Файл: Математика пнін оытуда саралау тсілдерін олдану Сыдыкова Айнур Алтаевна скемен аласы кімдігіні 47 жалпы білім беретін мектебі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 63
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:
1 тапсырма
2 тапсырма
Теңдеуді шеш:
Жауабы:
3 тапсырма
Машина 8км / сағ жылдамдықпен сағ және 12 км/ сағ жылдамдықпен сағ жол жүрді. Машина қандай қашықтықты жүріп өтті.
Шешуі:
Ж:10 км.
Дескриптор:
-
Ж ай бөлшектерді көбейтеді -
Белгісіз бөлінгішті табу ережесін пайдалана отырып теңдеуді шешеді -
Есептер шартына сәйкес санды өрнек құрастырады; -
Әр есептің жауабын табады
Бағалау: «Ғажайып сызғыш» әдісін қолданамын
Қарым-қатынас формалары (топтық жұмыс) бойынша саралау тәсіліне төмендегі әдістерді қолдануға болады.
«Тұжырымдамалық карта» әдісінде өтіліп жатқан тақырып бойынша постер тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға болады.
Топтық жұмыс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл!» Үшбұрыштың қандай түрі берілгенін анықтап, атауын жазады.
«Өкіл» әдісі, топпен орындайтын практикалық тапсырмалар, «Джигсо», «Аяқталмаған сөйлем», «Біліміңді жинақтайық» бұл әдістердің барлығын топтық жұмыста қолдануға болады.
Қорыта келгенде математика сабағында саралап оқыту тәсілдерін тиімді таңдай білу керек. Математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай қорытынды жасауымызға болады.
1. «Есепке алу» жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да «оқушылық» деңгей есептерін меңгеретіні байқалды. Себебі, ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбейінше келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін өзіне-өзі сенім артып, ілгері ұмтылады.
2. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы – оқушылардың орындаған тапсырмалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».Педагогика 1989 21-20бб. -
Ж.А.Қараев. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі». Педагогикалық технологиясы. Шымкент- 2007. 8-11 бб. -
Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. Алматы 2000 ж -
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. «Математика және логика» №6 2011 ж, №1 2012ж