ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 192
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қыз
оқушы
Жақсы бала
адам
жер
Керісінше, «бір зат есімге көп сын есім» ойыны.
инабатты
ажарлы
әдепті қыз
көңілді
сұлу
V. Сабақты қорытындылау мына сұрақтар бойынша іске асырылады:
- Сын есімнің қандай түрлерін өттік?
- Туынды сын есім қалай жасалады?
- Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде? Мысал келтір.
Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ержесі мен сұрақтарын айыра берулері керек. Өз ойлары мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен жаңа сабақты қорытындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сәбіз, жапырақ, түлкі т.б.суреттері үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түр-түсін айыру үшін сөйлем құр деп тапсырылады. Қай бала тез, дұрыс сөйлем құрап, бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, ұтқан болып шығады.
Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.
Ту Қара торғай
Көгілдір ту Қара торғайға
Желбіреді Ұя жасадық
Машина Қоян
Бақытжан жеңіл Сұр қоян
Машинаға мінді Қашты
Мамам қызыл Жапырақ
Алма әкелді Күзде жапырақ
Алма Сары түске боялды.
VІ. Үйге 388-жаттығуды жазып келу тапсырылады.
VІІ. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.
2-сыныпта «Сын есімдерді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.
1.Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту
2.Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету.
3.Белгілі бір нақты заттың әрі алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап айтуға баулу.
4.Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдерінде мағынасына қарай дәл таңдап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.
Оқушылар заттың сынын білдіреті сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? Сұрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдарда кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс.
369-370- жаттығулардағы қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін, мағыналарын айтқызу арқылы оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер жайлы білетіндері еске түсіріледі. Онда әрі мұғалім сұрақ-жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.
Мысалы, мұғалім алмаың суретін көрсетіп, оның не екенін айтқызады дәмі, түсі, пішіні қандай екенін сұрайды, немесе қалың, жұқа кітаптарды салыстырады т.б. нәтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дәмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп аталатынын біледі; оларға қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын ұғады.
Бұдан кейін сын есімдерді зат есімдерден қатыстырып айтуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Ондағы - сын есімдердің кез-келген зат есімнен тіркесе бермейтінін аңғарту. Оқулықтағы жаттығулардың бірқатары осы ұғымды бекітуге арналған. Мәселен 372-жаттығуда зат есімдердің алдына керекті сын есімдерді қойып жазу берілген. ... бәтеңке, ... тон, ...сай, ... айран, ... шие, ... көше.
Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең. Ал тәтті 373-жаттығуда бұдан керісіше, берілген сын есімдерді зат есімдермен қатар қойып айту.
Бұдан кейін сын есімдерді зат есімдермен қатыстырып айтуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мақсат сын есімдердің кез-келген зат есіммен тіркесе бермейтінін аңғарту. Оқулықтағы жаттығулардың бірқатар осы ұғымды бекітуге арналған. Мәселен 372 – жаттығуда зат есімдердің алдына керекті сын есімдерді қойып жазу берілген.
... бәтеңке, ... тон, ...сай, ... айран, ... шие, ... көше. Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тәтті.
Ал 373-жаттығуда бұдан керісінше, берілген сын есімдерді қатар қойып айту.
Жуас, таз, биік, сұйық, жүйрік, ұзын. Үлгі: жуас ат, таза көрпе, биік тау,...
374-жаттығуда қандай? қай? Сұрақтарының орнына тиісті сын есімдер жаздырылып, оның қай өсзбен байланысып тұрғаны айтқызылады. Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай) кітап оқыдым. Бізге (қандай) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай) үйлер көбейді. Керекті сөздер: қызыл, қызық, көп, биік.
