ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1829
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сурет 2. Театрланған іс-әрекет негізіндегі (сынып театры) сыныптағы
тәрбие жүйесін модельдеудін үлгі құрылымы
Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ:
1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.
2. Тәрбие жүйелік сипатта болу.
3. Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушьшармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.
195
4. Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуі қажет.
Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенін түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы - оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларынын қалыптасуы - өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады.
Осылайша, мотивті қалыптастырып, білім беріп, іс-әрекетті ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы - окушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді.
Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді тандау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.
Басқару теориясы тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, олар:
1) тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.);
2) шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
3) шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
4) ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
5) жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру;
6) мерекеге дайындық;
196
7) сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;
8) ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;
9) тәрбиелік шараларды өткізу;
10) оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мөшелерімен) бірігіп өткізілген шараларға талдау жасау;
11) оқушылармен бірігіп алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәжірибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткізуге болады.
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық әңгіме өткізу ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, көбінесе, этикалық әңгімелер үгіт-насихатпен алмастырылады. Мұғалімдер В.А. Сухомлинскийдің мұғалімнің сөзіне, оның оқушымен әнгімесіне зор мән берген пікіріне қосылады. Ал, бір жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттің осы бір саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалімнің мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.
Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасына «Өзін өзі рухани дамыту» курсын енгізу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесін біршама шешуге мүмкіндік береді, бірақ ол сынып жетекшісінің жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1) Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінің негізгі компонентері кандай?
2) Сынып жетекшісінің басты қызметтерін атаңыз.
3) Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің негізгі міндеттері қандай?
4) Сыныпта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атаңыз.
5) Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшеліктері қандай?
6) Тәрбие мақсаты дегенді қалай түсінесіз?
197
7) "Адамның еңбекке қатынасы" дегенді қалай түсінесіз?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1) Тәрбиелік жүйенің 5 сыныпқа, 9 сыныпқа және 11 сыныпқа арналған үлгісін жасап, әңгімелеп беріңіз.
2) Сыныпта театрлық үйірме, эстетикалық тәрбие орталығын ұйымдастыру негізінде тәрбие жұмысының вариантын жасаңыз.
3) а) Эстетикалық тәрбиеге,
ә) еңбек тәрбиесіне,
б) азаматтық тәрбиеге,
в) интернационалдық тәрбиеге, т.б. арналған тәрбиелік шаралардың жобасын жасаңыз.
Реферат та
қырыптары
1. Мектептің сыныптың тәрбие жүйесі туралы түсінік.
2. Оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша іс-әрекетін ұйымдастыру.
3. Оқушылардың табиғатқа. қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша іс-әрекетін ұйымдастыру.
4. Сыныптағы тәрбие жүйесі жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.
5. Сыныптық тәрбие жүйесі мектептегі тәрбие жұмысының бір бөлімі.
198
2.8. Жанұядағы педаі огикалык процесс және оның мектеппен
өзара байланысы
Мақсаты: жанұя тәрбиесінің тұтас педагогикалық процесс ретінде мәнін ашу.
Міндеттер:
а) Қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі жанұя тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу.
э) Жанұяның тәрбиесін ұйымдастырудың теориялық негізі.
б) Жанұяның педагогикалық негізгі сипаттамасы мен тәрбие әдістері.
в) Мектеп пен жанұя қарым-қатынасының түрлері.
Жоспар
1. Жанұя - тәрбие факторы.
2. Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі.
3. Жанұяның педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялық негіздері.
4. Жанұядағы педагогикалық процесінің негізгі сипаттамалары.
5. Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық және жанұялық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, диагностика әдістері, әрекеттестік формалары, мектеп пен жанұяның тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.
Баска пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, физиология, этнопедагогика, валеология.
Жануя - тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарлауы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да
199
түрі алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
1. Репродуктивті - баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік - жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалык - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті - жанұялык қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
5. Рекреативті - іс-әрекет ұйымдастыру (1 сурет).
Сурет 1. Жанұяның негізгі қызметтері
Жанұя - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
200
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылык бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті -қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананын манызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық жанұя мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне "өзінше" қиындық әкелді.
Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол -балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуып қалыптастырады.
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана мен бала ғана болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы - ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
201
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардьвд мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінін тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу керек.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерін калыптастырулары қажет.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҮҮ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенция" маңызды негізгі құжат болып табылады. "Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек", - деп жазылган Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-