Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 41 мектепгимназия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

№41 мектеп-гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Жәмешова А.Б

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Дененің массалық центрі

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттарым:

7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаттары

Жалпыға бірдей: «Механиканың алтын ережесінің» тұжырымдамасын білу

Кейбірі: Жай механизмдердің қолданылуы кезінде «Механиканың алтын ережесінің» орындалуын түсіну

Жеке: Жай механизм мен «Механиканың алтын ережесінің» орындалуына мысалдар келтіре білу

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 мин

Ұйымдастыру: Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру

ІІІ. Үй жұмысын тексеру : (Дағдылар: ойлау, айту, ақпарат алмасу, тыңдау)


Оқушылар сабаққа дайындалады




Кітап, интербелсенді тақта

5 мин

Өткенге шолу: АВС әдісі арқылы оқушыларға шағын тест жүргізу

1. Механикалық энергияның неше түрі бар?

А) 2 в)3 с) 4

2. Энергия бар деп қандай денелерді айтады?

А) қозғалатын денелер

В) тыныштықтағы денелер

С) жұмыс қабілеті төмен денелер

3. Энергияның ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі?

А) ватт в) секунд с) джоуль

4. Денелердің қозғалысы салдарынан туындайтын энергия қалай аталады?

А) жұмыс в) энергия с) кинетикалық энергия

5. Дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі қалай аталады?

А) жұмыс в) энергия с) кинетикалық энергия


оқушылар дұрыс жауапты түрлі – түсті қағазды көтеру арқылы жауап береді.


ҚБ: Смайликтер арқылы бағалау

(өте жақсы, жақсы, орташа)

Презентация

Кеспе қағаздар

Слайд
АВС






10 мин

Жаңа тақырыпты меңгеру:.

Адамзат қоғамының заманауи дамуы кезеңінде адамның күнделікті өмріне қажет болатын күрделі механизмдер мен құрылғылар жасап шығарылған.

Көне заманнан бізге белгілі бір әрекетті жүзеге асыру үшін бұлшық еттердің күші жеткіліксіз болғанда(мысалы ауыр тасты көтеру үшін) адамдардың еңбегін жеңілдететін құралдар мен құрылғылар пайдаланылған. Бұл құрылғыларды жай механизмдер деп атай бастады.

Демек, кез келген жай механизмді күштен ұтыс алу үшін пайдаланады.
Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау»

Жеке жұмыс: «INSERT» әдісі: Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. Тапсырманы оқып, түртіп алу, кесте жүйесі бойынша жұмыс жасалады:


W- білемін

+ жаңалық

- білмеймін

?- білгім келеді















Оқушыларға жаңа тақырып түсіндіріледі.

ҚБ «Назар аударту немесе оқуға бағыттау


Электронды оқулық

Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау

12 мин

Саралау тәсілі: «Қарқын», «Диалог және қолдау»

Топтық жұмыс: «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі

Оқушылар топ ішінде бір-біріне жұптасып, топтасып бір – біріне көмектесе отырып тапсырманы орындайды. Өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады.

1 – топ тапсырмасы:

a) Өмірде қолданылатын қарапайым механизмдерге мысал келтіріңіз.

b) Суреттерді сипаттаңыз. Қай жағдайда аз күш жұмсалады, неліктен?



Бағалау критерийі

Білім алушы

• «Механиканың алтын ережесін» түсіндіреді

2 – топ тапсырмасы: Бауыржан болаттан жасалған есікті аз күш жұмсап жабу үшін А және В нүктелерінің қайсысына күш түсіруі керек? Неліктен?


Бағалау критерийі

Білім алушы

• Күш моментіне анықтама береді
3 – топ тапсырмасы: Шырпыны ортасынан сындырыңыз, алынған бөліктерді тағы да ортасынан сындырыңыз және бөліктер тым ұсақ болғанға дейін осылайша шырпыны бөле беріңіз. Неліктен ұсақ бөліктерді сындыру үлкен бөліктерді сындыруға қарағанда қиын?


Оқушылар жаңа тақырып бойынша білімдерін толықтырады.

Дескриптор. Білім алушы

- жай механизмдердің қолданылуына мысал келтіреді;

- суреттерді салыстырып, күш аз жұмсалатын жағдайды анықтайды.

Дескриптор. Білім алушы

- әр нүктеге түсірілетін күш моментін анықтайды;

- күш моменттерін салыстыру арқылы күш түсіру нүктесін анықтайды.

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Күш моментіне анықтама береді

Дескриптор

Білім алушы

- күш моменті қандай физикалық шамаға тәуелді екенін түсіндіреді


ҚБ: «Шапалақтау»

(1 – шалалақтау дәлелдемесі нақты емес

2 – шалалақтау дәлелдемесі жақсы

3 – шалақтау дәлелдемесі мықты)



Кітап

презентация

5 мин

Саралау тапсырмалары: Үлгерімі жақсы оқушыларға төмендегі деңгейлік есептерді шығаруды ұсынамын:
А –тобы: Рычагтың ұштарына салмақтары 78,4 Н және 235,2 Н жүктер ілінген. Кіші иіннің ұзындығы 0,5 м болса, онда үлкен иіннің ұзындығы неге тең?

Б – тобы: Шығыр валының диаметрі 20см-ге, ал дөңгелегінің радиусы 0,6-ге тең. Құдықтан салмағы 120Н суы бар шелекті көтеру үшін шығырдың дөңгелегіне шамасы қандай күш түсіру керек?

С – тобы: Массасы 10кг, ұзындығы 40 см сырықтың ұштарына массалары 40 кг және 10 кг жүктер ілінген. Осы сырық тепе-теңдік қалыпын сақтауы үшін, тіреуді оның қай жерінен қою керек?



Оқушылар кестені толтырады

Дескриптор: Білім алушы

-Есептің

шартын жазады;

Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

-Рычагтың ұштарындағы үлкен иінінің ұзындығын анықтайды;

-күш моменттерін салыстыру арқылы күш түсіру нүктесін анықтайды.





learningapps.org

5 мин

Саралау тәсілі: «Қорытынды»

«Ыстық орындық » әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту.

Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі.

  • Оқушылар жай механизмдердің көмегімен қалай жұмыс атқаруға болды?

  • мысалы, аз күш жұмсап, массасы үлкен жүкті қалай жоғары көтеруге болады?

  • Оқушылар блок, қайшы т.с.с. жай механизмдердің ортақ қасиеті туралы не білесіз?

ҚБ: Ауызша мадақтау (Жарайсың)
Үй тапсырмасы:

Күнделікті өмірден күш моментіне 5 мысал келтіру


Дәптерге дұрыс дауабымен бірге көшіріп жазады







5 мин



написать администратору сайта