Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 912

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;



      8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;



      8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;



      8-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;



      9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;



      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;



      10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;



      11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;




      12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;



      12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;



      13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;



      13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;



      13-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;



      14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;



      15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;




      16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);





      16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;



      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;



      18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;



      18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;



      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;



      20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;



      20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;



      21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;



      22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;



      22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;



      22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;



      23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;




      24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;



      24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;



      24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;



      24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;



      24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;



      24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;



      24-6) алып тасталды – ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;





      24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;



      24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;



      24-9) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;



      24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;



      24-11) алып тасталды – ҚР 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;





      24-12) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;



      24-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;




      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:



      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);





      2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;



      3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;



      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;



      5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;



      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;





      7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;



      7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;



      7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;