Файл: Жоспары Кіріспе i тарау. Теориялы блім.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 186

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынандай төрт түрлі шырайы бар:

  1. Жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шырай.

Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептелінеді. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия.

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың санына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар (формалар) мыналар:


а) –рақ, -рек, -ырақ, -ірек; Мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен. (С.Мұқанов); Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшақырақ (Ғ. Мүсірепов).

ә) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; Мысалы: Ниет қабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады (Ғ. Сланов). Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. (Ғ.Мүсірепов).

Бұл екі форма - өте өнімді формалар.

б) –қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -ақ; Бұл өнімсіз жұрнақтар, мысалы: Дымқыл шалғынның арасында, бозғылт тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В.Катаев): Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты. (С.Мұханов).

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма. Мысалы: Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай (С. Ерубаев); Аппақ ет , қып-қызыл бет , жап-жалаңаш, қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. (Абай).

Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Мысалы: іс - тым қиын да, абыройлы да іс (С.Ерубаев); ол тіптен жақсы адам екен. (А.Тоқмағанбетов); Абай – нағыз үлкен реалист ақын («С.Қ.»); Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек. («С.Қ.»).

Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп де жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны –лау, -леу (-тау, -теу, -деу) жұрнағы. Мысалы: ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өн беріп, безеніп тұр (Ғ.Мұстафин); Жүзі қуқылдау керімкөз жігіт өзінен өзі жымиып қойды (Ғ. Спанов) деген сөйлемдерде –дау(-деу) жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының үстеріне қабаттасып тұр.
Сын есім.





Түрлері

Мысалдар

І.Мағынасына қарай

1) сапалық

ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу

2) қатыстық

тұзды, арманды, ақшалы

ІІ.Тұлғасына қарай

1) негізгі

жақсы, әдемі, кең, суық

2) туынды

қысқы, таулы, сынық, өткір

ІІІ.Құрамына қарай

1) дара

кіші, тар, нәзік, мол

2) күрделі

ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман



Сын есімнің шырайлары.


Жұрнақтары__Мысалдар'>Шырай түрлері

Жұрнақтары

Мысалдар

І. Жай шырай




әдемі, жақсы, ақ, көк

ІІ.Салыстырмалы шырай

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу, қыл,- ғыл, -ғылт, -ғылтым,- қылтым

-шыл, -шіл,- шылтым, -шілтім, -ілдір,
-ақ, -қай, -ғыш

Жақсырақ, ағырақ, көгірек, жақсылау, ақтау, көктеу, құқыл, бозғылт, сұрғылт, сұрғылтым, ақшылтым, көкшілтім

Көкшіл, көкшілтім, ақшыл, ақшылтым, көкшілтім, көгілдір

бозақ,қартаң, сарғыш, сұрқай.

ІІІ. Күшейтпелі шырай

1)күшейткіш буын арқылы
2)өте, тым, аса, бек, тіпті, нағыз, ең, нақ

Жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары, өте әдемі, тым жақсы, аса биік, тіпті жақын.


Сын есімнің жасалуы

І. Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл арқылы жасалауы.

1) Сын есімдердің есімдерден жасалуы.



Жұрнақтар

Мыслдар

  1. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

атқты, пайдалы, тасты

  1. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, тік.

қалалық, жылдық, қоғамдық

  1. –сыз, -сіз

пайдасыз, білімсіз, ақылсыз

  1. –қы, -кі, -ғы, -гі

жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі

  1. –шыл, -шіл,

турашыл, ұйқышыл, көпшіл

  1. –дай, -дей, -тай, -тей

таудай, тақтайдай, үйдей

  1. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес



пікірлер, қызметтес, жерлер, көршілес

8.шақ, -шақ

көйлекшең, сөзгең, ашушаң

9.–и

әдеби, мәдени, тарихи, әскери

10.–қой

сәнқой, әзілқой, кәсіпқой

11.–қор

жемқор, жалақор, ызақор

12. –паз

өнерпаз, білімпаз, жағымпаз,

13.–дар, -тар,

қарыздар, білімдар, хабардар



2. Сын есімдердің етістіктерден жасаулы.


Жұрнақтар

Мысалдар

1. –қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек

сынық, жабық, ашық, қорқақ, сирек, ісік.

2. –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш

сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоқғыш.

3.-қыр, -гір, -ғыр, -гір

тапқыр, өткір, білгір, ұшқыр.

4.-дық, -дік

жалауылқ, тістеулік, маңыраулық.

