Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 612

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.

3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б. 51

4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.

5. Г.Б.Алимбекова. Болашақ мұғалімдердің теориялық жəне əдістемелік даярлық деңгейін жетілдіруге арналған оқу құралы. – Алматы, ҚазҰПУ, 2008. – 206 б.

6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.

9. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.

10. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.

11. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика жəне астрономия. Оқыту əдістемесі. 7-сынып. мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Атамұра, 2007. – 80 б.

12. Нұрқасымова С.Н., Желдібаева Б.С. Физика жəне астрономия. 7-8 сынып мұғалімдеріне арналған оқу əдістемелік құрал. – Семей, 2006. – 170 б.

13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.

14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.

Қосымша

1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004

3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .

4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.

5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998

6. Г.Б.Алимбекова. Физика. Кредиттік жəне сырттай оқитын студенттерге арналған оқу құралы, - Алматы, ҚазҰПУ. 2006. 228 б.

7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004

8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.

9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.

Интернет ресурстар

1. http://www.physic.kz/?p=2485

2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29

3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4

4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/

5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »

7. http://elibraru.ru

8. http://www.fizika. Ru

9. http://www. College.ru

10. http://physics.nad.ru/physics.htm

Энергияның сақталу заңы – энергия жоқтан бар болмайды бардан жоқ болмайды тек бір түрден екіншісіне түрленіп тұрады.

10.2.5. Мектеп курсындағы “Электродинамика” және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау.Мектеп физика курсындағы Электродинамика” бөлімі.“Электродинамика” мектеп физика курсындағы күрделі бөлімдердің бірі болып мұнда электр және магниттік құбылыстарды, электромагниттік тербелістер мен толқындар олардың түрі және таралу жылдамдықтары ( радиобайланыс, телефондар ) және олардың қасиеттері туралы ұғымға ие болады. Бұл таруды оқып үйренгенде оқушылар Ленц, А.С.Попов, П.Н.Лебедев, Д.М.Мандельштам, А.Ф.Иоффе,Фарадей, Ампер, Лоренц, Кулон және т.с.с. ғалымдардың еңбектеріне үлкен көңіл беруі керек.Тарау бойынша есептер шешуді оның мәндерін талдауды біле отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін асырулары шарт.Мектеп электродинамика курсы өзінің абстрактігі және оқу материалының күрделілігімен айырылып тұрады, оны оқытуда көрнекіліктерге көңіл бөлу керек: физикалық эксперимент, модельдік келтірулер және аналогия, ЭЕМ-дағы модельдерді қоса, экрандық қолданба, схемалар, кестелер және т.бТоктар, кернеулер, электр тізбектері т.б. туындылар олардың негізінде электр заряды жатады. Олар оң және теріс болып оң таңбалысы –протон, позитрон, ал теріс таңбалыларға электрон жатады. Зарядтың сандық анықтамасы денелермен өзара әсер күшімен белгіленеді. Электр заряды абсалют (инвариант) ол санақ жүйесінің таңдауымен байланысты емес, атом ядросындағы электрондардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді емес, соның үшін түрлі химиялық реакцияларда электр заряды пайда болмайды. Мұнда негізгі ролді электрон белгілейді.Электр зарядтың дискреттілігін Иоффе-Милликен тәжірибесі көрсетті. Электродинамиканы макроскопиялық, микроскопиялық және квантты электродинамикаға ажыратады. Орта мектепте оның 1-ші бөлімі үйреніледі. Максвелл электродинамикасы болып механикадағы Ньютон заңдары, термодинамикадағы термодинамика заңдары сияқты ролді атқарады. Бұл теңдеулер электр өрісі векторымен анықталатын электр өрісі теңдеуі және магнит өрісі кернеулігінің индукциясы . Максвелл теориясында орта қасиеттері 3 шамамен сипатталады: диэлектрлік өтімділігімен ε, магниттік өтімділігімен μ және меншікті электр өткізгіштігімен γ.Электродинамиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру.Базалық және жоғарғы сыныптарда электромагниттік өріс ұғымын және электромагниттік құбылыстар ұғымын қайталай отырып электродинамиканың ерекшеліктерін Ньютон механикасымен салыстыра отырып талдайды. Күштердің өзара әсерлесу кезіндегі берілу жылдамдығы шекаралы екендігін заряд А нүктеден А1 өткенде В нүктедегі зарядқа әсер етуші күш лезде болмай белгілі бір уақыт өткеннен соң болуын көреміз. А1 А В Себебі, электр зарядтары арсындағы өзара әсер артады да кеңістікте де шекаралық жылдамдыққа ие болады. Электромагниттік өрістің негізгі сипаттамалары:- электр өрісінің кернеулік векторы- магнит өрісі индукциясының кернеулік векторыОлар бір-бірімен перпендикуляр орналасқан. Электр заряды деп- атомның немесе олардан тұратын өткізгіш дененің басқа электрленетін денелерге әсер ету қабілетіне ие болуына айтылады.Электромагниттік өрістің түрлі көріністерін (пайда болуын) үйрену әдістемесі.Электростатиканы үйренуде басты ұғым болып, электр заряды және электр өрісі болып саналады, бірақ оларды үйрену үшін Кулон заңымен суперпозиция принципін білу қажет. Электростатикалық өріс -тыныштықта тұрушы зарядтар өрісі болып ол потенциалды, яғни құйынды емес бұл кулон күшімен нүктелік заряд үшін оның кез-келген нүктесіндегі потенциалы формуласын шығару мүмкін: Жұмыс зарядтың орын ауыстыруындағы траекториясына байланысты емес тек орын ауыстыруына немесе потенциалдар айырмасына және заряд мөлшеріне байланысты болады.Суперпозиция принципі деп- әрбір зарядтар әсерін берілген зарядқа топтау мүмкіндігіне айтылады. Тогы бар өткізгіштің электр өрісін стационарлы электр өрісі деп атайды , ол өткізгішті электр көзіне қосқанда пайда болады, біріншіден ондағы Е екі түрлі бағытта болады. 1-шісі өткізгіштің бетіне перпендикуляр, екіншісі өткізгіш бойымен болып электрондарды өткізгіш бойымен тәртіпті қозғалтып электр тогын туғызады. Бұл ток тұрақты болады себебі электрондар қозғалысы бірқалыпты, электромагниттік өрістерде ерекшелесе болады. 10.2.10. Арнайы салыстырмалы теория элементтерін үйрену әдістемесі. 1. Орта мектеп программасында АСТ 1972 ж енгізілді. Оның себебі, қазіргі күннің талабы еді. Соңғы 10 жылдарда АСТ қорытындылары кеңінен қолданылуда. Олар Эйнштейннің үш постулатына негізделген: - барлық ИСЖ-лер теңдікке ие; барлық ИСЖ-лардағы механикалық және басқада барлық табиғат құбылыстары бірдей өтеді.ИСЖ-да өткізілетін ешқандай физикалық тәжірибелермен бұл жүйенің қозғалыстағысын немесе тыныштықтағысын дәлелдей алмайсың.- Барлық ИСЖ-дағы барлық физикалық заңдар бірдей. Барлық осы керілулері эквивалентті болғанымен үшіншісі ең керекті болып саналады, себебі құбылыстың мазмұнын көрсетеді. 2-ші постулатты ең дұрысы- жарық жылдамдығы ИСЖ және ИЕСЖ –да да бірдей, жарық көзінің жылдамдығынада, күзетушінің жылдамдығынада тәуелді емес.2. АСТ кинематикасы : жылдамдықтарды қосумен Ū= Ū1+υ = = Cнемесе . масштабтың қысқаруы кеңістік бойынша ажыратылған уақиғалардың бірмезеттегі ( ИТ)=Тәлемдік Тжерлік уақыттың баяулануы . АСТ динамикасы шексіз уақытта әсер етуші күш және жылдамдық қалаған шамасын алуы мүмкін. v=v0+at. a=F/m; v=v+F/m t. - дене жылдамдығы артқан сайын артып барады. υ

Жазбаша жұмыстар тақырыптары

10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары



17. Кәсіби бағдар беру технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: кәсіптік ағылшын тілін жетілдіру. Оқу – жұмыс бағдарламасына мамандыққа сай тақырыптар ендіру. Берілген білімнің тәжірибеде қолдану қажеттілігі.

Осыны қортындылай келетін болсақ: оқыту технологиясы дегеніміз қойылған мақсатқа тиімді, нәтижелі жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе.

9.3. М.М. Жанпейісованың модульдік интерактивтік оқыту технологиясы

Бұл технология 2000 жылдан бастап мектеп тәжірибесіне енді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті. Модульді оқыту тәжірибесін зерттеген ғалым

М.М. Жампейісованың “Технология модульного обучения” атты еңбегі жарық көрген. Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытуға, зейінін тәрбиелеуге, халықтық педагогикамен қаруландырып, терең білім беруге негізделген.

Модульдік интерактивтік оқыту технологиясының тиімділігі:

Оқушыларды оқытудың мақсатымен, жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.); оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогты қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекеті ұйымдастыру. Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу.

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты:

Оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.

Міндеті:

Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру; таным үрдістерін дамыту; танымдылық қабілеттерін дамыту; сөздік қорын дамыту; өзара көмек және бірге бастан өткізу; оқу себептілігінің өзгеруі.

Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi


Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс-әрекеттер негiзi,оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау(өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi.

Интерактивті үрдіс дегеніміз—педагогикалық үрдіс қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.


Ерекшеліктері:

Оқу материалының тұтастай берілуі; оқу үрдісінің интерактивті формада ұйымдастырылуы; оқу материалын жеңілдеп күрделіге қарай өсу бағытымен берілуі.Оқушылардың біліктілігін жүйелі түрде диагностикалауы; Оқушылардың ізденіс, шығармашылық жұмыстармен айналысуына жағдай туғызуы.

Модульдік оқытудың құрылымы:

Оқытуға мақсат қою; жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; оқушылардың білім деңгейін алдын-ала (диагностикалық) бағалау; оқу әрекеттерінің жиынтығы; нәтижені бағалау.

Оқыту модулі:

Кіріспе бөлімі: (модульге , тақырыпқа енгізу).

Сөйлесу бөлімі: (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).

Қорытынды бөлімі: (бақылау).

Интерактивтік үрдісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:

Ойлау қызметін, мазмұнын, шығармашылық қызметін ұйымдастыру; таңдау еркі; рефлексияны ұйымдастыру.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

  • модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;

  • оқу материалын біртұтас, жинақы, ”өсу” бағытымен беру;

  • тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының

  • талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материалдайындау;

  • осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

І кезең. Оқу модулін даярлау технологиясы

Мұғалімнің модульді даярлауы: оқу материалын блок арқылы тақырыптарға бөлу; оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни оқушы нені біліп, үйренуі тиіс); модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру; тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру; диагностикалық және бақылау жұмыстарын әзірлеу; білім, білік дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.

ІІ кезең. Мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау

әрекетінің құрылымы:

Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу; оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларындайындап алу; әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар және олардың жауап үлгілерін дайындау; әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар дайындау;



Сөйлесу бөлімінiң iс-әрекет қадамдары:



ІІІ кезең. Қорытынды (бақылау) бөлімі

Тест: Толықтыруды қажет ететін; еске салушы; балама жауаптары бар; таңдамалы; сәйкестілік; реттілік немесе бірізділік; құрама.

Сынақ: релелік; айналмалы; қарапайым; блицтурнир.

Жазбаша бақылау жұмыстары: диктант; шығарма; мазмұндама; бақылау жұмысы; мәнжазба және т.б.

Модульдік оқыту технологиясы:

  • оқушынының мұғалімнен қабылдаған білімін шығармашылықпен жеткізуге үйрететін әдіс;

  • эмоциялық сезімге бойлап, әсерлі сезімде болуға жетелейді;

  • ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытады, зейінін тәрбиелейді, халықтың педагогикамен қаруландырады, терең білім береді;

  • ол сатыға жеткізуші дәнекер - ойдың модулі.

Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалы.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,3,8,9,10]

Қосымша әдебиеттер: [17,19,20,22,23,29,30]
Тақырып 10. Физиканы оқытудың әдістемесі пәнінің дербес мәселелері.

10.1. Физиканы оқытудың негізгі сатысы.

10.2. Физиканы оқытудың жоғары сатысы.
10.1. Физиканы оқытудың негізгі сатысы.

10.1.1. Заттың құрлысы туралы бастапқы мағлұматтар.

10.1.2. Қозғалыс және кұштер.

10.1.3. Гидро- және аэростатиканың элементтері.

10.1.4. Жұмыс, қуат және энергия.

10.1.5. Жылу құбылыстары туралы алғашқы мағлұматтар. Жылу, жұмыс және ішкі энергия.

10.1.6. Атом құрлысы және электростатика элементтері.

10.1.7. Ток күші, кернеу, кедергі.

10.1.8. Электромагниттік құбылыстар. Жарық құбылыстары.

10.1.9. Денелердің қозғалыстары мен өзара эсерлесу заңдылықтары.

10.1.10. Механикалық тербелістер және толқындар. Дыбыс тақырыбын оқып-үйрену әдістемесі.

10.1.11. Атом және атом ядросының құрлысы. Атом ядросының энергиясын пайдалану.

    1. Физиканы оқытудың жоғары сатысы.

10.2.1. Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі.

10.2.2. Мектеп курсындағы молекулалық физика және оны оқып-үйрену әдістемесі.

10.2.3. Газ заңдарын оқып-үйрену әдістемесі.


10.2.4. Термодинамика сұрақтарын оқып-үйрену әдістемесі.

10.2.5. Мектеп курсындағы «Электродинамика» және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау.

10.2.6. Электродинамиканың негізгі ұғымдарын оқып-үйрену әдістемесі.

10.2.7. Электродинамиттік өрісті оқып-үйрену әдістемесі.

10.2.8. Электродинамиттік тербелістерді оқып-үйрену.

10.2.9. Электродинамиттік толқындар және оны оқып-үйрену әдістемесі.

10.2.10. Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері.

10.2.11. Кванттық физиканы мектеп курсында оқып-үйрену әдістемесі.
10.2.1. Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі.

Тәлімді мәселе механиканың негізгі ұғымдары (масса, күш, дене импульсі, энергия және т.б.) физика ғылымындағы түсіну инструменті мен анықталады. Осы тұрғыдан механиканы физиканың фундаменті деп санаймыз. Механикада оқыушылар Нъютонның классикалық механикасы физикалық теориясы мен, бүкіләлемдік тартылыс, импулъстің және энергияның сақталу заңдары мен механикалық жүйелердің тепе-теңдік шарттары мен және т.б. танысады.

Механиканы оқып біле отырып табиғаттағы өзгерістерді диалектикалық - материалистік тұрғыдан түсіне бастайды. Өнеркәсіптегі транспорттағы, ауыл-шаруашылығындағы механизацияланудың жаңа түрлерінің пайда болу себептеріне ғылыми көз қарастары дағдыланады. Болып жатқан жаңалықтарға өз үлестерін қосуға патриоттық-интернационалдық тәлім алуға, механика саласында Қазақстан ғалымдарының сіңірген еңбектерін оқып білуге тырысады.

Оқушыларда еңбекке деген қызығу пайда болып политехникалық тәлім арқылы өнеркәсіпті механизациялауды дамытады.Оқушылар қарапайым механизмдер олардың жұмыс істеу принциптерімен түрлі қозғалыстардың берілулері қозғалыс заңдарымен танысады. Еңбек сүю түрлі зертханалық жұмыстарды орындауда да дағдыланады. Еңбекке деген қызығу және тәрбие ғалымдардың жаңалықтарды ашудағы тынымсыз еңбектері арқылы да сана – сезімге еніп барады И. Ньютон айтқанындай «маған сеніңіздер, егер менің ізденулерім бірнеше қажетті нәтижелерді алып келген болса, ол тек еңбекке және сабырлыққа міндетті».

