Файл: Негізгі блім 1 Сызбаны абаттары бойынша жіктеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу

1.2 Қабаттың көрінетінін/көрінбейтінін басқару

1.3 Қабаттарды қоршау

1.4 Қабатқа түс тағайындау

1.5 Қабатқа сызық типін тағайындау

1. 6 Қабатқа сызық салмағын (қалыңдығын) тағайындау

1.7 Қабаттарды сүзу


Қабаттармен жұмыс істеу

Кіріспе

AutoCAD-та графикалық қарапайымдардың (примитивтердің) қабат, түс, сызықтардың типі сияқты қасиеттері болады. Тұрғызылған объектілер әрқашан анықталған қабатта орналасады. Қабаттар бірінің үстінде бірі жататын калька қабаттарына ұқсас. Түсті пайдалану суреттің ұқсас элементтерін ажыратуға көмектеседі. Кескіннің әр түрлі элементтерін тұрғызу үшін әр түрлі сызық типтері қолданылды.  

1.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу

Объектілерді жасау ағымдағы қабатта орындалады. Әрбір қабаттың келесі қасиеттері бар:

Name (Аты) – құрамында әріптер, цифрлар, қабылданған символдар және аралықтар болатын алфавит-цифрлы ақпарат;

T urn a layer on or off (Видимость) қабат көрінетін Вкл немесе көрінбейтін Откл болуы мүмкін. Экранда тек көрінетін қабатта жататын қарапайымдар кескінделеді және параққа осылар ғана сызылады, бірақ көрінбейтін қабаттардағы қарапайымдар суреттің бір бөлігі болады және регенерацияға қатысады;

F reeze or thaw in ALL VP (Барлық көрініс экрандарда тоңазытылған/тоңазытылмаған) – тоңазыту дегеніміз қабатты көрінбейтін болғызу және тоңазытылған қабаттағы қарапайымдарды регенерация кезінде генерацияға бағындырмау;

L ock or Unlock a layer (Қабатты қоршау/қоршамау)– қоршалған қабаттағы қарапайымдар көрінетін болады, бірақ олар редакциялауға жатпайды. Қоршалған қабатты ағымдағы қабат деп тағайындауға болады, бұл қабатта сызуға және сызықтың типін өзгертуге болады, қабатта тұрғызылған қарапайымдарды тоңазытуға және осыларға қатысты анықтама командалары мен объектілік байланыстыруды қолдануға мүмкіндік бар;


 C olor (Түсі) – берілген қабаттағы қарапайымдардың түсін анықтайды;

L inetype (Сызықтың типі) – қабатта жататын барлық кесінділер, екі өлшемді полилиниялар, шеңберлер және доғалар сызылатын сызық типінің аты; 

Lineweight (Сызықтың салмағы) – қабатта жататын барлық қарапайымдардың сызылатын сызықтың салмағы (қалыңдығы).

Жаңа суретті бастағанда жүйеде автоматты түрде аты болатын қабат пайда болады, оған ақ түс және Continuous (Непрерывный - үздіксіз) сызық типі беріледі. Қабат жоғала немесе атын өзгерте алмайды.

Суретте қабаттардың бар болуы, сонымен қатар олардың қасиеттері шаблонмен берілуі мүмкін. Примитивтердің түсін және сызықтар типін қабатқа сәйкес BYLAYER (ПОСЛОЮ – қабаттағыдай) немесе басқаша қылып тағайындауға болады. 

Қабаттардың қасиеттерін тағайындауды басқару  ДИАЛСЛОЙ (DDLMODES) және СЛОЙ (LAYER) командалары орындайды. СЛОЙ (LAYER) командасын осы абзацтың басындакелтірілген пиктограмма немесе құлайтын Format (Формат) менюінін Layer…(Слои…) пункті арқылы жіберуге болады, команда орындалғанда 44 суретте келтірілген Layer Properties Manager (Параметры слоев и типы линий) диалогтық терезе ашылады. Current (Текущий) кнопкасы таңдаған ағымдағы қабатт деп тағайындауға мүмкіндік береді. Ағымдағы қабатты өзгерту үшін CLAYER жүйелі айнымалысыны пайдалануға да болады.

