Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 608
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.
14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.
1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004
3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .
4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.
5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998
7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004
8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.
9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.
1. http://www.physic.kz/?p=2485
2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29
3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4
4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/
5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »
«Физика» пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Физиканы оқытуда мынадай неғұрлым жалпылама мақсаттар қойылады:
1) даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
2) оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды–құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.
Бұл мақсаттар оқыту процесінде, оқытудан күтілетін нәтижені де елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді.
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міңдеттері туындайды:
1) білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау; ол үшін оқу – эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми – таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың санасында табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;
3) оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;
4) планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қатыңасы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялылығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру;
5) оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады, оның ішіндегі аса маңыздысы оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету.
«Физика» пәнінің зерттеу объектілері. Жаратылыс ғылымдары жүйесіндегі физиканың басты орынға ие болуы оның терең философиялық және ғылыми–техникалық мазмұнымен тікелей байланысты. Физика салыстырмалы түрде материянын неғұрлым қарапайым және сонымен қатар неғұрлым жалпылама түрлерін және материя қозғалысынын неғұрлым күрделірек түрлерінің құрамына кіретін физикалық түрін зерттейді. Матерняның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысына жетті және оның дамыған математикалық және экспериметтік зерттеу құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл ғылыми-жаратылыстану ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми – жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель болып табылады.
Оқушылардын ғылыми–жаратылыстанудан алғашқы сауаттылығын мектептің бастауыш сатысы (МБС) қалыптастырады, онда биологиялык, физикалық, химиялық және географиялық білімдер «Дүниетану» деп аталатын кіріктірілген жеке пәнге енгізілген.
Мектептің келесі негізгі және жоғарғы сатыларында дүниенің ғылыми – жаратылыстану бейнесінің мазмұны «Биология», «Физика», «Химия», «География» сияқты жеке пәндер арқылы да, сондай–ақ кіріктірілген курстар («Физика және астрономия», «Физика») арқылы да беріледі.
Мектептің негізгі сатысындағы (МНС) «Физика» пәні курстар мен бөлімдерді олардың базалық ғылымдағы орналасу ретіне сәйкес қамтиды: механика, молекулалық физика және термодинамика, электрдинамика, атомдық физика. Бұл логикалық аяқталған білімнің бірінші көрінісін береді. Мектептің негізгі сатысының оқу матерналын игеру физикалық білімнің толыққанды болуын қамтамасыз етеді, оқушыларға жоғарғы сыныптарда, онын ішінде физика–математикалық бағдардағы сыныпта (мектепте), сондай–ақ орта кәсіптік және арнаулы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін қажеітті білім қорын жасайды.
Мектептің жоғарғы сатысында (МЖС) «Физика» пәні «Механика», «Молекулалық физика», «Электрдинамика», «Кванттық физика» сияқты негізгі курстарды қамтитын іргелі теориялар негізінде құрылады. Бұл білімнің логикалық аяқталған екінші концентрін береді. Мектептің жоғары сатысының оқу материалын меңгеру физикалық білімнің көлемдік білім кеңістігінің сәйкес деңгейімен пара–пар болуын қамтамасыз етеді.
Астрономиялық материал «Физика» оқу пәніне мынадай екі тәсілмен енгізіледі:
7-11 – сыныптардағы физиканың оқу материалдарымен органикалық түрде біріктіру арқылы;
ғылыми–жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген курсында «Физика және астрономия», «Физика») жеке тарау түрінде беру арқылы.
Физика–математикалық бағдардағы мектептің жоғарғы сатысында. «Астрономия» жеке оқу курсы аясында оқытылуы мүмкін.
«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.
«Физика» пәнінен жалпы білім беру келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:
білім берудің негізгі бағдарламасы (7-9-сыныптар);
бағдарлы білім беру бағдарламасы (10-11-сыныптар).