Механиканы үйренуде оқытушы тек техникаға сүйенбей оның жалпы мәденитеттік тарапыны да көрсете білуі керек, яғни біздің өміріміздегі механикалық құбылыстарды да көрсете білуі шарт.

Реактив қозғалысты үйренуде К.Э. Циалковскийдің қызметтерін, бірінші ракетаны амалға асырған Ф.А. Цандерді атап кеткені жөн. С.П.Королевті арнайы атап өту керек, ол бірінші басқарылатын бірнеше сатылы континенталараралық ракетаны жасаған. Ол арқылы жасанды Жер серіктері ұшырыла бастады.


Мехканиканы үйренуде өркендетуді оқытудың мәселесін шешуде оқушылардың диалектикалық, теориялық, ғылыми – техникалық, логикалық пікірлеулерін өркендетуге бағытталған, яғни олардың интелектік және шығармашылық қабілеттіліктерін өркендету. Шындығында, механиканың сатылы логикасы, механикалық теорияға әржақтама сүйенген жалпы тану әдісі болған, талдау және синтез, индуктив және дедуктив, мектеп оқушыларының логикалық пікірлеуін өркендетуде мүмкіндік береді.

Механикадағы ғылыми жалпылаудың барлығы оқушыларда теориялық пікірлеуді дағдыландырып абстракциядағы икскінен негізгілерді таңдап, нақты қорытынды жасап, жалпыдан керектіге өтуде жол көрсетеді. Себебі, механикада оқушылар көптеген абстрак ұғымдарға материаль нүкте, санақ жүйесі, бірқалыпты және бірдей үдемелі қозғалыстар және т.б. кездеседі. Бұл ұғымдармен істеуде оқушылар құбылыс және обьект ғылымда қалай идеализациялау келп шығуын көреді.

Ньютонның классикалық механикасын үйрене отырып, әлемнің физикалық көрінісін туралы көзқарас пайда болады. Классикалық механика табиғаттағы құбылыстардың шексіздігімен оны үйренуде шексіз екендігін көз алдыларына келтіреді.

10.2.1.1. Механиканың физика курсындағы ерекшелігі.

1. Орта мектепте физика курсының механикадан басталуы механикалық процесстердің қозғалыс пішінде болып бақылау үшін ең тиімді болуымен түсіндіріледі. Физикалық жүйелерді модельдеу классикалық механикада олардың механикалық образ бейнелерін жасау арқылы да түсіндіріледі. Бұл оқытушыдан механиканы оқушылардың толық және мықты үйренулеріні талап етеді.

2. Механикада физикалық теориялардың толық келтірілуі ( физика курсының басқа бөлімдерінде мұндай жоқ). Соның үшін оқытушыға механика мысалдары арқылы физикалық теорияның структурасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Кез келген физикалық теорияда шартты түрде негізін ядросын және қорытындысын бөлуге болады. механикада механикалық теорияның негізін құрайтындар идеалдырылған обьект материалдық нүкте, эксперименталдық факттердің анықталған саны (Галлилей, Кавандиш және т.б. тәжірибесі) негізгі физкалық шамалар – орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, материалдық нүктенің массасы.

Механикалық теорияның ядросы абстракциялар жүйесін өз ішіне алады (кеңістіктің біртектілігі мен изотроптығы, уақыттың біртектілігі, екі дененің материалдық жәрдемісіз тікелей бір – бірімен әсерлесуі), Ньютон заңдары, күштердің әсерінің бір – біріне тәуелсіздігі принципі, механиканың негізгі мәселелерінің келіп шығуы. Бұл теорияның қорытындысы кез келген уақыттағы, күштегі (немесе қорытқы күші) кеңістіктегі орнын анықтау мүмкіндігі.