ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мерекелік әзірлеме «Ирискамен бірге 8-наурыз»
Балалар көңілді музыка ырғағымен шапалақтап кіреді де, жартылай шеңбер болып тұрады
Жүргізуші: Құрметті апалар, аналар, қыздар сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Жүргізуші: Мерекеге бәрі дайын ба? Олай болса біз нені күтіп отырмыз, бірден біздің балалардың көңілді әнімен мерекені бастайық.
Балалардың тақпақтары
Ән «Ақ мамам»
Балалар орындықтарға отырады.
Жүргізуші: Бізге көктем келгенде, жылулығын сыйлайды,
Аналарға арнап біз ертегіден сыйлайық.
Музыка әуенімен Ириска кіріп келеді.
Ириска: Так, мына жерге гүлдерді қоямыз, мына жерге шарларды ілеміз, таак, музыканттар орында, бәрі дайын деуге болады.….
Жүргізуші: Кешірерсіз қымбаттым, не дайын? қандай шарлар? Сіз кімсіз?
Ириска: Мен кім дейді? Сендер кімдерсіңдер? Біз бұл залды құрбым-Карамелька екеуіміз мерекеге орай жалға алғанбыз. Өзімізше бір қыздарша отырып атап өтейік дегенбіз, шәй ішіп дегендей.
Жүргізуші: Тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз! Сіз мекен-жайды шатастырып тұрған шығарсыз. Бұл – балабақша және бұл зал жалға берілмейді.. Қараңыз, қаншама қонақтар отыр, барлығы аналар, апалар мейрамына келіп отыр...
Ириска: Шатастырған мен жоқ. Міне қараңдар, менің құжаттарым да бар, керек болса. Бұл құжатты маған ең мықты кеңсе берген, қанша ақшамды сыпырып алды. (құжатты көрсетеді)
Жүргізуші: (оқиды) Бұл құжатты бергендер, мерекені атап өту үшін, «Қысқы бақшаны» алған екен. ҚЫСҚЫ БАҚША, Ал бұл - БАЛАБАҚША. Міне, кішкентай әріптермен жазылған, көріп тұрсыз ба. Оқыдыңыз ба өзі?
Ириска: (ұялып) Мен үлкен әріптермен де оқи алмаймын. Ештеңе де білмеймін, сендер маған жол берулерін керек. Қане, тараңдар. Мерекелерің болмайды.
Жүргізуші: Тұра тұрыңыз, құжатыңыз жалған, мекен-жайды шатастырдыңыз, ал біз кету керекпіз бе сонда?
Ириска: Әрине, сіздерде мүлде қызық емес, ал біз өзіміздің көңілді әндерімізді салайық деп жатқанбыз.
Жүргізуші: Біз де ән айта аламыз, би де билей аламыз.…
Ириска: Ой, осыны ән мен би деп тұрсыңдар ма, біз Карамелька екеуіміз ән салғанда, ормандағы барлық жан-жануарлар індеріне қашып-тығылады. Ал билей бастасақ, онда бізге тең келері жоқ, Ал сендер, билей де алмайтын шығарсыңдар?
Жүргізуші: Билегенде қандай...
Ириска: Демек, жол бергілерің келмейді….
Мен қазір ашулансам, жаман болады. Мерекені де көрмейсіңдер, аналарыңды да құттықтамайсыңдар.
Күннің көзін ұрлап аламын.
Көктем де келмейді сендерге, бұл жаққа жолды таба алмайды. (күннің көзін алып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, күннің көзі жоқ болса, мерекеміз қалай өтеді?
Біздің ұзақ жолға дайындалуымыз керек, қызыл күнімізді мерекеге қайтару керек.
Бірақ, Ирисканың қайда тұратының мен білмеймін, балалар. Ойлап таптым!
(айпад алып шығады) О, кей, гугл, Ириска қайда тұрады?
Дауыс: Ириска-сайқымазақ қыз. Циркта тұрады, тура жүресіз, сосын солға бұрыласыз , әрі қарай….(гудки)
Жүргізуші: Әрі қарай не?Отырып қалды…Жолымыз болмай тұрғаны-ай. Әрі қарай мүмкін сол цирк шығар? Жолға шығайық.
Шеңбер бойымен кедергілерден өтіп жүреді.
Жүргізуші: Сендер кедергілерден жылдам өттіңдер ғой, тіпті циркке қалай жеткеңімізді байқамай қалдық.
Көңілді музыка ырғағымен Клепа сайқымазақ жүгіріп шығады
Клепа: Мына жерде кім шулап,менің, Клепа сайқымазақтың мазасын алып тұр?
Жүргізуші: Клепажан, бұл біз – «Ақбота» балабақшасының балаларымыз. Күнді іздеп жүрміз. Оны бізден сенің досын Ириска алып кеткен, күнсіз біздің Көктеміміз келмейді.
