай жүргіземін. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!. | Оқулық Алматы кітап баспасы | |
Сабақтың ортасы (33 мин) Жаңа сабақты меңгерту 8мин 12 мин 5 мин Onlinemektep 8 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бүгінгі күннің тақырыбын дәптерге жаздыру Жаңа сабақты меңгерту Бұл сабақта ойынның артқы фонын жасауды қарастырайық. Артқы фон жасау үшін фонды кез келген түспен толтыруға немесе суретті жүктеуге болатынын білеміз. Мысалы, фонды қандай да бір түске толтыру үшін мынадай функция қолданылады: pygame.Surface.fill(color, rect=None, special_flags = 0) Функция бетті тұтас түс пен толтыруға мүмкіндік береді. Егер rect үшін тікелей аргумент орнатылмаса, барлық беті толтырылады. Rect аргументі белгілі бір айамаққа толтыруды шектейді. Толтыру, сондай ақ бетті кесу аймағында болады. Color аргументі RGB, RGBA дәйекті немесе түс индексі болуы мүмкін. PyGame-нің нысаны Surface суреттерді көрсету үшін қолданылатынын еске түсіріңдер. Компьютермен жұмыс. Жеке жұмыс Оқулықта берілген артқы фон кірістіру кодын компьютерде орындаңдар 1-код import pygame pygame.init() screen = pygame.display.set_mode((400, 300)) jaulay_surf = pygame.image.load('001.bmp').convert() jaulay_surf.set_colorkey((255, 255, 255)) jaulay_rect = jaulay_surf.get_rect(center=(200, 150)) screen.blit(jaulay_surf, jaulay_rect) bala_surf = pygame.image.load('bala.png') bala_rect = bala_surf.get_rect(bottomright=(300, 270)) screen.blit(bala_surf, bala_rect) pygame.display.update() wpygame.display.update() running = True while running: for event in pygame.event.get(): if event.type == pygame.QUIT: running = False pygame.quit() Топтық жұмыс Артқы фонға сурет кірістіру программасына талдау жасаңдар. Программаны әрбір қатарының қызметіне түсініктеме беріңдер. Жұптық жұмыс Қарапайым бір ойынның сценарийін ұсыныңдар. Сол ойынға кейіпкер таңдап, ойын терезесіне фон мен кейіпкерді орналастырыңдар. Onlinemektep тапсырмаларын орындау Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау | Мұғалімді тыңдайды Бүгінгі күнді және тақырыпы жазады. Оқулықпен жұмыс жасайды. Дескриптор: -Тақырыпты талдап,оны тұжырымдайды ; Жеке жұмыс Оқулықта берілген артқы фон кірістіру кодын компьютерде орындаңдар Дескриптор: -Программаны іске қосады; -Артқы фонын жасауды анықтайды; -Ойын фонын кірістіру командаларын анықтайды; Смайлдер арқылы бағалау Топтық жұмыс Артқы фонға сурет кірістіру программасына талдау жасаңдар. Программаны әрбір қатарының қызметіне түсініктеме беріңдер. Дескриптор - Артқы фонға сурет кірістіреді; - Артқы фонға сурет кірістіру программасын орындайды; - программамен талдау жасайды; Смайлдер арқылы бағалау Жұптық жұмыс Қарапайым бір ойынның сценарийін ұсыныңдар. Сол ойынға кейіпкер таңдап, ойын терезесіне фон мен кейіпкерді орналастырыңдар. Дескриптор - ойынның сценарийін ұсынады; - ойынға кейіпкер таңдайды; - экрана нәтижесін шығарады;. | ҚБ: «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай жүргізілемін. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!. Дескриптор бойынша: 4 балл Дескриптор бойынша: 3 балл Дескриптор бойынша: 3 балл | Дәптер пәндік. Оқулық Тапсырма жазылған дидактикалық үлестірмелер. ДК | |
Сабақты бекіту (7 мин) Бекіту5 мин Кері байланыс 1 мин | 1. Фон дегеніміз не? 2. Ойынға фон кірістірудің қандай жолдарын айта аласың? 3. Рygame-де фондық сурет жүктеу үшін қандай команда қолданамыз? 4. Бір суретті екіншісінің үстіне орналастыру үшін қолданылатын команда? Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай? Өзін-өзі бағалау. | | / Оқулық | ||
Үй тапсырмасы 1мин | Оқулықтағы тапсырманы орындап келу | | | | |