Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 616
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.
14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.
1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004
3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .
4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.
5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998
7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004
8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.
9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.
1. http://www.physic.kz/?p=2485
2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29
3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4
4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/
5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »
4.4. Семинар сабақтар
Тарау бойынша өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білімдерін жүйелеу және тәжірибеде қолдана білу ебдейлігін дамыту мақсатында семинар-сабақ өткізудің де нәтижелі екендігі физика мұғалімдерінің тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Семинар-сабақ әңгімелесу, есеп шығару тәсілдерін талдау, баяндама жазу, көрнекі құралдар мен қолдан құралдар жасау, кейбір демонстрациялық тәжірибелерді оқушылардың көрсетуі, оларды талдап, сұрақтарға қалауы бойынша жауап беру түрінде өткізген тиімді. Мысалы, Электр өрісі. Электр заряды» тақырыбы бойынша семинар өткізгенде электр заряды, зарядталған дене, электр өрісі және оның кернеулігі, потенциал, потенциал айырымы, Кулон заңы сияқты электростатиканың негізгі ұғымдарын пысықтап, олардың физикалық мағынасын ашып, тыңғылықты жүйеге келтіруге болады.
«Материяның түрлері және оның қозғалысының формалары» деген тақырыпта өткізілетін семинар-сабақтың жоспары мынадай болуы мүмкін. 1) Электр энергиясын өндіру, алысқа жеткізу және пайдалану. 2) Электрмагниттік толқындар. Елімізде байланыс құралдарының дамуы. 3) Ядролық энергия, оны алу және пайдалану. 4) Материяның түрлері және оның қозғалысының формалары.
4.5. Оқу конференциялары
Физика бойынша оқу конференциялары да, сабақтар сияқты, сабақ кестесі бойынша пәнге арнап бөлінген сағаттарда бүкіл сыныппен өткізіледі. Мұғалім жетекші роль атқарады. Конференцияда да, сабақтағы сияқты, жалпы сыныптың жұмысы оқушылардың жеке жұмыстарымен үйлестіріледі.
Конференциялардың сабақтардан айырмасы оқушылар жаңа білімдерді конференцияға даярлану процесінде жұмыс істеген әдебиеттен және басқа оқушылар жасайтын баяндамалардан алады. Мұғалімнің конференциядағы жетекші ролі мынадан тұрады: ол оқушылардын баяндамалар жасауын және ол баяндамаларды талқылауын ұйымдастырады, талқылау кезінде баяндамаларға жасалмаған толықтырулар мен түзетулерді енгізеді. Мұғалім конференцияның нәтижелерін қорытындылайды, жалпы сынып пен баяндамалар және оларға толықтырулар жасаған жекелеген оқушылардың жұмысын бағалайды.
Конференциялардың білімдік мәні мынада: оларға даярлану процесінде мектеп оқушылары әдебиетпен өздіктерінен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.
Конференциялар оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттерін көрсете білуін олардың ғылыми және техникалық білімдерге деген қызығушылығын дамытуға көмектеседі. Оқушылардың инициативасын, белсенділігі мен дербестігін дамытудағы, сондай-ақ олардың бойында ұжым алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеудегі конференциялардың мәні өте зор. Баяндамаларды даярлау процесінде оқушылар көрнекі құралдармен және құралдармен дербес жұмыс істеу дағдыларын алады, баяндамаға дайындалған кезде, құралдарды пайдалану, тәжірибелер жасап көрсету, тақтаға суреттер және сүлбелер салу шеберліктеріне ие болады. Ақырында, конференциялардың оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, баяндама үшін іріктеліп алынған материалды сауатты, логикалық тұрғыдан дәйекті баяндап беру шеберлігін дамытудағы маңызын ескерген жөн.