Клепа: Тағы бастады ма ол, циркте неге тыныш отырмайды екен осы…
Жүргізуші: Ол бізге ренжіп қалған, бүгін 8-наурыз мерекесі ғой, біз балалармен апалар мен аналарды құттықтап жатқанбыз, ол болса кетіңдер, кетіңдер деп…
Клепа: (басын ұстап) Расында да, мен қалай ұмытып кеттім, құттықтамадым да! Болды, енді маған да ренжитін болды, жаман болды-ау. Сендер оны құттықтаған жоқсыңдар ма сонда?
Жүргізуші: Жоооқ! Балалар, шынымен де, Ириска да әйел адам ғой. Жағдайды түзету керек. Оны тағы кездестірсек, міндетті түрде құттықтайтын едік.
Клепа: Мен сендерге көмектесейін, қазір скайппен хабарласайын, өзі-ақ ұшып келеді. (набирает)
Жүргізуші: Скайппен?
Клепа: Бізді ескіріп қалған деп пе едіңдер? Бізде циркте айфонмен, айпадпен жүргеңдер көп қазір, ал біреуі болса тіпті циркке ноутбукпен келген.
Содан қалғаны ғой
-Ириска сұлуым, үн қатшы…. (гудок со скайпа)
Ириска:- Не керек саған Клепа?
Клепа: -Мен саған қоңырау шалып тұрғаным…не ғой... Мерекенмен, бар жақсылықты тілеймін дегендей. Сені кешкі асқа шақырайын деп едім, Саған сыйлығым бар.
Ириска: Мен... мен қазір....тез арада, клепажан. Жүгіріп барамын.
Музыка әуенімен Ириска шығады.
Ириска: Ал, құттықта енді, сені ұмытып кеткен бе десем…Ал сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?
Маған қарсы қастандық ойластырып қойдыңдар ма? Клепа, мен саған мұны кешірмеспін.
Жүргізуші: Ириска, біз сені құттықтамадық, сол үшін сен бізді кешірші өтінемін. Біз сені де мерекемен құттықтаймыз. Саған және аналарымызға арнап би билеп береміз.
Би «Жаяу»
Ал енді біздің ата-аналарымыздан сыйлық қабыл ал. Қазір олар саған керемет рэп оқып береді.
Ата-аналармен ойын «Диджей»
Ириска: Ой, керемет көңіл-көтереді екенсіңдер, біз де Клепа екеуіміз көңілді ойын білеміз «Анамды мен сүйемін» деп аталады.
Ойын «Анамды мен сүйемін»
Ириска: Ой, балалар, қандай шапшаң едіңдер, мен сендердің тәрбиешілерін болайыншы.
Жүргізуші: Ириска, біздің балабақшадағы тәрбиешілердің барлығының білімі бар. Сенің педагогикалық білімін бар ма?
Ириска: Жоқ. Мен онда сендердің аналарын болайыншы?
Жүргізуші: Біздің балалардың аналары бар.
Ириска: Онда әжелерің?
Жүргізуші: Әжелері де бар.Біздің әжелеріміз ең жас, ең әдемі, ең күшті. Қазір балалар саған айтып береді.
Әже туралы тақпақтар /4/
Би «Көбелектер мен гүлдер»
Клепа: Сендермен достассақ бола ма ең болмаса, біз дос бола аламыз ғой? Келісіңдер, әйтпесе тағы ашуланады….
Жүргізуші: Әрине дос бола аламыз. Бізге қонаққа жиі келіп тұрыңдар.
Ириска: Дос болған қандай керемет! Мен де қыс бойы көктемді күткен шығармын, мен де әйелмін, сыйлықтарды жақсы көремін. Жарайды, солай-ақ болсын, күнді берейін сендерге, алыңдар (береді)
Жүргізуші: Рахмет Ириска. Біздің балаларымыздың атынан керемет ән қабыл алыңдар.
Ән «Айналайын анашым»
Жүргізуші: Ириска, Клепа сендерге көп рахмет
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ириска және Клепа сайқымазақтары.
5 минуттан соң цирк алаңына сіздер шығасыздар!
Кешікпеулеріңізді сұраймын!
Клепа: Біздің кетуіміз керек балалар! Барлық әйел қауымын көктем мерекесімен құттықтаймыз. Сау болыңдар балалар!
Кейіпкерлер музыка әуенімен кетеді.
Жүргізуші: Мереке күнімен қарсы алам өзіңі
Сәбилік үніммен арнаймын сөзімді - демекші
Барлығымыз аналарымызға алғыс айтамыз. Біздің сіздерге арналған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Сыйлықтарды таратады.
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осыменен мерекеміз аяқталды.
Барлықтарыңызды тағы да көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын. Сау-саламатта болыңыздар!