Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 925
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
39-бап. Білім туралы құжаттар
1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат.
Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.
Білім туралы құжаттардың қорғаныш белгілері болады.
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.
Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.
5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 08.01.2021 № 410-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
40-бап. Білім беру ұйымдары
1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады;
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды.
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
5) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;
8) арнайы білім беру ұйымдары;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады.
Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;
2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы;
3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру;