ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тәлімқызы Ақнұр | |
Күні: | 05.04.2023ж | |
Сынып: 11 “A” | Қатысушылар саны:25 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | Мамандық-өмір таңдауы | |
Сабақтың мақсаты | Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға жетелеу. Логикалық ойлау, жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілеті дамыту, оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру 2 мин | Шаттық шеңбері « Менің арманым... » «Атом және молекула» 3 топқа бөлу. | Оқушылар өз арманы туралы 1 сөйлеммен айтады 3 топқа бөлінеді | | |
Мағынаны тану 5 минут | Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу. Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. | | | АКТ ққұралдары |
Білеміз бе?» Түрткі сауал Топтық жұмыс 5 мин | І топ: Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар ІІ топ: ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар ІІІ топ: Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтар | Білетін, естіген, көрген мамандықтары туралы айтады | Бағалау парағы | АКТ құралдары. |
«Бірге ойлаймыз» Постер қорғау 10 мин. | Дәйек сөздерді талдау, мазмұнын ашу. 1-топ «Білім – бақыттың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ -әлдекімнің азығы...» М. Әуезов 2- топ «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» Э. Ф. Зеер 3- топ «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» Н.Ә. Назарбаев | Берілген тақырып бойынша ойларын жүйелеп, ортаға шығып ойларын айтады | Мадақтау сөздер жазылған карточкалар арқылы | Постер,маркер, т.б постерге қажетті заттар. |
Сергіту сәті 3 мин. | Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба? | Оқушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады. | Мадақтау сөздер жазылған карточкалар | Ақ қағаз және қалам. |
Ой толғаныс 10 мин. | «Мамандық таңдау - ең жауапты іс» | Берілген тақырыпта өз ойларын жазады. ( 50-70сөз) | | Ақ қағаз және қалам. |
Қорытынды 5 мин «Ортадағы қаламсап» | Бүгінгі сабақтан алған ойларын түйіндейді | Сабақтан не түйгендерін қаламсапты бір-біріне жалғастыру арқылы айтып шығады | | Қаламсап. |
Кері байланыс «Тілек ағашы» 5 мин. | | Стикерге тілектерін жазып, тілек ағашына іледі | | Стикер және ағаштың суреті |
Үйге | «Мен таңдаған мамандық» эссе жазу | Эссе жазып келеді | | |