 



44-сурет

 N ew (Новый) кнопкасы уақытша аттары Layer1 (Слой 1), Layer2 (Слой 2және т.т. болатын жаңа қабаттарды жасауға көмектеседі. Қабатқа басқа ат беру үшін, оны клавиатура арқылы қабаттың уақытша аты бар аумаққа енгізу және Enter-ді басу қажет. Қабаттың атын өзгерту үшін аумаққа кіріп, мышты екі рет басу керек. Бар қабатты Delete (Удалить) кнопкасы көмегімен жойуға болады. Қабатты ағымдағы қабат жасау үшін, керекті қабатқа курсорды қойып, мышпен 

Current (Текущий) кнопкасын басу қажет, немесе оны объектінің қасиеттері жолынан ашылатын қабаттарды басқару тізімінен таңдап алу керек (45 сурет).

О дан басқа, объекттің қабатын ағымдағы қабат деп тағайындау объектті таңдап, мышпен объектінің қасиеттері жолынандағы Make Object’s Layer Current (Сделать слой объекта текущим) пиктограммасын басу арқылы жеңіл болады.




1.2 Қабаттың көрінетінін/көрінбейтінін басқару

AutoCAD көрінбейтін қабатта орналасқан объектілерді көрсетпейді және оларды плоттерге шығармайды. Егер сурет бөлшегінің бір немесе бірнеше қабаттағы бейнесі өте күрделі болып көрінсе, онда пайдаланылмайтын қабаттарды тоңазытып немесе өшіріп тастауға болады. Сонымен қатар, қандай да бір қабатты басылымға шығармау үшін (мысалы, қосымша сызықтардың қабатын), осы қабатты көрінетін, бірақ  басылымға шықпайтын етіп тағайындауға болады.

 

Қ абаттардың көрінуін басқару тәсілі, қабаттардың сипаттамаларына және суреттің қүрделігіне байланысты. Егер қабаттың көрінетінін ұзақ уақытқа өшіріп тастауға болса, онда қабатты тоңазыту дұрыс. Ал егер қабаттың көрінетінін жиі өзгерту қажет болса, бұл жағдайда  қабатты тоңазыту емес, өшіру жөн. Басылымға тек көрінетін және тоңазытылмаған объектілер шығарылады. Көрінетін қабат басылымға шығу үшін оның басылымға шығуына тиым салынбауы керек.

 

 

Қабатты өшіру үшін 44 суретте көрсетілген Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалог терезесінде өшірілетін қабаттың атына мыштың курсорын қойып On (Вкл) пиктограммасын басу қажет. Осы сияқты Freeze in ALL VP(Замороженный на всех видовых экранах) пиктограммасын шерту көмегімен қабатты тоңазытуға болады. Қабаттардың көрінетінін 46 суретте қөрсетілген Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесін жайылған түрін пайдаланып басқарған қолайлы. Ол үшін Show details (С подробностями) кнопкасын мышпен шерту қажет.

Қабаттардың көрінуін басқарудыобъектінің қасиеттері жолынан ашылатын қабаттарды басқару тізімінен орындаға болады (45 сурет).

Кез келген қабаттың басылымға шығуына тиым салуға болады, көрінетін қабатты қоса. Егер қабатта, мысалы, тек қосымша анықтама ақпараты немесе тұрғызудың қосымша элементтері болса, онда оны басылымға шығармауға болады. Бұл жағдайда қабаттың  экрандағы көрінісі өзгермейді. Басылымға шығуына тиым салу (рұқсат беру)  44 суретте көрсетілген 
Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалог терезесінде орындалады. Бұл үшін басылымға шығаруға тиым салынатын (рұқсат берілетін)  қабаттарды таңдап, Plot (Печать) пиктограммасын мышпен шерту қажет.

1.3 Қабаттарды қоршау

Қабаттарды қоршау, анықталған қабаттарда орналасқан объектілерді редакциялау кезінде басқа қабаттардағы объектілерді көруге мүмкіндік болатын жағдайда пайдалы. Қоршалған қабаттардағы объектілерді редакциялауға болмайды, бірақ егер қабат қосылған және тоңазытылмаған болса, онда объектілер көрінетін болып қалады. Қоршалған қабатты ағымдағы қабат деп тағайындап, соның ішінде объектілерді жасауға болады.

Сонымен қатар қоршалған қабаттардағы объектілерге анықтама командаларын пайдалануға болады және объектілік байланыстары көмегімен оған байланыстыруға  мүмкіндік беріледі. Қоршалған қабаттарды қосуға және өшіруге, сонымен қатар олармен байланыстағы сызықтарың түсін және типін өзгертуге болады.

