Файл: Сабаты зіндік талдау ызылорда облысы, азалы ауданы М. Матаев атындаы 170 орта мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
“Жаратылыстану” пәнінің оқулығында оқыту және білім берудің түрлі стратегиялары қолданылады. Атап айтқанда: • іріктелген тапсырмалар арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, дамыта оқыту; • оқушыларға түсінікті мысалдар арқылы мәселелерді шешу стратегиясын модельдеу; • жеке, топтық және бүкіл сынып қатысатындай тапсырмаларды қолдану; • тапсырма арқылы әр оқушының өз ойын тыңдау және олардың білімін дамыту; • оқушылардың зерттеу қабілетін дамыту; • “оқу және оқыту үшін бағалау” арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, қолдау көрсету
Табысты оқытуға жету үшін және құзырлы мұғалім болу үшін, Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman,2007) атты кестесіне жүгінеміз. Шульманның ілімі бойынша, «сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолдануы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады» деп пайымдалған (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9 бет). Білім мен ғылымды өз дәрежесінде менгеріп, іске асыра білген мұғалім нағыз мұғалім болады - бұл менің ұстанымын яғни нағыз мұғалім өмір бойы ізденеді, табудың жолын, амалдарын қарастырады. Білімді болу сол білімін біліктілікпен іске асырып, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, міне бүгінгі мұғалімге қойылатын талап осы.Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы бірлесіп жұмыс жүргізуі керек.
Жоғарыда аталған білім берудің басым бағыттары мен маңызды шарттарын тұрақты ұстана отырып, оқыту барысында әр сабағымды сапалы, нәтижелі өткізудемін. 1 сыныпта Ана тілі пәнінен « Алфавит сыры. Жылқы» тақырыбында өткізген сабағымның рефлексивті есебін ұсынып отырмын.
Бұл сыныппен ашық сабақ ретінде беріп отырғаным алғашқы. Сондықтан өзім де сабақ басында қатты қобалжу байқалды. Бірақ келе өзімді жинақтап алдым. Оны қатысқан мұғалімдер де ұсыныс ретінде жазыпты. Сыныптың зейінін сабаққа аудару және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Қара күйе көбелегін аулау» тренингін жасаттым. Ойын баласы болғандықтан аса қызығушылықпен орындады. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыра келе, топты өтіп жатқан тарауға байланысты «Төрт түліктің» суреттері бойынша топқа бөлдім. Осы топқа бөлуде, балалар шулап кетті. Бір оқушым жылқы тобында отырғысы келіп еді, оған сурет жетпей қалды. Аружан деген қыз, бірден маған ренжіген болып орнына ренжіген күйі, сабаққа қатыспаймын деп отырып еді. Аябек деген ұл бала өзінің жылқы тобына барып отырған жерінен, ақырын өз суретін бере салып, Аружанға өз орнын берді. Бұл жайт, мен үшін жаңалық болды. Өйткені Аябек тәртібі қиындау бала болатын. Бұл ісімен Аябектің өзгергенін байқадым. Алдыңғы сабақтарымда топқа бөлінгенде шулап кететін. Ойларын айтуға қысылатын, бір – бірінен ұялатын. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі өздері құрған ережені еске салып, ескерту айтып отырдым. Топтағы талқылауда да «ақырын сөйлейік деп» өздерінің өзгергенін көрсете білді. Үй тапсырмасын сұрауда «Бота» өлеңін қимылмен айтқыздым. Бұл кезең, сәтті шықты десем де болады.. Өйткені алдыңғы сабақтарымда хормен және де қимылмен айқызу қиынға түсетін, жеке баға алғылары келіп, бірінің айтқанын, бірі жақтырмайтын. Бұл жолы менің ойымнан шықты. Келесі өткенді еске түсіру мақсатында алфавитпен жұмыс жүргізуде, әліде
топпен жұмысты жандандыру керек екенін түсіндім .Өйткені, 1-ші топқа дыбыс, әріп туралы ережені естеріңе түсіріп өзара топ арасында бөліп айтыңдар десем, түсінбей отырып қалды. Бірақ өзім барып әрқайсысына не айтатынын бөліп бердім. Ал 2-ші топқа дауысты дыбыстарды тауып қызыл сиямен дөңгелектеңдер деген тапсырманы, олар жақсы орындап шықты. 3-ші топта барлық мүшелер қамтылмай қалды, екі қыз шетте отырып қалды, оларға барып, қолдарына көк қалам ұстатып жұмыстың жүйсін көрсетіп бердім, содан барып екі қызым қимылдады. Топта барлық топ мүшелер атсалысса ғана, жұмыстың нәтижелі болатынын айттым, олар тапсырмаларын үлгермей қалды. Аяқтамасада тақтаға шығардық, өйткені уақытпен санасуымыз керек екенін айтым.Бірақ бұл топтың ұйымдаспағанын көрсетеді деп ұйт жағдай екенін айтып кетуім керек еді, мен оны жіберіп алыппын. Бірақ оны балалармен келесі сабақта аяқтадық