Файл: 1. Философияны анытамасы мен пні. Философия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 236

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.7) Философия тарихындағы материя мен субстанция туралы түсінікМатерия ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.Өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне, ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.Дүниенің бірлігі, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни-идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек философисында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алады. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізгі төрт заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы деген ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізгі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріпотыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой-пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукрецкий Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом –

пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы атомдардың санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты.

Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.

Өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне, ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.

Дүниенің бірлігі, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни-идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.

Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек философисында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алады. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізгі төрт заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы деген ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізгі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріпотыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой-пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукрецкий Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы атомдардың санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты.


8)Антропология- адам туралы философиялық мәселе.Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай.  Дүние мен адамның шығуы  мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады.  Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр.  Бұл тұжырымның методологиялық  маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.
Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды.  Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы,  қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.9) Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.Адам болмысының негізгі категориялары-бақыт, сенім, өмір және өлім болып табылады. Бұл категориялар дам өмірінің мәнің анықтайды. Жалпы маңызды қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, тараптар мен шындық қатынастары – категория деп аталады. Осылайша, философиялық категориялар болмыстың қасиеттері мен арақатынасын ортақ түрде қарастырады. Бақыт - бұл жалпы адамның өмірі ішкі қанағаттану сезіміне әрі барлық игіліктердің оңтайлы үйлесімі болатын құндылыққа байланысты қалыптасады деуге болады.Әрине, ешкім бақыт деген не екенін нақты білмейді және әр адам оны әртүрлі түсінеді. Ең көп таралған көзқарас бақытты қуанышпен байланыстырады. Бақыт-бұл ішкі тыныштықты білдіреді, қорқыныш пен уайымның орнына өмірдің әр өткен минуттың, қоршаған ортаның сұлулығы мен қасиетін бағалап түсінуден құралады. Сенім адам болмысының басты категорияларының бірі. Діни сенім-өте сезімтал тәжірибе жемісі десе болады. Бірақ көптеген адамдар үшін мұндай тәжірибе-бос дыбыс іспеттес. Тіпті кейде сенім қол жетімді болса да, адамдар өзіне тән аса сезімтал сипатты яғни сенімді байқамайды, сезінбейді. Сіз сұлулықты тамашалай аласыз, онда қиял арқылы сұлулық жағымды эмоциялар ғана береді. Құдайға сенуге болады, бірақ күмәндануға, діни тәжірибеге күмәндануға, оны иллюзия деп санауға болады.Өлім категориясы -адам өмірінің маңызды факторы болып табылады. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. Ежелгі грек мифологиясында Құдайлардың адамды жазалай алатын ең қорқынышты жаза- мәңгі өлместік болды. Кітаптарда, романдарда, трактаттарда өлмеушілік адамзаттың басты арманы ретінде таңданды. Егер адам мәңгі өлмейді деп елестетіп көрсек: оның барлық туыстары мен достары, балалары мен немерелері өлді, ал ол өмір сүруде, мүлдем жалғыз және өзіңе түсініксіз , танымайтын уақыт пен мәдениетке тап болады. Бұл шын мәнінде қорқынышты. Сонда өмірдің бар мәні, құндылығы жойылатын іспеттес.
10) Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.Махаббат мәселесі қазіргі философия ғылымында өзекті мәселеге айналуда. Қазір махаббат пен мейірімділікке негізделген жаңа үлгідегі әлемді тану жолында жаңа көзқарасты өзара түсінік философиясын қалыптастыру мәселесі күн тәртібінде тұр.Махаббат көп жағдайда адамның дәстүрлі әлемі туралы түсінігімен анықталады. Әрбір халық өздерінің көп ғасырлық өзінің тарихында бұл ұғымға мифология дін, философия, этика, музыка, поэзия сияқты дәстүрлі мәденитінің элементтерін енгізді.Бұрынғы философтар махаббат ұғымын тереңдікпен зерттелген, Әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, және тағы басқа белгілі ойшылдар мен ғалымдар бұл құбылыстың шығу тегін зерттей отырып, әр - түрлі, кейде бір - біріне қарама - қарсы болатын тұжырымдарға да келген. Қоғамның дамуына байланысты махаббат туралы түсініктер де өзгеріп отыратынына қарамастан халықтың тарихы мен дәстүріндегі махаббат ұғымының мәні мен табиғаты жұмбағы көп өзекті мәселесі болып отырды.Махаббат туралы түсініктің қазақ дәстүрлі дүниетанымды өзіндік ұзақ тарихы бар екені белгілі. Бұл ұғым көбінесе рухани - адамгершілік мәселелермен тығыз байланысты.Махаббат еркіндік, ар-ұят, жауапкершілік, мейірімділік сияқты адам болмысы категорияларымен байланысты. Бұл сезімнің тамаша бейнесі болып әр кезде әйел танылған.Халық ұғымында сұлулық, білім, сөйлей білу, ән айту, музыкалық аспапта ойнау, тәкәппарлық сезімде болу - осы қасиеттер әсем қыздың бейнесін толықтыра түседі. Махаббатты қадірлейтін, қастерлейтін еркек те осындай қасиеттер иесі болары анық. Сонымен қатар шынайы махаббатқа еркін рухты адамдар ғана бейімдірек келеді.Ұлы Абай махаббатты экзистенциялдық тұрғыдан терең түсінді. Махаббаттың мәнін Абай «жүрек» категориясы арқылы ашты. Махаббат философиясының және жүрек философиясының тілі мен шығу тегі бір болатын. Ендеше, мұндай адамды бұл сезім әуелден - ақ сақталған. Оның өмірі махаббатты іздеуден және оны табудан тұрады. Абай өзінің «қара сөздерінде» жүрек, махаббат туралы көбірек айтады. «Жүрек», «намыс», «рух», «ерлік» «ар-ұят» туралы философиялық пайымдауларын ақын терең герменевтикалық талдаумен кеңейтеді. Ол махаббаттың мәнін анықтай отырып, тек сол ғана адамның өмірін толықтырады деген қорытынды жасайды. Адам өз махаббатын басқаға сыйлай отырып, өзінің жанын біреуге қия отырып, өзі оны жоғалтпайды, керісінше, өз болмысының мәнін жауапкершіліктен, қуаныштан, құрбандықтан табады. Махаббаттың түлері