Конференциялардың талқылауына ашылған жаңалықтардың және өнертабыстардың тарихымен байланысты оқып үйреніліп отырған теориялық материалды ғылымда және техникада қолданумен, физикалық құралдардын, машиналар мен механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу принциптерімен, сондай-ақ технологиялық процестермен таныстыратын мәселелерді қоюға болады. Конференция - сабақта білімді оқушылар өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан (7-8 минут) алады. Мұғалім оқушыларға баяндамаларды бөліп беріп, оған тиісті әдебиеттерді көрсетіп (қажет болса тауып беріп), консультатция береді. Конференцияны ұйымдастырады, баяндамаларды талқылаттырады және қортындылап, баяндамашыларға баға қояды. Оқу конференциясын негізінен физика-техникалық жаңалықтардың тарихы, физикалық құралдар мен техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері, физикалық заңдардың өңдірісте қолданылуы сияқты мәселелерге арнаған тиімді. Конференция өткізу жоспарын (баяндамашылардың тізімін, әдебиеттерді көрсетіп) 10-15 күн бұрын физика кабинетіне іліп қою керек. Конференцияда баяндамашылардың демонстрациялық эксперимент, сүлбе, кино-диафильмдер көрсеткені жөн.
Конференцияның табысты болуы ен алдымен оны дайындау сапасына байланысты. Конференцияға даярлық төмендегі кезеңдерді қамтиды:
-
конференцияның міндеттерін және конференцияның қарауына қойылғаны жөн болатын мәселелер аумағын, сондай-ақ өткізудің мерзімін анықтау; -
мұғалімнің тиісті әдебиетті зерттеп оқуы; оқушыларға ұсынуға болатын
әдебиетті іздестіру; сөйлеушілерге баяндамаларды бөліп беру;
-
мектеп оқушыларына консультация беру.
Оқушылар өздері жасайтын баяндамаларға керектілерін таңдап алып даярлауы және әдебиетпен жұмыс істеу үшін конференцияның жоспары мен ұсынылған әдебиеттің тізімін кабинетке іліп қойса тіпті жақсы. кабинетте конференцияның тақырыбы бойынша әдебиет көрмесін ұйымдастырған пайдалы. Конференциядан бірнеше күн бұрын ауызекі сөйлеуді онша жақсы меңгермеген оқушылардың баяндамаларын тыңдап көріп, оларға ойларын өз сөздерімен айтып беруіне, дикциямен жұмыс істеуіне көмектескен жөн. Баяндамаларды жазып алған мәтің бойынша оқып беруге жол бермеген жөн, бірақ баяндаманын жоспарын пайдалануға рұқсат етуге болады.
XI сыныпта конференцияны әдетте 45 минутқа жоспарлайды. Бұл уақыт жалпы тақырыппен байланысты мәселелердің аумағын қарап шығу үшін жеткілікті. Әр баяндамадан соң сыныпқа баяндамашыға сұрақтар қою, түзетулер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Баяндамаларды тыңдау барысында оқушылардың баяндамалардың тақырыптары мен негізгі қағидаларды жазып алғандары жөн болады. Бұл баяндамаларға деген зейін қоюдың артуына көмектеседі. Зейін қоюдың артуына сонымен бірге тыңдалған баяндамалардың мазмұны бойынша сыныпқа 1—2 сұрақ қою да көмектеседі. Мұның оқушылардың конференциядағы жұмысқа жауапкершілігін арттыру үшін және талқыланатын мәселелерді меңгеру дәрежесіне бақылау жүргізу үшін манызы зор.
Оқушылардың конференциядағы жұмысын күшейтудің көрсетілген әдістерін жете бағаламау оның тиімділігін төмендетеді. Баяндамаларды тыңдап және талқылап болғаннан соң, оқушылардың конференцияда білгендерінің бәрін қорыту, баяндамалар мен сөйленген сөздердің сапасын бағалау қажет. Мұны әнгіме әдісімен де, мұғалімнің қысқаша резюме жасауы арқылы да жүзеге асыруға болады.
4.6. Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру
Заманымыздағы үздіксіз білім алу бағдарламасының негізгі принципі – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім - өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес, оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түп мақсаты – оқушыларды өз бетінше оқуға үйрету болып саналатынын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұрғыдан физиканы оқыту процесінде де мүмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру – басшылық рөлі әбден қажет.
