Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі с. Сейфуллин атындаы аза Агротехникалы университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-жанұя мүшелерінің жеке немесе кәсіптік жұмыстармен айналысатын орын. Пәтер екі қабатқа орналасқан жағдайда жатын бөлмелерді екінші қабатқа орналастырады. Жататын орын бір адамға 2х0,8м қарастырылады. Жатын бөлме ерлі зайыптыларға, бір немесе екі адамға жобаланады. Ерлі зайыптыларға жобаланған жағдайда онда үш жасқа дейінгі балаға ұйықтайтын орын қарастырылады. Екі адамға арналған бөлме ауданы 10 – 14 м2 -ден, ал 1 адамға – 8 м2 кем болмауы тиіс. Бөлме ені I-II классты ғимараттарда – 2,4м, ал III-IV классты ғимараттарда- 2,2 м кем болмауы тиіс. Оңтүстік аудандарда ұйықтайтын бөлмелер батысқа қарамауы керек, себебі онда ол бөлмелер түнде ысып кетеді. Жатын бөлмесі – ұйықтауға арналған жай. 12.82 , 13.55 м2
Асхана. Мұнда тағам дайындаудан басқа жанұя мүшелері тұрақты тағам ішетін орындар қарастырылады. Асханаға қажетті технологиялық жабдықтарды (плита, жұмыс столы, мойка, тоңазғытқыш) бір қатар орналастырған жағдайда қабырға ұзындығы 2,7 м болуы керек. Сонда оның ауданы бөлме жихаздары мен жабдықтарын тиімді орналастыруға байланысты кемінде 8 м2 кем болмауы тиіс
Асхана біріктірілген тұрғын жайларды функционалды шешімінің нұсқасы болып табылады. Адамның тамақтануы мен өзара тілдесу мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «ұлы депрессиядан» кейін АҚШта ойланып табылған. 17.97 м2
Ванна бөлмесінің өлшемі ванна мен умывальник түріне және оның өлшеміне, сонымен қатар кір жуатын машина сиятын өлшемі 0,75х0,5 м кем болмайтын жер болуы керек. Сонда ванна бөлмесінің ең кіші өлшемі - 1,75х1,6м Әжетхана есігі ішке ашылған жағдайда бөлме ені 0,8 м, ұзындығы 1,4 м кем болмауы керек, ал сыртқа ашылғанда 0,8х1,2м. Санитарлық түйіндер. Әжетхана – ені 1 м, ұзындығы 1.5 м. Ванна – ені 2м, ұзындығы 2м.
Ауыз бөлме пәтерге кірер жерде орналасады және оның қызметі басқа бөлмелермен байланыстыру. Мұнда сырт киімге, аяқ киімге арналған жихаздар және айна болуы қажет. Ауыз үйдің ені 1,4 м кем болмайды. Олар басқа бөлмелермен коридорлар немесе жалпы бөлме арқылы байланыста болады. Тұрғын бөлмелерге баратын коридорлар ені 1,1 м, кухня, санузелге баратын коридорлар ені– 0,85м кем болмауы тиіс. Бұл коридорларға шкафтар мен антрисольдар орнатылады. Сондын менің ғимаратымның ені – 1600мм, ұзындығы – 2800мм.
Кесте 2.1 Жайлардың экспликациясы
Позиция | Жайдың атауы | Ауданы |
101 | Асхана | 9.91 м2 |
102 | Ас үй | 8.06 м2 |
103 | Жұмыс бөлмесі | 7.61 м2 |
104 | Қойма | 2.60 м2 |
105 | Дәліз | 6.51 м2 |
106 | Ауыз бөлме | 4.35 м2 |
107 | Шеберхана | 15.64 м2 |
108 | Жалпы бөлме | 20.19 м2 |
109 | Қонақ бөлме | 14.42 м2 |
111 | Санитарлық түйін | 2.26 м2 |
201 | Жатын бөлме | 12.82 м2 |
202 | Жатын бөлме | 13.55 м2 |
203 | Дәліз | 12.84 м2 |
204 | Чердак | 37.9 м2 |
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
1 | Жалпы ауданы | 150,56 м2 |
2 | Құрылыс ауданы | 126,36 м2 |
3 | Тұрғын ауданы | 84,23 м2 |
4 | Құрылыс көлемі | 1086,7 м3 |
5 | Коэффициент К1 | 0,4 % |
6 | Коэффициент К2 | 5,7 % |
-
Құрылымдық шешімдері
Қаңқасыз екі қабатты каттедж. Ұзындығы – 11700 мм , ені – 10800 мм. Жалпы биіктігі 8,6м. Негізгі көтеруші элементтер – кірпіш қабырғалар және темір - бетонды жабындар.
