Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 617
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
4. Жанабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
6. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
13. Каменецкий С.Е. Современные проблемы методики обучения физике. - Н-Новгород, 2001.
14. Мастропас З.П., Синдеев Ю.Т. Методика и практика преподавания. – Ростов н/д.: Феникс, 2002.
1. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 7к– Атамура, Алматы: 2004
3. Алимбекова Г.Б. «Қысқаша физика курсы 11- сынып». А.: «Азия-принт Адвертайзинг» , 2006 .
4. Электронные учебники по физике. 7-11 классы, – А. 2009.
5. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту əдістемесі.-Алматы., 1998
7. Кем В.И., Кронгард Б.А. Сборник задач и упражнений. 8к– Атамура, Алматы: 2004
8. Рымкевич А.П., Рымкевич П.А. Сборник задач по физике– М., 2000.
9. Кабардин О.Ф. и др. Физика. Тесты для шк. – М.: Оникс 21-век, 2004.
1. http://www.physic.kz/?p=2485
2. http://zhangozy.wordpress.com/2010/01/29
3. http://physics1.ucoz.net/load/o_ushylardy_fizika_esepterin_shy_aru_a_jretu_di stemesi/1-1-0-4
4. http://lib-kguti.kz/index.php/component/option,com_docman/
5. http://videouroki.net/projects/index.php?id 6. «w w w physicslab.co.uk »
Мектептегі физика курсындағы эксперимент — бұл физика ғылымына тән, зерттеудің ғылыми әдісінің көрінісі. Оқушыларды эксперименттік әдістің мән-мағынасымен, оның физика саласындағы ғылыми зерттеулердегі ролімен таныстыру үшін, сондай-ақ мектеп оқушыларының қандай да бір тәжірибелік дағдыларымен қарулануына эксперименттер мен бақылаулардың маңызы зор. Физикалық экспериментті негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену — оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себін тигізеді.
Мектепте жасалатын физикалық эксперимент негізгі екі түрге бөлінеді: демонстрациялық (көрсетілімдік) (ол көбінесе мұғалім орындайтын және сыныптағы барлық оқушылар бір мезгілде қабылдауына арналған) және зертханалық (мұны оқушылар орындайды). Эксперименттің бұл екі түрі бірін-бірі толықтырады. Кейбір жағдайларда оқушылардың зертханалық жұмыстарын қойған жөн, ал басқа бір жағдайларда демонстрациялық экспериментті пайдаланған жақсы.
Демонстрациялық эксперимент кұбылыстарды және заңдарды оқып үйрену үстінде, оқушының ой-өрісіне мұғалімнің белсенді басшылығы керек болған жағдайларда қажет болады. Эксперимент демонстрациясы — мақсат көздеген процесс, оның барысында мұғалім мектеп оқушыларының сезу және қабылдау түйсіктеріне басшылық етуді іске асырады және осылардың негізінде белгілі бір түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырады. Демонстрациялық эксперименттерді мұғалімнің сөзімен ұштастыру — физикалық ұғымдардың ойдағыдай қалыптасуына маңызды шарттардың бірі.
VII—VIII сыныптарға арналған физика бағдарламасында әрбір такырыпқа демонстрациялық эксперименттердің міндетті минимумы көрсетілген. Бұл эксперименттер зертханалық жұмыстармен бірге оқушылардың физикалық білімінің эксперименттік негізі болып табылады. Демонстрациялық экспериментті өткізгенде түрлі мақсат көздеуге болады: бір құбылысты не екінші бір құбылысты бақылау, ұсынылған болжамды тексеру, физикалық заңдылықтарды айқындау және олардан келіп шығатын салдарларды тексеру. Өте маңызды физикалық ұғымдарды қалыптастыруға негіз болған заңдардың, физикалық болжамдар мен теориялардың мән-мағынасын ашып беретін эксперименттер ерекше орын алуы тиіс. Мұндай эксперименттерге, мәселен, Эрстедтің, Фарадейдің классикалық эксперименттері жатады. Бұларға физика пәнінің мұғалімі айрықша көңіл бөлуі тиіс. Сондай-ақ физиканы оқытуда көмекші сипатта болатын немесе оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындайтын проблемалық эксперименттердің алатын орны айтарлықтай. Техникалық құрылғылардын немесе құралдардың жұмыс істеу принципін, технологиялық процестердің физикалық мәнін айқындайтын демонстрацияларға лайықты көңіл аударылуға тиіс.
Демонстрациялықэксперименттердіңмәні. Физиканы үйрену процесі айналадағы физикалық құбылыстарды ұйымдастырылған түрде бақылаудан басталады. Мұндай бақылаулар оқушылармен қандай да бір дәрежеде физиканы жүйелі курсын оқып үйренуге дейін жүргізіледі.