Физиканы оқыту кезінде оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының түрі көп-ақ :
-
оқулықпен, қосымша әдебиеттермен, анықтамалықтармен жұмыс істеу,
конспект жасап үйрену;
-
есеп шығару, жаттығулар орындау; зертханалық жұмыс, физикалық практикум, таратып қолдарына беретін материалмен жұмыс істеу; -
баяндамалар және рефераттар жазу, оларды конференция мен семинарларда оқу; тәжірибелерді, табиғат кұбылыстарын бақылауға, олардан тиісті қорытындылар жасауға үйрету; -
қондырғыларды құру, қолдан құралдар жасау, сүлбе-плакаттар салу; -
экскурсия кезінде жеке тапсырмаларды орындау; -
үйде физикалық тәжірибелер мен өлшеу-бақылауларды жүргізу; -
жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі бойынша – «өнер-тапқыштыққа» үйрету, шығармашылық жарысқа қатыстыру, физикалық аукцион мен көрмелер ұйымдастыру, пресс-конференция мен тапқырлық клубына қатынастыру, физикалық компьютерлік ойындарды ойнаттыру, «экспресс-бағалауды» және «блиц-турнирді» жүргізу, т.б.
Бұлардың бәрінің негізгі мақсаты: өз бетінше білім алу, білімдерін дамыту; жалпы еңбектік оқу ебдейліктері мен дағдыларды меңгеру; білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйрену; өздігінен үздіксіз оқуға дағдыландыру.
Оқушылар өз бетінше кітаппен жұмыс істегенде, мұғалім оларға, негізінен, түсінгенін баяндаудың жоспарын жасауға, мәтіндегі ең негізгі мәселені таба білуге, кестелер мен график және суреттерден қажетті ақпаратты алуға, құралдардың сүлбе-сызуларын оқып түсінуге, кітаптың мазмұнын және әріп белгілеулерін пайдалануды үйрету керек. Оқығандарының негізгілерін бөліп алып, конспект жасауға үйрету үшін физикалық құбылыстарды, шамаларды, зандарды баяндаудың мынадай алгоритмдік жоспарын мұғалім жасап, ұдайы көрсетіп отыруы тиіс
4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсыңда түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оку материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдерге әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция және кітаппен жұмыс кіреді.
Әңгімелеу. Бұл мұғалімнің сабақтын логикалық негізін түсіндіру, материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, доилогпен үзбектемей, баяндап беруі, оның қолданылу мақсаты мынадай:
-
оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен таныстыру; -
ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму перспективаларымен таныстыру; -
оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың құралдар мен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылуымен таныстыру; -
табиғат пен техникалық қондырғыларда бақыланатын құбылыстарды сипаттау; Әңгімелеу тәсілін тәжірбиелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тындаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеудің ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы керек.
Түсіндіру. Бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беру. Физиканы оқытуда түсіндіру тәсілін төмендегі оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:
-
физикалық құралдар мен машиналардың құрлысын және жұмыс істеу
принциптерін оқып үйренген кезде;
-
денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрлысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде; -
физикалық заңдардың мәнін оқып үйрену мен олардың арасындағы байланысты ашқанда;
Түсіндіруді көрнекілік құралдардын қолданылумен қоса қабат жүргізген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді.
Лекция. Лекция әңгімелеумен түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Лекция тәсілін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, лекция барысында негізгі идеяларды, қортыңдыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды жазып отыру шеберлігін талап етеді.
Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту тәсілі. Материалды әңгімелесу тәсілімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелержасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған мәселелер жөніндегі дербес ақыл-ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен жинақтаулар жасайды. Физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу тәсілі – жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі. Оны мынадай жағдайларда қолданады:
-
физикалық заңдарды демонстрациялық тәжірибелермен және оқушылардың фронтальдық экспериментімен ұштастырып оқып үйренген кезде; -
физикалық құбылыстардың мәнін ашып-айқындау кезінде; -
физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында; -
жаңа материалды оқып үйрену үрдісіне сүйену үшін білу қажет болатын бұрын өтілген материалды қайталау кезінде; -
алға қойылған проблеманы шешу жолдарын анықтау кензінде;
Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу тәсілі – негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс, басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта-ықылас тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.
Кітаппен жұмыс. Кітап – білімнің қайнар көзі. Оқушылар физика оқулықтарымен жұмыс істеп, белгілі физикалық білім жүйелерін меңгереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады. Материалды қабылдау үстінде де, оны пысықтау және қайталау кездерінде де кітаппен жұмыс істейді.
Негізгі әдебиеттер: [1,4,5,7]
Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22]
Тақырып 5. Физикалық демонстрациялық эксперимент
5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.
5.2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы. Физикалық приборлардың жалпы сипаттамасы және классификациясы.
5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.