Іргетас - ғимараттың тіректік бөлігі, ол арқылы ғимараттан жерге салмақ түседі. Іргетас судан, температурадан қорғалған. Сол үшін де іргетасқа небір мықты материалдардың қоспасы енеді, олар қосылып: суға қарсы, аязға қарсы сипатқа ие болады: темір бетон, бетон, буталық тас, басқа да мықтылық беретін материалдар. Қазіргі таңдағы заманауи құрылыста ғимараттың астына салынатын іргетастар жиналмалы болады, темір бетондық жастықшалардан, блоктардан, қабырғалық соколды панелдерден.
Салынған іретастың тереңдігін есептегенде оның төменгі табанынан жерден асып тұрған қабатына дейінгі аумақты қарайды.
Негізі іргетастың тереңдігі салынатын ғимараттың неге арналғанына қарай болады, жертөлесінің болуы, геологиялық жағдайына, жер қыртысының орныққандығына, мерзімдік тереңдігіне, оның қабатының қатуына, жер асты суының деңгейіне тағы басқа да табиғи жағдайларға қатысты.
Іргетас келесі белгілері бойынша классификациялануы мүмкін:
Материалы бойынша: табиғи тастан, бутобетоннан, бетоннан, темірбетоннан, кірпіштен.
Жұмысының сипаты бойынша: «қатты» қысыммен қаланған және «иілгіш» қысыммен және иіп жасалған.
Іргетастардың түрлері мынандай: жапсырылған, ғимарат жер қыртысына еніп ағаш, бетон, темірбетондармен жапсырылса, немесе жай ғана жайпақ өкшелігі болса. Жай іргетас: өз формасына орай ленталық 1, олар қабырғаның астына төселеді, немесе бағаналық – жеке орналастырылған колонналардың 4 немесе бағандарда.
Діңгектік іргетасқа іргетастық балкалар орныққан (ранд- балка). Оларға кірпіштік қабырғалар мен панелдік қабырғалар тұрғызылады. Ал ленталық фундаментке нағыз күш түсетін қабырғалар орнықтырылады (қабырғалық панелдер). Қалың панелдік ғимараттарда ленталық темірбетондық жиналмалы іргетастар көп қолданылады. Олар темірбетондық жастықшалардан және техникалық жерасты бетон панелдерден тұрады. Іргетас жер қыртысына орнығатын жазықшасы іргетас жастықшасы деп аталады. Жер қыртысы, яғни ғимараттың салмағы іргетас арқылы түсетін негіз болып табылады. Іргетастың тереңдігі инженерлік есеппен анықталады, ( жер қыртысының су дейгейіне және суықта қату жағдайына).
Іргетас үшін негіз қарапайым ғана болуы мүмкін (жер қыртысы немесе қалыңдығы 10 см құммен төселген қабат) немесе құйылған. Құйылған негіз дегеніміз 6-9 м немесе одан ұзын темір бетон құйылған материалмен негізделген. Егер де ғимаратта жертөле болса, іргетастар жертөлелік қабырғалар ролін атқарады. Ондай жағдайда іргетас салу тереңдігі қабырғаның қажет биіктігіне байланысты болады. Аудандарда мәңгілік мықты іргетасты арнайы даярлаған қарапайым да құйылған негізде жасайды. Оған арнайы қосылатын ұнтақтарды пайдаланады.
Бұл жобада іргетас жастықша және іргетас блоктар пайдаланылған.
Пайдаланылатын іргетас өлшемі – 2400*600*600, 900*600*600. Іргетастық жастықша жобасында қолданылатын өлшемдер: 2400*1000*500. 1200*1000*500. Іргетас салу тереңдігі Киев қаласының жер қыртысы аязға қату нормативтігіне сәйкес қабылданған. Іргетастық блоктар мен жастықшалар ғимараттың негізгі осьтерімен орналастырылады. Сонымен қатар оларсалмақ түседі деген жерлерге орналастырылады (ауыр, салмақ ұстаушы қабырғалар, аралықтар мен балкалар және басқалар.
