ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім:

Пайыз

Педагогтің аты-жөні:

Қаблан Ләйлә Тәліпбайқызы

Күні:

03.04.23

Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар бірлесіп, пайыздық есептермен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар пайыздық есептердің С нұсқасын шығарады.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар пайыздық есептердің шығарылуын сипаттап бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.

2.Амандасады және тілектерін білдіреді.

1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатыментаныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

Сұрақтар:

1.Берілген санның пайызы қалай табылады?

2.Берілген санның пайызын табу үшін пайызды қандай бөлшекпен өрнектеген тиімді?

3.Микрокалькуляторда берілген а санының Р%-ын табу үшін, оның клавиштерін қандай реттілікпен басу керек?

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Мақсаты: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Дескриптор:

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Жалпы- 2 балл.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.

Слайд

Кітап




1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

Проценті бойынша санды табыңдар:

1)1%-і 8-ге тең; 2,6-ға тең;

2)2%-і 6-ға тең; 3,4-ке тең;

3)10%-і 0,8-ге тең; 2,2-де тең.



Дескриптор:

1.Тиісті сандарды табады.

2.Жауабын жазады.

Жалпы- 5 балл.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.




2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

Шебер 295 бөлшек дайындап, жоспарды 18%-ке артық орындады. Шебер неше бөлшек дайындауды жоспарлаған еді?

Дескриптор:

1.Есептің мазмұнын түсінеді.

2.Бөлшегін есептейді.

3.Жауабын табады.

Жалпы- 3 балл.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма:

№1140 есеп.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.