Алайда физиканы үйрену кезінде осындай қормен шектеліп және соған ғана сүйену төмендегідей ұсыныстар тұрғысынан алғанда дұрыс болмас еді. Біріншіден, мұндай түсініктер барлық оқушыларда бірдей емес; екіншіден, кейбір оқушыларда олар тіпті дұрыс болмауы да мүмкін; үшіншіден, бұл түсініктер қандай да бір жаңа материалды қабылдап, түсіну үшін әрқашан жеткілікті бола бермейді. Түсініктер қоры, эксперимент көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі түрде толықтырылып отырылуы керек.
Мұның, бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстрациялық эксперименттерді сыныпта жүргізу қажеттілігіне келіп тіреледі.
Тиісті түсініктер беріліп, дұрыс қойылған физика демонстрациялары нақтылы қондырғының жеке құралдарын, тетіктерін, детальдарын т. б. Соны ғана емес, сонымен бірге оқып үйренілетін физикалық құбылыстарды, процестерді және заңдылықтарды да оқушылардың көруіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, демонстрациялар тікелей мұғалімнің басшылығымен оқушыларды бақылауларды неғұрлым жинақты және дәл жүргізуге үйретеді. Олар білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, эксперименттен іздеуге мәжбүр етеді және табиғаттың ақиқаттығы жайлы ғылым ретінде, физика туралы материалистік түсінікті қалыптастырады.
Ақырында, дұрыс көрсетілген демонстрациялық эксперименттер оқушылардың физикаға деген жанды жеңіл қолдау табатын қызығушылығын туғызады.
Оқушылардың сыныпта ұйымдастырылған бақылаулардан алған алуан түрлі физикалық түсініктері және соның әсерінен туындаған физикаға деген қызығушылық дұрыс оқытуды қам
тамасыз етеді. Олар қарапайым құбылыстар, физикалық шамалар, шамаларды өлшеу әдістері, жеке құралдар, қондырғылар т.б. туралы жай түсініктен негізгі физикалық ұғымдарды тағайындауға көшуді бүтіндей табиғи және мүмкін ете алады. Сабақтың басқа түрлерінде (зертханалық жұмыстарда, есептер шығарғанда, сұрағанда) бұл ұғымдар содан кейін бүкіл оқыту мерзімі бойы дерлік қалыптасады, дамиды, тереңдей түседі. Олардың арасында байланыстар мен тәуелділіктер біртіндеп тағайындалады, яғни оқушыларды физикалық заңдар мен теорияларды оқып үйренуге — курсты шын мәнінде, терең, меңгеруге сөзсіз жетелейді.
Демонстрациялықэксперименттерге қойылатын талаптар.Демонстрациялық эксперимент оқыту процесіндегі қажетті элементтердің бірі болып табылатындығы оқыту экспериментінен жақсы таныс. Оның негізгі міндеті белгілі бір ойдың сабақтың мазмұнымен тығыз органикалық байланыста екендігін айқын да, сенімді көрсету, қандай да бір қағиданы түсіндіру, нақты сұрақ қою немесе оған жауап беру болып табылады.
Демонстрациялық эксперимент, ол иллюстрациялауға тиісті заңдылықтардан едәуір күрделірек, өйткені міндетті түрде жанама қажетсіз құбылыстар бірге ілесіп жүреді. Сыныпта экспериментті дұрыс көрсету үшін мұғалім ең алдымен осы жанама құбыстардың ретін тауып жойып немесе азайтып отыруы, оларды оқушылардың назарына ілікпейтіндей етіп жіберуі керек. Әйтпесе баса назар аударудың орнына оқушылардың көңілі бөлініп кететіні байқалады және эксперимент теріс нәтиже беруі мүмкін.
Осылайша бөліп алынған, сонан соң, сыныпта көрсетілген құбылыс қашан да бірдей байқалатын және барлық оқушыларға бірдей түсінікті болып шыға бермейді. Керісінше, бұл жерде экспериментті оқушыларға жеткізіп, оны қабылдап алатындай ету үшін, зор педагогикалық шеберлік к
өрсетуге тура келеді.
Алаңдап және тақырыптан тысқары шығып кетпеу үшін демонстрациялар сабақтың мазмұнымен органикалық біріге келіп, көзделген мақсат үшін қажетті және жеткілікті болатын шамалы уақыт қана оқушылардың назарын аударуы керек.
Сондықтан, демонстрациялық экспериментке бірнеше әдістемелік және техникалық талаптар қойылады.
1. Қысқа мерзімділігі. Демонстрациялық эксперимент үшін уақыт режимін қатан сақтау, егер иллюстрацияланатын құбылыстың өзінің мазмұны қажет етпесе, сабақ кезінде бір эксперименттің қайталануына мүмкіндік бермейді. Демек сабақта әрбір эксперимент міндетті түрде бірден сәтті шығуы керек. Себебі бірден сәтті шықпаған эксперимент әрқашан көңілді бөледі, бірқатар жанама сұрақтарды туындатады және оқушыларда қажетсіз күдік туғызады.