Қабырғалар (сыртқы және ішкі) вертикалды қоршау, ғимаратты ішкі ықпалдан сақтаушы, яғни бір жайды екінші жайдан ажырататын. Құрылымдық шешім бойынша азэлементті, ірі блокты, іріпанельді болып анықталған. Азэлементті қабырғалар кірпіштен қаланады, керамикалық тастан, кішкентай блоктардан жасалады. Іріблоктық қабырғалар екі қатарлы блокты қабаттың биіктігіне орай монтаждайды (бұрыштық, аралық, терезе асты). Іріпанелді қабырғалар іріөлшемді элементтерден бір немесе екі пәтерлі монтаждалады.
Қабырғаларда бетінің жергілікті қалыңдығы немесе иілгендігі пилястр түрінде болуы мүмкін, тік бұрыштық қиылысуында және ішінде вертикалдық тіректер, сыртқы жаққа қарай тереңдетілген, ал ішкі жақтауында жылу беру радиаторларын орнату үшін, салынатын шкаф үшін жасалады. Іргетас - құрамалы тізбекті. Орнату тереңдігі -160см. Себебі жердің қату деңгейі 100см дейін жетеді. Іргетас гидроизоляциясы көлденең.
Жабатын плиталар – горизантальды негізгі жабу, олар нақты қабырғаларға бекітіледі, немесе діңгектерге, оларға тұрақты және ауыспалы салмақ түсіреді. Номенклатурамен плиталар ұзындығы 3м,, 4,8м,6м, 7,2 м, 9м көпбостаңдықтық плиталар қарастырылған; ал биіктігі 22 см ауыр бетоннан. Бұл жобада темірбетондық плиталар пайдаланылады. Ол сыртқы қабырғадан ішкі салмақ түсетін қабырғаға дейін салынған. Немесе қасында салмаққа мықты діңгекке салынады. Инженерлік коммуникацияны және желдеткішті жіберу үшін сыртқа қарай арнайы ойық қарастырылған. Жобаға байланысты жайдың өлшемі, ішкі қабырғалар, салмақтық тірек ғимараттың жанында болуы мүмкін. Аралық плиталардың орналасуы аралықтарды жабу өлшемінің әртүрлігімен сәйкестендіріледі. Аралық плиталардың маркасы 3 әріптік – сандық топтан тұрады.
Едендер: Ғимараттың бірінші қабатында паркеттік еден жобаланған (баспалдақ ойығынан, санузелден, душ, сценасы мен асханадан). Екі қабатқа линолеум қарастырылған. Баспалдақтық ойықта, асханада санузелде – керамикалық плиталар.
Шатыры Шатырдың сыртқы жабуы әртүрлі материалдардан жасалады. Ол арнайы қаланған ағаштарға бекітіледі. Шатыр қатты болады, тастан, черепицадан, шыныдан, металдан, немесе жұмсақ ағаштан, картоннан, балшықтан, киізден, ағаш ұнтағынан жасалған цементтен, асфальттан, қамыс пен сабаннан.
Бұл жобада Голландтық черепица пайдаланылады. Ол су өтпейтін жабынды мен негізден тұрады. Галландтық черепицаның бір жағы жоғары майысқан, екіншісі төмен, олар екі черепицаның бір-біріне кіргізу үшін жасалған. Оның төменгі жағында кілт болмаса шип бар, олар арқылы торға қадалады. Аралық қырларын ізбестік қоспамен жағады, оған жүн қосып алады. Барлық черепицалық шатырларда коньки мен шығып тұрған бұрыштары желобтық черепицамен жабылады; олар металдан арнайы иілтіп черепица қатарына өткізуге жасалған.
Терезе және есіктер Терезе негізінен ағаштан жасалған, 4-5 мм силикаттық шынымен жасалған. Ол стационарлық контурмен оралған – қорап пен оған жылжымалы бекітілген ауыстырмалардан тұрады. Терезелер үш қабатты шыныланғаны нақталған, жеке бекітулерімен. Ішкі қабырғаларда есіктік аумақтарда жобаланған есіктердің өлшеміне байланысты, бір және екі полдық, жабық немесе шыныланған, оң жақты сол жақты; табалдырықты немесе табалдырықсыз. Есіктің өлшемі – 100 м. Есіктің құрылымы жәшіктен, (әдеттегідей ағаштан) створлық бөлігі – есіктің бетінде, олар арнайы ілгіштерімен жәшікке орнатылған. Жәшіктер шегелермен бекітіледі, шруптың көмегімен, ал қабырға мен есік арасындағы бос жер арнайы наличтик арқылы жабылады.