Мектептің негізгі сатысына (7-9-сыныптар) арналған білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) жалпы білім беретін деңгейде анықталады. Мектептің жоғарғы сатысына арналған білім берудің негізгі бағдарламасының базалық мазмұны екі бағдар бойынша анықталады:
-қоғамдық–гуманттарлық бағдардағы мектептерге (сыныптарға) арналған оқу пәні ретіндегі физиканың базалық мазмұны;
-жаратылыстану–математикалық бағдардағы мектептерге (сыныптарға) арналған оқу пәні ретіндегі физиканың базалық мазмұны.
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес:
1. Мектептің негізгі сатысында (7-9-сыныптар)–аптасына 6 сағатты, оқу жылында 204 сағатты, оның ішінде:
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат,
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат,
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат құрайды.
2. Мектептің жоғарғы сатысында (10-11-сыныптар) оқытудың бағдарына қарай:
а) қоғамдық – гуманитарлық бағдарда аптасына 2 сағатты, әрбір сыныпта
1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты, барлығы 68 сағатты,
ә) жаратылыстану–математикалық бағдарда аптасына 6 сағатты, әрбір сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты, барлығы 204 сағатты құрайды.
3.2. Физиканың пропедевтикалық курсы.
Мектептің бастауыш сатысында оқыту оқушыларды мектептің жоғары сатысындағы ғылыми-жаратылыстану пәндерін, оның ішінде физиканы оқуға қажетті базалық дайындықпен қамтамасыз етуі тиіс.
Мектептің бастауыш сатысындағы «Дүниетану» пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына енгізілетін физиканың оқу материалының төмендегідей көлемі тағайындалады:
Табиғаттағы денелер мен заттар. Судың және ауаның физикалық қасиеттері. Жарық көздері. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысу себептері. Күнге қарап және құлабыз арқылы тұрған жерді бағдарлау. Күннің сәулесі мен жылуының Жердегі тіршілік үшін маңызы.
3.3. Мектеп физика курсының даму перспективалары
Қазіргі мектеп курсын құрылымдық тұрғыдан талдасақ ол Механика, Молекулалық физика, Электрдинамика, Кванттық физика болып 4 бөлімнен, сағат сандарының үлесі бөлімдерге сәйкес 33%, 15%, 25%, 15% мөлшерін алады, ал қалған 14% зертханалық тәжірибелік жұмыстарды орындауға және 8% қайталау- қортынды сабақтар мен экскурсияларды өткізуге арналған.
Осы заманғы ғылыми техникалық прогрестің дамуына байланысты келешектегі мектеп физикасының жаңартылуы мына бағыттарда жүргізілмек.
-
Энергетика; -
Экологияландыру; -
Космонавтика; -
Өндірісті механизациялау мен автоматтандыру; -
Қажетті қасиеттері бар жаңа материалдарды алу; -
Жаңа технологиялық процестерді дамыту;
Қазіргі заманғы ғылымның дамуына байланысты физика саласында физикамен байланысты жаңа ғылымдардың пайда болуы мектеп физикасының даму болашағын және оның құрылымын өзгертіп отырады. Мысылы, астрофизика, биофизика, радиология, синергетика, кибернетика, т.б.
Сонымен қатар физикалық теорияға байланысты жаңа эксперименттің пайда болуы да мектеп физикасының даму болашағына әсерін тигізеді.
Мектеп физикасының құрылымына мынадай фундаментальды физикалық теориялар енгіу көзделіп отыр:
-
Ньютон механикасының класыкалық теориясы ; -
Ньютонның гравитациялық механикасының классикалық териясы ; -
Максвеллдің электрдинамикалық териясы және релятивистік механика теориясы, яғни Эйнштейн теориясы; -
Кванттық механика теориясы, Бор пастулаттары; -
Релятивистік және гравитациялық механика теориясы; -
Кванттық механикадағы релятивистік теория; -
Кванттық механикадағы гравитация теориясы; -
кванттық механикадағы релятивистік және гравитациялық теория;
Диалектикалық тұрғыда осы фундаментальды физикалық теориялар оқушылардың әлемдегі физикалық бейнесін логикалық жағынан қалыптастырады. Міне осы физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты болып табылады. Осы да мектептің даму болашағын анықтайды.
