Файл: Реферат Таырыбы Оушылар жымын алыптастыру жне зерттеуді дістемесі. Топ дпмно201 С.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 46

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейіне, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А.С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі- баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігінің еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын қолға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл – күйімен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс – әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау б,т.

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:

--- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиалдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына, негізделген істердің еліктіруі;

--- нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің хақымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдыстырылуы;

--- оқущыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.

Мұғалімнің міндетті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс - әрекет жүйесін құру, осы әс - әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып бір міндет шешімінен екіншісіне қозғалту.

Ұжымның жасампаз істері қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән жыр көктемі, тақырыптық күштер, т. б.мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс - әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірласкен қатынастарын дамытуғак көмектесуде. Ол бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылар мен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып, оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой - өрісін кеңейтеді, талғаиды құлықтық көз қараспен қабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.


Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екендігін көрсетеді:

--- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына болашақ үміт дүниесін мінндет етіп қояды және міндетті шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;

--- өздеріне – болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойылған мақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастаиасын мұғалімнің қуаттап, оған жету жолдарын табуға көмектеседі.

Түрлі болашақ үміт діүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс - тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы ең бір маңызды кезең. Ортақ іс - әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек және ол қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу балаларды еліктірудің болашақ үміт дүниесі естеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі мүмкін. Кез келген іс баланың ақыл ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей, тек еңбегімен қылығына ғана емес әсемділікке талғамды көз қарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, сәулетті безендірілген болуы керек. әсіресе мерекелер сәулетті және салтанатты ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата – аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында балаларға силықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.

Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің

кәсіби маңызды қасиет – сапалары.

Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар ( А. Сатынская, В.А. Сластенин, Г.Сманова т.б. ) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып, педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі « педагогтар - оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру ара

сындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал б. т. «Оқушылар» жүйесінде қарым – қатынас « педегогтар – оқушылар » жүйесінде бар қарым – қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.



Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде қарастырылатын ұжымщылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.

Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқшылармен және қоқушылардың бір – бірімен дұрыс өзара қарым – қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым – қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барыындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:

1. Мұғалім іс - әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механзмдерінің обьектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

3. Оқушы ұжымын.ың қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.

5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа ( сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі ) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыра алу.

6. Алғашқы сыныптық ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін - өзі басқаруды үйлестіре алу.

7. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды өзара байланыс жасауының ролін түсіну.

Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.

Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында « оқушылар мен ынтымақтастықта бола алу қабілеті » критерийі - қазіргі мектеп мұғалімдерінің зеттеу іс - әрнекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым – қатынас жасауда қолданудың мүміндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл ойын, ерік жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салумен оқыту мен тәрбиелоеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу.


Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысындағы әлеуметтік белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс - әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың жауапкершілік, белсенділік, іздемпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын ұмтылуын қамтиды.

Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көз қарас тагнытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдассыздығының айқындығы, педегогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігін мектепте ұйымдастырылатын жүмыстардың тиімділігіне сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.

Қоғамдық қатынаста мұғалім тарапынан емес белсенді топ мұшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.

Тапсырмалар сабақта сабақтан тыс орыналатын жұмыстарға байланысты берілуі қажкт: мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушыларды ң өздері таңдағандары орынды. Орын.далған тапсырмалар мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.

Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жарты жылдық, тоқсандық жоспар жасалады. әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.

Жинақталған және талданған материалдарын сын,ып жетекшісі « балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруіне болады. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде біден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата – аналар арасында талқылануы тиіс.

Окушы ұжымының жағдайын диагностикалау жане оқушылармен , ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізілуіне сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.


Падаланылған әдебиеттер.
1. М. Көпжанова. Оқушылардың коастан тыс жұмыстарында колективизмге тәрбиелеу. Алматы 1978ж

2. В.А. Сухомлинский. Колективтің құдіретті күші. Алматы. 1979ж.

3. В.А. Сухомлинский. Методика воспитание колектива. Москва. 1981ж

4. Я.Л. Коломенский. Психология детского колектива. 1984 ж. Минск.

5. Ж.Б. Қоянбаев.

Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана 1998ж.

6. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003ж.