Файл: Саба таырыбы Типтік медициналы йымны рылымы жне жмысын йымдастыру Модуль пн атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 95

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар, зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.


10. Медициналық мекемелердің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру.(Байболина 60бет, Мұратбеков 202бет).

Бүкіл аурухананың құрылымдары екі үлкен топқа бөлінеді:

  1. Емдеу диагностикалық

  2. Әкімшілік – тұрмыстық

Емдеу диагностикалық бөлігіне кіреді:

  • Қабылдау бөлімшесі

  • Арнайлы емдеу бөлімшелер (терапиялық, хирургиялық, гинекологиялық, т.б)

  • Оперблок

  • Диагностикалық лабораториялар (клиникалық, биохимиялық, гинекологиялық, иммунологиялық, т.б)

  • Диагностикалық бөлімшелерімен кабинеттері.

Әкімшілік-тұрмыстық бөлігіне кіреді:

  • Басты дәрігердің және оның орынбасарларының кабинеттері;

  • Канцелярия;

  • Бухгалтерия;

  • Аспаз блогы;

  • Төсек орындарды және киімдерді жуу бөлмесі;

  • Дәріхана

  • Залалсыздандыру бөлімшесі;

  • Қан құю бөлімшесі;

  • От жағатын бөлме.

Емдеу бөлімінің құрылысы:

  • Пациентке арналған палаталар

  • Пациентке арналған санитарлық бөлме немесе блоктар (дәретхана, ванна, душ бөлмесі)

  • Процедура бөлмесі (егу бөлмесі)

  • Манипуляция (клизма) жасаудың орны

  • Ординаторлық(дәрігерлер бөлмесі)

  • Бөлім меңгерушісі кабинеті

  • Мейірбикелердің кабинеті

  • Тағам тарататын бөлме немесе асхана

  • Төсек жамылғылары мен ауруханалық таза киімдер сақтайтын бөлме

  • Тұрмыстық заттарды сақтайтын бөлме

Емдеу-қорғау режимі, оның негізгі қағидалары

Ауруханаға түскен пациент өзінің әдетті өмір ырғағынан айырылып, өзіне жақын адамдарынан алшақтап, күнделікті жұмысынан тыс қалады. Әрбір бөлімшеде өзіндік тәртібін ұйымдастыруда пациенттердің жоғарыда көрсетілгендей жекелік қасиеттерін ескеріп отыру керек:

  • Пациенттерді палаталарға жекелік қасиеттері және ауруына, сонымен қатар сауығу дәрежесіне қарай бөледі;

  • Қолайлы микроклимат жасау.

Емдеу рижимі – пациенттердің тездеп жазылуына әсерін тигізетін өмір салтын ұйымдастыру.

Ортамен терапия өткізу: ортадағы болып жатқан факторларды пациенттердің сауығу жолына пайдалану арқылы жағымсыз факторларды тудырмауға бағытталған қорғау режимін қалыптастыру.

Ішкі тәртіп анық сақталынуы келесі амалдармен жетістікке ие болады:


  • Бөлімшелердің, палаталардың тазалығы жоғары деңгейде болса;

  • Тәтті, дәмді дайындалған тағам;

  • Айғай-шуды алыстаттыру(радио, жай дауыспен сөйлесу, медицина персоналдарын шақыру);

  • Пациенттердің серуендеуіне жағдай жасау( орындықтармен қамтамасыз ету);

  • Пациенттердің жақын туыстарымен үнемі аралысып отыру;

  • Бөлімшенің ерекшеліктерін ескере отырып күн тәртібін құру(хирургия, балалар,психиатриялық және т.б);

  • Салауатты өмір сүру белсенділігін арттыру үшін емдеу жаттығуларын жүргізіп отыру.

Жарықтандыру – әсіресе кешкі уақытта көз жанарына қатты әсер етпейтіндей, әлсіз де жұмсақ болуы керек.

Бөлме температурасы – 18-20 С; бөлмені үнемі желдетіп отыру, салқын кездері екі көрпеден тарату.