Сондықтан жаңа пайда болып жатқан фундаментальды физикалық материалдарды және заңдылықтарды мектеп физикасының мазмұны мен құрылымына енгізу керек. Қажеттіліктерге сай құрылған оқулық арқылы мұғалімнің көмегімен оқыған оқушы мектептің физика курсын жетік меңгере алады.
3.4.Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы
Оқу пәндері арасындағы байланыс тиісті ғылымдар арасындағы байланыстың көрінісі болып табылады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өз саласында объективті өмір сүретін бірыңғай материалдық дүниені зерттейді.
Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыспен және ғылымдардың өзара сабақтасуымен және әсіресе математика мен физиканың білімнің басқа салаларымен байланысымен сипатталады. Мәселен, соңғы жылдары физиканың, биологияның, психологияның, математиканың, радиоэлектрониканың және басқа ғылымдардың деректерін инженерлік-техникалық міндеттерді шешу мақсатында тірі организмдерді зерттеу үшін пайдаланатын бионика ғылым пайда болды.
Оқу пәндері арасында байланыс болудың қажеттілігі сондай-ақ оқытудың дидиатикалық прициптерінен, оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру міндеттерінен туындайды.
Пәнаралық байланыстар оқушылардың табиғат құбылыстары туралы тұтастық түсінігін қалыптастыруға себебін тигізеді, оқушылардың өздерінің білімдерін әр түрлі оқу пәндерін оқып-үйрену кезінде және қоғамдық пайдалы еңбекте пайдалануларына көмектеседі.
Физика сабақтарында көптеген пәндер үшін, әсіресе химия мен биолгия үшін, үлкен мәні бар материал оқып үйреніледі, бұл пәндер физикалық теорияларды, заңдарды және табиғат құбылыстарын зерттеудің физикалық әдістерін пайдаланады. Физика сабақтарында оқушылар еңбек жолында және басқа пәндерді оқып – үйрену кезінде қажет болатын бірқыдыру тәжірибелік дағдылар мен шеберліктерге ие болады. Пән аралық байланыстар физиканы ойдағыдай оқып–үйрену үшін де дәл сондай дәрежеде қажет. Бүгінгі таңда пән аралық байланысты мұғалімдер екі түрге топтап жүр. Оларды уақыттық және мазмұндық ақпарлық байланыстар деп жіктейді. Өз кезегінде уақыттық сәйкестік (хронологиялық) байланыс: өтіп кеткен, қатарлас және келешекте туатын байланыстарға жіктеледі. Ал мазмұндық ақпарлық байланысты: ұғымдық және теориялық байланыстарға жіктейміз. Бұларды өзара салыстырсақ, ақпарлық байланыстардан, ұғымдық және теориялық байланыстардың маңызы анағұрлым зор.
Пәнаралық байланыстардың тағы бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін яғни бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ міндетті шешуге жұмылдырады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда төмендегі негізгі бағыттарды
бөліп көрсетуге болады:
-
бір пәндерді оқып-үйрену оқушылардың басқа пәндерді үйренуге дағдылауына жәрдемдесетіндей болуын есепке алып, әр түрлі пәндерді оқып-үйренуді уақыт жағынан үйлестіріп отыру; -
оқушылардың ғылыми ұғымдарын дамытудағы және олардың бойында жинақталған шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудағы сабақтастық; -
жалпы ұғымдарды, шеберліктерді және дағдыларды қалыптастыруда бірыңғай тұрғыны жүзеге асыру; -
білімдерді меңгеруге және жалпы шеберліктер мен дағдыларға ие болуға қойылатын талаптар бірлігі; -
бір пәнді оқып-үйренгенде оқушылардың басқа оқу пәндерін оқу-үйрену процесінде алған білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын кеңінен пайдалану; -
шектес пәндер сабақтарында бір ғана мәселелерді оқып–үйренудегі қайталаушылықты жою; -
әр түрлі ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің ортақтығын көрсету және олардың ерекшелігін ашу; -
әр түрлі пәндер (физика, химия, биология, география және т.б.) сабақтарында оқып-үйренілетін құбылыстардың өзара байланысын ашу, материялық дүниенің бірлігін көрсету.