Баспалдақ қабаттарға шығу үшін, жертөлеге түсу үшін, шатырға көтерілу үшін баспалдақ керек. Баспалдақ әдеттегідей мықтылап отырып жақтаулары жасалады, олар баспалдақтық ойықты құрайды. Монолиттік темірбетон, сыртқы баспалдақтар табиғи тастармен қамтылған, ішкі баспалдақ екінші қабатқа ағашпен көмкерілген.
Ғимарат конструктивтік схемасы – каркассыз аралас схема. Негізгі көтеруші элементтер – кірпіш қабырғалар және ж/б жабындар.
Іргетас - құрамалы тізбекті. Орнату тереңдігі -160см. Себебі жердің қату деңгейі 100см дейін жетеді. Іргетас гидроизоляциясы көлденең.
№ | Іргетас құрама бөлігі | Марка |
1 | Қабырға блоктар | ФБС 24.5.6 – m ФБС 24.4.6 – m ФБС 24.3.6 – m ФБС 9.5.6 – m ФБС 9.4.6 – m ФБС 9.3.6 – m |
2 | Темірбетонды тақта | ФЛ 10.24 – 3 ФЛ 10.12 – 3 ФЛ 10.8 – 3 ФЛ 8.12 – 3 |
Сыртқы қабырға - қалыңдығы 460мм. Цементті-топырақты ерітіндісімен бірге 480 мм. Қабырға келесі қабаттардан құралған : балшық кірпіш – 250 мм; жылытқыш материал(пеноплекс) – 80 мм; қуыс керамикалық кірпіш – 120 мм.
Ішкі қабырғалар - қалыңдығы 380 мм және 250 мм толық балшық кірпіштен жасалған, мұнда ауа каналдры (тілімде 140х140 мм) орналасқан.
Аралық қалыңдығы 100 мм керамикалық кірпіштен жасалған.
Қалыңдығы 220 мм қуыс темірбетон жабындардың келесі маркалары қолданылды.
ПК 27.10 – 8Т, ПК 27.15 – 8Т, ПК 36.10 – 8Т,
ПК 36.12 – 8Т, ПК 42.15 – 8Т, ПК 51.10 – 8Т,
ПК 51.12 – 8Т.
-
Жылу-техникалық есептеулер
Алғы мәліметтер:
-
Құрылыс орны - Киев қаласы -
Климаттық аудан ІІ В -
Ылғлдылық аймағы – Ылғалды -
Бөлме ылғалдылығы – Қалыпты -
Ішкі ауаның температурасы tі = +18°С -
Ең суық бес күндік ауа температурасы –-17°C -
Ең суық тәулік ауа температурасы –-19°C -
қабырға метериалы: кірпіш
Кірпіштен жасалғай үй
Есептеу реті:
1. Сыртқы цементтік растводың қабатыσ1 = 0,020м
λ1= 0,76 Вт
S1= 9,60 Вт
2. Кәдімгі кірпіш , σ2= x
λ2= 0,70 Вт
S2= 9,60 Вт
3. Ішкі цементтік раствордың қабаты, σ3= 0,015м
λ3= 0,76 Вт
S3= 9,60 Вт
Есептеу ҚНжЕ ҚР 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы» бойынша орындалған.
Қоршағыш конструкциялардың жылу беруге қажетті мәнін төмендегі формулаға сәйкес анықтаймыз:
Rok= м2·С/Вт
tв – ішкі ауа температурасы С, ГОСТ 12.1.005-88 сәйкес біз ішкі ауа температурасын +18°C деп аламыз
tн – Қыстағы сыртқы ауа температурасы, °C, равная средней температуре наиболее холодной пятидневки, қамтамасыз ету дәрежесі 0,92 ҚНжЕ 23.01-99 бойынша.
n – коэффициенті,қоршайтын конструкциялардың сыртқы ауа температурасына қатынасы, ҚНжЕ II-3-79 бойынша аламыз, ол n = 1
Δtн – нормалық ауа температурасының төмендеуі, ішкі ауа температурасымен сырқы ауа температурасының қоршауыш конструкцияларына ҚНжЕ II-3-79 (2*кесте) бойынша алынады ол 6°C тең
αв – Ішкі кеңістіктің жылу беру коэффициенті , ҚНжЕ II-3-79 (2*кесте) бойынша аламыз ол 7,5 Вт/кв.м *