Файл: 1 ндірістік жарытандыруды трлері мен рылымды ерекшеліктері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 71
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
I – III разрядтардағы көру жұмысымен өндірістік үй-жайларда бірлестірілген жарықтандыруды орындау қажет.
Әр түрлі аудандарда орналасқан ғимараттар үшін нормаланған ТЖК мәні мына формула бойынша анықталады:
| | (2) |
мұнда N –табиғи жарықпен қамтамасыз етілу нөмірі;
eH – ТЖК мәні (әкімшілік аудан);
mN – жарықтық климаттың коэффициенті.
2 формула бойынша алынған мәнді ондық үлеске дейін дөңгелектейміз.
Жарықтық климаттың сипаттамасында бір жыл ішінде күн сәулесінің арқасында үй-жайға жарық өткелдері арқылы жіберілетін жарық ағыны, сәулет-конструктивті шешімге және көлденең жақтаулар бойынша жарық өткелдерін бағдарлау ескеріледі.
Жарықтандыруды бақылау 23–05–95/1/ Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес люксметрдің көмегімен орындайды.
Үй-жайларды табиғи жарықтандыруды бағалауды ТЖК (%) көрсеткіші бойынша жүргізеді; осы мақсатта үй-жай жиһаздардан және басқа да жарық экрандардан толық босатылады, терезелер (перде, және т. б.) мұқият жуылады. Нормаланатын нүктелеріндегі жарықтандыруды (лк) люксметрмен анықтайды. ТЖК (%) 1 формула бойынша есептеледі. ТЖК-нің алынған мәніy қалыптасқан мәндермен салыстырады.
Есте сақтау қажет: I – III разрядтардағы жұмыстарды орындау үшін міндетті түрде табиғи жарықтандырудың жеткіліксіздігіне байланысты бірлестірілген жарықтандыруды қолданады. Үй-жайларда және жұмыс беттерінде бірлестірілген жарықтандыруды бағалау ТЖК (%)көрсеткіші бойынша жүргізеді.
Фотоэлектрлік люксметр жарықтандыруды (лк) өлшеуге арналған. Аспаптың әрекетінің ұстанымы фотоэлектрлік әсер құбылысына негізделген. Тұйық тізбекте, фотоэлемент және өлшеуіштен тұратын селен фотоэлементін жарықтандыру кезінде (спектралдық сипаттамалары бойынша адамның көру сезімталдығына жақын) жарық ағынына пропорционалды берілетін ток туындайды. Аспап көлеңкейленген жарық сүзгісі бар, жарықтандыру өлшеу диапазонының 5-тен 50000 лк-ке дейін және одан да көп ұлғаюымен жабдықталған.
1 – сурет. Люксметр
Люксметрдің қателігі шкаланың басында максималды шамаға ие, сондықтан жоғары дәлдікті өлшеу мперметр бағыттамаларының шағын ауытқулары кезінде төменгі өлшеу шегіне өту қажет.
Жарықтандыруға қойылатын талаптар:
Табиғи жарықтың негізгі легі сол жақтан түсу керек. Негізгі лектің оң жақтан, арттан және алдаңғы жақтан бағытталуына жол берілмейді . Күн сәулесінің тіке түспеуі керек.
Информатика кабинеті үй - жайының солтүстік – шығысқа бағдарланған табиғи және жасанды жарықтануы болуы қажет. ТЖК (табиғи жарықтандыру коэффициенті) қар көп түсетін аймақта 1,2 % -дан , ал басқа аймақтарда 1,5%- дан кем болмауы керек. Жарықтандыру қатынасы – 3;1 Қабырғаны төбеге дейін немесе белгілі бір биіктікке деін бояуға мынадай түстегі сырлармен рұқсат етіледі:
ашық – көгілдір, ашық – жасыл, ашық – сұр, ашық – сары. Терезе жақтауларын, терезе алдын ақ түсті сырмен бояу керек.
Монитор экранына қарсы тұрған қабырғаны қара түстес сырмен бояуға болмайды.
Жұмыс үстелдерінің түсі табиғи ағаш түсті , көгілдір, ашақ –жасыл, ашық – сұр орындықтардың беті жылтырамайтындай болуы керек.
Терезеге қабырға түсімен сәйкес келетін перделер (жалюздер) ілінеді. Перделер табиғи жарықты өткізбейтін және терезені толық жауып тұратындай болуы қажет.