375-жаттығулардың мақсаты балаларды бақылау, байқау қабілетін арттыру, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйрету. Мәселен тақтай десек, оқушы жалпақ тақтай деумен шектеліп қоймай, оның қалың не жұқа, ұзын не қысқа екеніне көңіл аударуы тиіс. Сөйтіп бір заттың бірнеше белгісін білдіру үшін жоғарыдағы жаттығуы мынадай үлгіде орындатуды ұсынамыз:
Жалпақ
Қалың Тақтай
Тегіс
Ұзын
376-жаттығуда берілген сын есімдерге қарсы мағыналы зат есім тауып жаз, олардың мағыналарын салыстыру талап етіледі, әр сын есім оған қатысы бар зат есіммен байланыстырылып айтқызылады.
үлкен
жаңа
жіңішке
қысқы
ірі
күшті
Үлгі: үлкен үй, жаңа көйлек,...
Сын есім үнемі зат есімнің анықтауышы ретінде келе бермей, кейде сөйлем соңында келіп, сөйлемді аяқтап тұрғанын да аңғартуға мақсат етіледі.
381-382 жаттығулар осыған арналған. Көп нүктенің орнына зат есімнің алдыңғы сын есімдерді қойып жазу. Екі бағанды салыстырып, қай бағандағы сөздер-сөйлем, қай бағандағы сөздер-сөйлем емес екенін айту.
таза ауа ауа таза
ақ мақта мақта ақ
жазық дала дала жазық
жақсы бала бала жақсы
Сын есімге 8 сағат уақыт бөлінген, соған орай 32-жаттығу беріледі. Соның бәріне жеке тоқтатылып жатпай-ақ негізгі назар аударылатын мәселелерді баяндап өттік. Кейінгі жаттығулар сын есімге байланысты берілген ұғымды бекіте, кеңейте түсуді, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын молайтуды, белгілі бір затты сипаттай білуге үйретеді, айтылған белгілері бойынша суреттелген нәрсені тапқызуды, т.б мақсаттарды көздейді.
Ал енді сын есімді оқытуға арналған сабақ жоспары:
-
Сабақтаң тақырыбы: сын есім. -
Сабақтың мақсаты: заттың түрін, түсін ажыратуға үйрету.
Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыса сөйлеуге дағдыландару.
3. Сабақтың тәрбиелік мәні:
Оқушыларды көркемдеп сөйлеуге көркем етіп, әдемі етіп жазуға, әдемілікке кішіпейілділікке, адамгершілік - имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың қазақ тілінде мақалдық, шешен сөйлеуге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
4.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қолдан жасалған плакаттар, үлестірмелер, ойыншықтар, юлар салынған буклет.
5. Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
6. Сабақтың барысы: Ұйымдасытру, үй тасырмасын тексеру, жаңа сабақ.
-
Кіріпе әңгіме. Оюлардың түрін көрсетіп:
-
Балалар , мыналар нелер? -
Оюлар -
Ою қай халықтың өнері? -
Қазақ халқының -
Ою не үшін керек? -
Әсемдік үшін -
Ою қандай жерлерде қолданылады? -
Түс киізде, текеметте, ұлттық киімдерде қолданылды. -
Ою қандай түстермен өрнектелген? -
Көк, қызыл, сары, қара, күлгін, ақ түстрмен. -
Заттың түсін білдіріп тұрған қай сөздер? -
Қызыл, сары.
Тақтаға плакат ілінеді.
Жақсы ұл – еліне бас,
Жаман ұл – еліне қас.
-Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөз?
- Жақсы, жаман.
Заттың түрін, түсін, сапасын, сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады.
-
Оқулықпен жұмыс
387-жаттығуды бірнеше оқушыға оқытып, сын есімдерін тапқызамыз.
Ақ жүрекпен таза ақыл
Қылсақ адал еңбек
Бәрінен де сол мақұл-
Артқыға жол бермек.
Сен бола көр аққа жақ,
Болам десең адам.
Адал еңбек бере бақ,
Бассақ соған қадам.
-
Тақтамен жұмыс.
Бір оқушыға тақтаға, қалғандары орында отырып, жаза бастайды.
ІV Сергіту сәті
Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұғып қалды көбелек.
-
Өздігінен жұмыс істеу.
Сын есімге қатысты мақалдар айтқызу.