Емдеу мекемелерінде қозғалу белсенділік тәртібі 4 түрге бөлінеді:

  1. Қатаң төсек тәртібі: пациенттерге ауыр жедел жағдайда

тағайындалады. Пациенттерге отыруға, тұруға, кейбір жағдайда басын көтеруге, орнынан қозғалуға болмайды. Мейіркеш осы жағдайда пациенттің тамақтандыруына, гигиеналық шараларын жүргізуге көмектеседі.

  1. Төсек рижимі: пациенттің физикалық белсенділігін керуеттік жағдайда емдеу шынықтырудың жаттығуларымен мейіркештің тексеруімен көбейтеді. Пациентке аяғын төмен түсіріп отыруға, және тамақ ішуге рұқсат етіледі. Гигиеналық шараларын медбике туған туыстарымен жүргізеді.

  2. Палаталық тәртіп: пациентке керуеттің қасындағы орындыққа отыруға рұқсат етіледі. Тағамды беру және гигиеналық шараларды палатада жүргізеді.

  3. Жалпы тәртіп: пациент емін бөлімшелерде алады, тағамды асханада ішеді, өзі жуынады, аурухананың айналасында өзі жүріп дем алады.

Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі.
Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде сақталады.


Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.
Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.
Госпиталь- әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.
Клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме.
Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы минералды суы бар және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық паллиативты көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын көтеруге көмек береді.
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы.
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.

Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.

Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі
Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады.
Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:

  1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.

  2. Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.

  3. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.

Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн тәртібінің сақталуын талап ету керек.
Медицина қызметкерлердің негізгі қағидасы медициналық этика мен деонтологияны сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашан да естен шығармау керек.

ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ:

1C

2D

3B

4B

5A

6A

7D

8D

9A.B

10.А

Қосымша№1

Тест

1.Емханадан амбулаторияның айырмашылығы

A. фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін

B. бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді

C. қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз

D. айырмашылығы жоқ

2. әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме…

A.Санаторий

B.Хоспис

C.ФАП

D.Госпиталь

3. мейірбике ісінің мәні

A. cалауатты өмір сүру белсенділігін арттыру үшін емдеу жаттығуларын жүргізіп отыру

B. мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу

C. Қолайлы микроклимат жасау

D.барлығы дұрыс

4. Диспансерлер дегеніміз не?

A.Су беретін құрылғы

B. бірдей аурулармен ауыратын адамдар емдейтін мекеме

C.Қабылдау бөлімінің бір бөлігі

D.Қағаз сақтайтын қойма

5. Бүкіл аурухананың құрылымдары қанша үлкен топқа бөлінеді?

A.2

B.3

C.4

D.5

6.Антропометрия дегеніміз не?

A. пациенттің бойын, салмағын, кеуде көлемін өлшеу

B. пациенттердің тездеп жазылуына әсерін тигізетін өмір салтын ұйымдастыру

C. Арнайлы емдеу бөлімшелер (терапиялық, хирургиялық, гинекологиялық, т.б

D. Әйелдер консультациясы


7. Стационарлық типтік емдеу мекемелері

A.Аурухана

B.Госпиталь

C.Хоспис

D.барлығы дұрыс

8. Емдеу диагностикалық бөлігіне кіреді:

A. Қабылдау бөлімшесі

B. Арнайлы емдеу бөлімшелер

C. Диагностикалық лабораториялар

D. барлығы дұрыс

9. Әкімшілік-тұрмыстық бөлігіне кіреді

A. Басты дәрігердің және оның орынбасарларының кабинеттері

B. Канцелярия

C.Пациентке арналған палаталар

D. Арнайлы емдеу бөлімшелер

10.Емдеу рижимі

A. пациенттердің тездеп жазылуына әсерін тигізетін өмір салтын ұйымдастыру

B. пациенттің бойын, салмағын, кеуде көлемін өлшеу

C. қан құюды қажет ететін науқастар жатқызу

D.барлығы дұрыс