Қ абатты қоршау Layer Properties Manager (44 сурет) диалогтық терезесінде, немесе объектінің қасиеттері жолынан ашылатын қабаттарды басқару тізімінен(45 сурет) Lock (Блокированный) пиктограмасы бойынша мышты шерту арқылы орындалады. 

1.4 Қабатқа түс тағайындау

Қабаттарға түстерді беру Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесіндегі Color (Цвет) пиктограмма бойынша мышты шертуімен орындалады (44, 46 суреттер), ашылған Select Color (Выбор цвета) диалогтық терезесі қажетті түсті таңдауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ByLayer (Послою) және ByBlock (Поблоку) негізгі сөздер берілуі мүмкін. ByLayer (Послою) примитив анықталған ағымдағы қабат үшін анықталған түспен жасалынатынын көрсетеді. ByBlock (Поблоку) блокқа қосылғанға дейін объектілер қара экранда ақ түспен бейнеленетінін немесе ақ экранда қара түспен бейнеленетінін білдіреді. Одан соң, блок қайда қойылса да, объектілер ағымдағы түсті қабылдайды.

1.5 Қабатқа сызық типін тағайындау

Ә ртүрлі сызық типінқолдану – ақпаратты көзбен шолуға елестетудің тағы бір тәсілі. Қабатқа сызық типінтағайындау Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесінде іске асырылады. Ол үшін бар қабаттардың тізімінде мыштың курсорын қажетті қабатқа қойып, Linetype (Тип линии) пиктограммасына мышпен шерту қажет. Ашылған 
Select Linetype (Выбор т ипа линии) диалог терезесінде сәйкес келетін сызық типін таңдау керек (48 сурет). Егер ұсынылатын тізімде қажетті сызық типі болмаса, онда оны тиеу қажет. Ол үшін Load… (Загрузить...) кнопкасы бойынша мышмен шерту қажет және ашылған Load or Reload Linetypes (Загрузка или перезагрузка типов линий) диалогтық терезесінде лайықты сызықтың үлгісін таңдау керек (49 сурет). Соңан кейін Select Linetype (Выбор типа линии)  диалог терезесіне қайтып келіп, талап етілетін сызық типіне мыштың курсорын орнатып шерту керек.

Сонымен қатар, қабатқа сызық түрін тағайындауы Format (Формат) түсетін менюінің Linetype… (Тип линии…) пунктің көмегімен орындауға болады. Бұл жағдайда сызықтың қосымша тиелген типтері көрсетіледі.

ByLayer (Послою) негізгі сөз примитив анықталған ағымдағы қабат үшін анықталған сызықтың типімен жасалынатынын көрсетеді. ByBlock (Поблоку) примитивтер үздіксіз (continuous) сызықпен бейнеленетінін көрсетеді. Блокқа қосылғанда бұл объектілер блокты енгізу нүктесі жатқан қабаттың сызық типін қабылдайды.

Сызық типін тексттік объекттерден, нүктелерден, көрініс экрандардан, шексіз түзулерден, үшөлшемді полилиниялардан және блоктардан басқа кез келген объектілерге тағайындауға болады.

1.6 Қабатқа сызық салмағын (қалыңдығын)  тағайындау

С ызық салмағы объектілердің кескіндеу жуандығын анықтайды; ол объектілерді экранға енгізгенде және де баспаға шығарғанда қолданылады. Қабаттарға және объектілге әр түрлі салмақ тағайындауы суреттің көрнектілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сызық салмағын айқын мағына қатарынан таңдауға болады, осының арасында Default (Обычный) аты болатын арнайы салмақ бар. Үндеместік бойынша Default (Обычный) сызық салмағы - 0.25 мм (0.1 дюйм). Сызық салмағы 44 суретте көрсетілген Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесінде орнатылады. Ол үшін қабатты белгілеп, Lineweight (Вес линии) алаңына сызық салмағына мышпен шерту керек. Lineweight (Вес линии) диалог терезесі ашылғаннан кейін тізімнен қажетті мәнді таңдау керек. Сызық салмағы стандарттардың талаптарына сәйкес әртүрлі жуандық сызығын алуға мүмкіндік береді.

 

1.7 Қабаттарды сүзу

Кейбір кезде Layer Properties Manager диалогтықтерезесіндегі қабаттар тізімінде тек белгілі қабаттар көрсетілу керек. Осы үшін сүзу функциясы қолданылады. Сүзілуді  бірнеше критерий бойынша орындауға болады: