Файл: лгілі йді ыздары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 65

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Үлгілі үйдің қыздары»
(Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады)

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!


Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.


Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.


Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып жүргізушілер сахнаға шығады).
Қыз: Жеңеше, көктем келді, күн жылынды, айнала шуаққа бөленді. Мінеки, аналар мерекесі де келіп қалды. Осы аналар мерекесіне орай біз неге мерекелік шара ұйымдастырмаймыз?
Жеңге: Иә, Сырғалым, дұрыс айтасың. Бір мерекелік шара ұйымдастыруымыз керек. Көктем келді, жер аяғы кеңіді. Қыс қыспағынан құтылған адамдар көңілдерін көтерсін. Ендеше, халықты жинайық.
Қыз: Мә, жеңеше, залға қараңыз, халық жиналып қалыпты. Әлде сіз маған айтпай шара ұйымдастырып қойдыңыз ба?
Жеңге: Иә, Сырғалым, тауып қойдың. Көктемнің алғашқы мерекесі «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай «Сырғалым - сырласым» атты қайын сіңлісі мен жеңгесі арасында өтетін сайыс ұйымдастырған едім. Залда отырған халық осы шараны тамашалауға келіп отыр. Ендеше, осы шараны екеулеп жүргізсек қайтеді? Бұл ұсынысыма қалай қарайсың?
Қыз: Әрине, жеңеше сіз қолқа салып тұрғанда мен қалай жоқ деп айтайын. Олай болса халықпен амандасайық!
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, сіңлілер, құрбылар, ұстаздар! Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Осыған байланысты бүгінгі «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай мектебіміздің 5-10 сынып аралығындағы оқушы қыздар мен олардың жеңгелерін қатыстырып өткізгелі отырған «Сырғалым – сырласым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
1-жүргізуші: Біздің мерекелік сайысымыз жеңге мен қайын сіңлінің қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 7 жұп қатысады. Құрметті қонақтар, сайысымызды бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. __________________________________________________________________________

2. ___________________________________________________

3. ___________________________________________________

4. ______________________________________________________________
Құрметті қазылар алқасы бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлеріміз өте үлкен дайындықпен келіп отыр. Сондықтан сайыскерлеріміздің әрбір бөлім бойынша көрсеткен өнерлерін, білімдерін сарапқа салып әділ бағасын береді деген үміттеміз.
2- жүргізуші: Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,
Мен - дағы оның бәрін жақсы білем.
Бір ғажап – ұл - қыз біздің елде керім,
Қадірлеп құрметтейді жеңгелерін.

1 - жүргізуші: Жас келін үй билемес тізгінді алып,
Ал сосын тым бауырмал біздің халық.
Қазақтың жас - кәрісі өле – өлгенше,
Самарқау тұра алмайды өнер десе.
Білмесең, таны, достым, жақын барып,
Шетінен қазақ деген ақын халық.
Даламыз жазық болса қанша біздің,
Сондай кең пейіліміз де баршамыздың – деп ақын апамыз Ф. Оңғарсынова жырлағандай, өнерлі де бауырмал қазақ халқының салт - дәстүрі ұшан - теңіз. Ендеше бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ажарлы жеңгелер мен ару қыздарымызды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық!
1-жұп: 10 А -сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________
2-жұп: 10 Б-сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________
3-жұп: 9 А-сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________
4-жұп: 8-сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________
5-жұп: 7-сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________


6-жұп: 6-сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________
7-жұп: 5-сынып оқушысы _____________________, жеңгесі _______________________________

2 - жүргізуші: Ендеше, түрлі түсті гүл күлтелерін таңдау арқылы сайыскерлеріміздің реттік

нөмірлерін анықтайық

(Сайыскерлер гүл күлтелерін таңдау арқылы реттік номерлерін таңдайды)


1 - жүргізуші: Сайыскерлеріміздің реттік номерлерін анықтап алдық, олай болса сіздерді сайыс

шарттарымен таныстыра кетейін. Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.

Әр бөлімде жоғары ұпай 5 баллмен өлшенеді.
1-бөлім: «Сәлемменен басталар сөз атасы» (Жеңгесі мен қайын сінілісі бір – бірін таныстыру)

2-бөлім: «Зерделінің – ойы озық» (Шапшаң сұрақтарға жауап беру)

3-бөлім: «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерлерін көрсету)
4-бөлім: «Жеңгесі бар қандай - ды» (Салт - дәстүрге байланысты көрініс қою)



Сайыскерлер сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру кезеңіне дайындала берулеріңізге рұқсат.
2 - жүргізуші: Гүл көңілі қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді, - дей отырып, сайыскерлеріміздің таныстыруын тамашалайық!
(Әр жұп реттік номері арқылы кезектесіп өздерін таныстырып шығады)
1- жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, - дей отырып, келесі «Зерделінің – ойы озық» кезеңі бойынша шапшаң сұрақтарға жауап беру үшін, қатысушы қыздарымыз бен жеңгелерін құрметпен ортаға шақырамыз.

(Әр жұпқа 5 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа ортақ 1 ұпай беріледі)

Сайыскерлер сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерлінің өрісі кең» кезеңіне дайындала берулеріңізге рұқсат.
1- жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би-билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Арулар жеңгесімен аянбай-ақ жан салыпты, - дей келе келесі кезекті «Өнерлінің өрісі кең» бөліміне береміз. Бұл бөлімде жеңгесі мен қайын сіңлісі бірігіп өз өнерлерін көрсетеді.
2- жүргізуші: Сұлулыққа қарап көз тоймайды,
Сұлулыққа өзін – өзі баяндайды.
Естілер құдіретті бүгінгі сөз,
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1- жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған, - дей келе ендігі кезекте аруларымыз бен жеңгелерінің қазақтың салт-дәстүрінен хабар беретін көрінісін тамашалайық. Олай болса «Жеңгесі бар қандай – ды» кезеңі бойынша әр жұп салт - дәстүрге байланысты көріністер қояды.

1- жүргізуші: “Батырды батыр жеңер алысқанда,

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда”- демекші, сайыс болған жерде алға озып шығу бар да, кейінде қалу да бар. Бүгінгі сайыста сынға түскен аруларымыз бен жеңгелеріміздің бәрі де шетінен көрікті де ақылды, білімді де өнерлі екенін байқадық. Десек те, қайсысының тұлпары оза шапқанын айтар әділқазыларға сөз кезегін береміз және бүгінгі сайысқа қатысушы аяулы қыздарымыз бен жеңгелерін ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Әділ қазыларымыздың қорытынды есебі дайын болғанша Оразбай Арунанын орындауында

Ән: «Ана»

Ендігі кезекті қазылар алғасына береміз

(Сайыскерлеріміздің алған бағаларын есептеп, қорытындысын айтады, жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтар беріледі.)

1- жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Үлгілі үйдің қыздары» атты сайысымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, бүгінгі мерекелік кешімізді қорытындылау сөз көзегін әділ қазыларға береміз

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осыменен «Үлгілі үйдің қыздары!» атты сайысымыз аяқталды. Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекелік сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Жақсы күндерде жолыққанша. Сау болыңыздар.