1. Жұмыс уақытында:
- жоғарыда көрсетілген барлық ережелерді, сондай – ақ мұғалімнің ағымдағы нұсқауларын қатаң орындау керек;
- құрылғының дұрыс жұмыс жасауын қадағалау керек. Құрылғылардан ерекше дыбыс шыққан немесе ол өздігінен өшіп қалған кезде жұмысты дереу тоқтату керек және бұл туралы мұғалімге хабарлау қажет;
- пернетақта түймешіктерін қатты соқпай, жаймен басу керек;
- пернетақтада таза қолдарымен жұмыс істеу қажет;
- кабинетке адамдар кірген кезде, өз орнынан тұрмау керек.
2. Жұмыс соңында:
-жұмыстың аяқталған уақытын тіркеу жураналына жазу керек;
- құрылғыны жұмсақ, таза мақтамен сүрту қажет ;
Осы ережелерді білу және тиянақты орындау жазатайым уақиғаларды болдырмауға, білім, іскерлік және дағдыны табысты меңгеруге, мемлекеттік мүлік – компьютерлік техника мен құрылғыларды қорғауға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Еңбекті қорғаудағы негізгі сүрақтардың бірі болып өндірістік ғимараттар мен жұмыс орнындағы толық құрамды жарықтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Жұмыс орнын ұтымды жарықтандыру - бұл өндірістік жарақат алуды төмендетудің, жоғары еңбек өнімділігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Өндірісте жүмысты жарықтандырудың табиғи және де жасанды жарық берілуі қолданылады тағы да олардың аралас түрі. Табиғи жарықтандыру қабырғадағы терезелер арқылы орындалады. Жасанды жарық берудің нормасы екі жүйені қарастырады, ішкі жарық беруді құру кезінде қолданылатындар:
- жалпы жарықтандыру жүйесі;
- аралас жарық беру жүйесі;
Бірінші жүйе ғимараттағы жасанды жарық берудің толығымен тек ғимараттың жоғарғы аумағында орналасқан шамдар арқылы жүзеге асатынын көрсетеді.
Бүл шамдар жалпы жарық беру шамдары деп аталады және ғимаратта бірқалыпта немесе әртүрлі орналасуы мүмкін яғни жұмыс орындары мен жүмыс аймақтарының орналасу есебі бойынша.
Екінші жүйе - аралас жарық беру жүйесінің біріншісінен айырмашылығы ол бір уақытта екі шам тобы арқылы іске асуы мүмкін: аралас жарық берудің жалпы жүйесі жэне жергілікті жарық беру, жүмыс үстелінің жанына орналасқан немесе тікелей сонда орналасқан жэне жүмыс істейтін жағдайға жарық ағымын жіберуші. Аралас жарықтандыру жүйесінің бірқатар техникалық және экономикалық артықшылығы болғанымен ол жалпы жарық беру жүйесіне қарағанда сирек қолданылады.
Бөлмелердің және жұмыс орындарында орынды жарық түсіру еңбек етуге қолайлы жағдайлар туғызады
Жарықтандыру кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, қауіпсіздік жағдайы көтеріледі, шаршағандық төмендейді. Жеткіліксіз жарықтандыру кезінде жұмысшы айналасындағы заттарды нашар көреді және өндірістік жағдайға бейімделу қиындайды. Дұрыс емес және жеткіліксіз жарықтандыру қауіпті жағдайдың пайда болуына әкелуі мүмүкін. Жақсы көру жағдайын күн сәулесі жасайды.
Жарықтандыруды тиімді ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын жеткілікті жарықтандыру ғана емес, сонымен қатар жарықтандырудың тиісті сапалық көрсеткіштерін жасау керек. Жарықтандырудың сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: жарық ағынының біркелкі таралуы, жарықтық, жарық күші, фон, обьектінің фонмен карама – қарсылығы.
Өндіріс, қызмет, тұрмыс бөлмелерін және жұмыс аймағын жарықтандыру үшін табиғи жарықты және жасанды жарық көздерін қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Омаров А.Д., Целиков ВВ, и др. Экологическая безопасность на транспорте Алматы КазАТК1999, 352 с.
2. Омаров А.Д., Целиков ВВ, и др. Инженерные решения по безопасности труда на транспорте Алматы КазАТК 2002, 459 с.
3. Зальцман М.Д., Байкенжеева А.С. Еңбекті қауіпсіздігі бойынша инженерлік есептеулер. (Оқу құралы) Алматы КазАТК 2011, 85бет.
4. Байкенжеева А.С., Торгаев А.А., Абдрешов Ш.А. «ӨТС» пәні бойынша зертханалық жұмыстар жиынтығы. Алматы КазАТК . 2007ж.-85 бет.