5.-нды, -інді, -ынды, інді, -нді

туынды, жаттанды, жасанды

6.-нқы, -інкі, -ыққы, -қкі

басыңқы, ісіңкі, көтеріңкі.

7.-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

қызба, бөспе, даурықпа, құрама.

8.-малы, -мелі, балы, -белі, -палы, пелі

ауымпалы,таңдамалы,

серіппелі,бүрмелі

9.-улы, -улі

ерттеулі, жинақтаулы, бүктеулі.

10.-ымды, -імді, мды, -мді

жарамды, сенімді, тиімді, қонымды.

11.-шақ, -шек

мақтаншақ, еріншек.

12.-қақ, -ғақ

жабысқақ, тоңғақ, майысқақ.

13-қы, -кі -ғы, -гі, -

жинақы, күлдіргі, бұралқы.

14-ғылықт, -гілікті, -қылықты, -кілікті


жергілікті,тұрғылықты, жеткілікті,

тыңғылықты.

15.-аған, -еген

сүзеген, қабаған, қашаған.


ІІ. Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасаулы.


І. Қосарлы сын есімдер

а) ұзын-ұзын, биік-биік.

ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі.

б) ұсақ-түйек, жаман-жұман.

в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси.

ІІ. Тіркесті сын есімдер

а) қара қасқа, қызыл ала.

ә) ақ шашты, қысқа бойлы.

б)жібек баулы, ат жақты.

ІІІ. Тұрақты тіркес

а) қолы ашық, тілі ұзын, басы бос, көзі ашық.

ә) көңіл көтерерлік, күн көрерлік.


Сын есімнің синтаксистік қызметі.


Сын есімдер мағына жағынан заттық сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбірек анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Жіңішке ине мен жуан иненің аралығындағы жуантық инені бәсең ине дейді (Ғ.Мұстафин); Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды (Абай); Тоты құс түсті көбелек жаз сайларда гүлемек (Абай) деген сөйлемдердегі негізгі сын есімдер де, туынды сын есімдерде анықтауыш болып тұр.

Сын есімдер сөйлемде баяндауыш та болады. Ондайда, сөйлемнің басатуыштары жіктеу есімдіктерінен болса, сын есімнен болған баяндауыштарға жіктік жалғаулары қосылады. Мысалы: Мен тіпті жүйрікпін (Ғ.Мүсірепов); Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін (С.Сейфуллин) деген сөйлемдегі жүйрікпін, қара көкпін деген сын есімдер – баяндауыштар.

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды дегендегі алғашқы жақсы анықтауыш та, соңғы жақсы-пысықтауыш, сол сияқты, жақсы оқу үшін көп оқу керек дегенде де, жақсы деген сөз пысықтауышты пысықтап тұр.

Сын есімдерге негізінен көптік, тәуелдік, септік жалағулары жалғанбайды бірақ сөйлемде жүктелген міндетке қарай сын есімдер зат есімнің қызметіне де ие бола алады. Мұндай жағдайларды сын есімдерге не көптік, не тәуелдік, не септік жалғауы (я олар қабаттасып) жалғанады да, зат есім орнына жұмсалады. Мұны, әдетте, сын есімнің субстантивтенуі (заттануы я заттық мағынада қолданылуы) деп айтамыз. Мысалы: Жақсыдан үлгі ал (мақал); Ескіге жаңа өлшеуіш (мақал);

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай) дегендердегі жақсыдан сөзі жақсы адамдардан дегеннің орнына, ескіге сөзі ескі нәрсеге дегеннің орнына, жастарға деген жас адамдарға дегеннің орнына қолданылып отыр.

Сын есімдерге көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанып заттанғанда (субстантивтенгенде), сын есім өзінің негізгі сындық мағынасының үстіне заттық мағынаны жасап алады. Мұндайда, сын есім атау тұлғада тұрып кім? не? деген сұрауға жауап берсе, сөйлемнің бастауышы болады да, бұрма жалғауларда тұрып (іліктен басқа) толықтауыштың сұрақтарына жауап берсе, толықтауыш болады. Кейде көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанбай-ақ сын есімдер атау ретінде тұрып заттық мағына береді де, бастуыш бола береді. Мысалы: Бітер істің басына, жақсы келер қасына (мақал) дегендегі жақсы деген сын есім кім? деген сұрауға жауап беріп, жақсы адам дегеннің орнына жүріп тұр. Бұл сөйлемдегі жақсы – бастауыш мүше. Бірақ ондай сын есімдер тек ол сөйлемде ғана субстантивтенеді, біржолата зат есімге айналып кетпейді.