-
Өтірік сөз өрге баспас -
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
-
Жалған сөз –жанға қас,
Жалқау қойшы малға қас
-
Еріншек адамның ертеңі бітпес
V. Жаңа сабақты қорытындылау барысында, суретті билет ойынын ойнатқан жөн. Оқушыларға сурет салынған үлестірмелер тапсырып берілді де, сол суретке байланысты оқушылар сөйлемдер ойлап табады. Суретті билет ойыны айрықша тапсырма бойынша жүргізуге болады. Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.
Ту Қара торғай
Көгілдір ту Қара торғайға
Желбіреді Ұя жасадық
Машина Қоян
Бақыт жеңіл Сұр қоян қашты
Машинаға мінді Жапырақ
Алма Күзде жапырақ
Мамам қызыл Сары түске
Алма әкелді Болады.
VІ.Үйге 388-жаттығуды жазып келу тапсырылады.
VІІ. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
Сын есімен өткенді қайталау
ІІІ. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: сын есімнен алған теориялық білімін тиянақтау. ә) Дамытушылық: ақыл – ойларын, іскерлік, белсенділіктерін дамыту. б) Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру, еркін жазу, болжау.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар. Тақырыпқа арналған кесте, суреттер кесте карточкалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, шет тілі, сурет,
Сабақтың барысы.
-
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа әзірлігін қадағалау.
(Ақ, көк, қоңыр көгершіндерді ұшырып, солардың түстеріне қарай оқушыларды үш топқа бөлді.)
-
Кіріспе. Қымбатты оқушылар, міне, бүгінгі сабақта, біз сын есімнен өткенді қайталаймыз. Сабақтың мақсаты- сын есімнен алған теориялық білімдеріңді бекіту. Ендеше тақтадағы күннің реті мен сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазыңдар. -
Ой шақыру. 1. Көгершіндердің түсі қандай?
2. Бұлар қай сөз табына жататын еді?
4. Топтастыру. Енді сын есімнен өткендерімізді топтастыра қояйық.
І топ. Сын есім дегеніміз не?
ІІ топ. Сын есімнің маңызды белгілері.
ІІІ топ. Сын есімнің түрлері.
( Таратылған қағазға ойларын түсіріп, дәлелдейді.)
-
Бекіту.
Енді, негізгі тақырыбымыз сын есімнен өткендерімізді бекітеміз. Ол үшін деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
( 3 топқа тапсырмаларды тарату.)
І топ. І деңгей.
Мына сөздердің антонимдік, синонимдік қатарларын жаз. Күшті. Биік. Қысқа. Үлкен.
Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі сын есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.
Өнерпаз............................................................( сөйлем )
Түйінді.............................................................( шопан )
Жасынды..........................................................( бала )
Басыңқы............................................................( суретші )
Әуесқой.............................................................( ой )
Таңдаулы...........................................................( адам )
Сөзшең..............................................................( торқа )
ІІ. Топ
Дара және күрделі сын есімдерді ажыратып, қалай жасалғанын айт.
Сұр, қара, ала, сулы, көгілдір, қаракер, шұбар, қара мұртты, жирен, аласа бойлы, бадырақ көзді.
Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін бірнеше сын есім ойлап жаз.
Түрі түсі;
Сыры сипаты;
Аумағы, көлемі;
Дәмі, иісі;
Пішіні
ІІІ. Топ.
Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз.
Қысқа-қысқа, көк-ала, ап-аласа, ал қара көк, шыңқай-қара, тәп-тәуір, сұп-сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі-ұсақты.
Жұрнақ арқылы:
Күшейткіш буын арқылы:
Сөз тіркесткрі арқылы:
Қосарлану арқылы:
Мына бос тор көздерді дұрыс толтыр.
-
Ешкімге еш нәрсені бермейтін, беруге қимайтын адам. -
«Тентек» сөзінің синонимі. -
Заттың пішіні. -
Заттың көлемі. -
Айтқанға сене салатын, еш нәрсе байыптап байқамайтын адам. -
Малдың түсі. -
«Ақ» сөзінің антонимі.