2.Сәтті шығуы. Ол эксперименттердің сәтті шығуына толық кепілдік береді. Сондықтан да оларды дайындағанда әрқашан мына бір мақалды естен шығармаған жөн: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» — экспериментті бір рет жақсы көрсету үшін, оны алдын ала бірнеше рет сынақтан өткізу керек.
3.Айқын көрінерлігі. Бұны ең маңызды талап деп санаған дұрыс және сыныптағы демонстрациялар туралы сөз болғанда, қашан да ең алдымен осы жөнінде айтуға тырысу керек. Алайда бір ғана жақсы көрінерлігі де толық нәтижеге жеткізбейтіндігін іс жүзінде оңай көрсетуге болады.
4. Сенімділік. Айқын көрінерлік пен мәнерлілік маңыздылығы жағынан олардан алыспайтын төртінші талапқа демонстрациялық эксперименттердің сенімділігіне келіп тіреледі. Төмендегі эксперимент сенімділіктің жеткіліксіздігіне мысал бола алады, оның көмегімен оқушыларға көбінесе бір қалыпты қозғалыс көрсетіледі.
Ұзындығы 60—80 смшыны түтікке су немесе басқа сұйықтық құяды да оған тығыздығы сұйықтықтың тығыздығынан бірнеше артық немесе кем болатын кішкене шар салынады. Тү
тікті тез-тез аударып көріп және оны тігінен орналастырып, сұйықтағы шардың біртіндеп төмен түскенін (батқанын) немесе жоғары көтерілгенін (қалқып шыққанын) көрсетеді. Шардың бұл жердегі қозғалысы шынында да бірқалыпты болады, бірақ оқушылар мұны көру үшін қозғалыстың бірқалыптылығын сипаттайтын белгілерді көрсету керек: тең уақыт аралықтарында шар жолдың тең кесінділерін жүріп өтетінін көрсету қажет. Мұнсыз эксперимент өзінің мәнін жояды: ол сенімсіз болып шығады.
5. Әсерлік. Кейде демонстрациялық эксперименттерге олардың негізгі және қажетті сапасы болып табылмайтын бірақ кейбір жағдайларда, оқу материалын дұрыс жоспарлағанда пайдалы әсерлілік (эффектілік) беруге ұмтылады. Әсерлі эксперименттер көбінесе жаңаны айқындай түсу үшін емес, оқылып кеткенді иллюстрациялау үшін керек. Әсерліліктің арқасында олар оқытуды жандандырады, қызығушылықты тудырады, өтілген материалмен оңай ұласады және оқушылардың осы материалды есінде жақсы қалдыруына мүмкіндік береді.
Өзінің сипаты бойынша осыған ұқсас эксперименттер әсіресе оқылып отырған бөлімнің соңында демонстрациялау үшін қажет, сонда олар өткен материалды қорытындылайды, бірақ кейде оларды ең басында да көрсетуге болады. Бұл жерде әсерлі эксперименттер өзінің әсемдігімен, кейбір ерекшеліктерімен оқушылардың назарын аударады және келесі бірнеше сабақтардың тақырыптары болатын бірқатар сұрақтарды туғызады.
6. Ғылыми нанымдылық. Бұл талап эксперименттің мынадай нұсқасын, яғни бақыланып отырған әсер зерттелетін құбылыс арқылы мүлтіксіз түсіндірілетіндей нұсқасын, таңдау және көрсету керектігін білдіреді.
Демонстрациялық эксперимент — табиғи құбылыстарды жасанды қолдан туғызылған жағдайларда қайталап көрсетеді және олардың нәтижесінде ішінен экспериментаторға керекті өзара байланысқан факторларды айырып береді. Алайда көбінесе соңғы нәтижеге бақылаушының назарынан кейде тыс қалатын жанама кұбылыстар елеулі әсерін тигізеді, сондықтан да алынған әсерді түгелімен бақылаушы білгісі келген фактордың құбылысына апарып жөнсіз телиді. Нәтижесінде эксперименттің түсіндірілуінде өрескел қате жіберіледі. Мәселен, газ суынған кездегі қысымның азаюын көрсететін стақанмен жасалатын эксперимент бәріне белгілі. Мұғалім төңкерулі стақанның ішіне бір жапырақ қағаз тұтатып, сонан кейін оның түбін жоғары қаратып, суы бар астаушаға қояды. Біршама уақыттан соң стақандағы су көтеріледі және мұғалім бұл құбылысты суынған кездегі ауа көлемінің кішіреюімен түсіндіреді. Бірақ оқушылар көбінесе су «оттегі жанғандықтан» көтеріледі деп ойлайды. Сенімсіз дәлелдеу басталады, бұдан экспериментті жанама кұбылыстар неғұрлым аз болатындай басқа бір нұсқасын көрсетіп, құтылуға болар еді. (Берілген жағдайда стақанды жылы ауа ағымында немесе ыстық суда жылытып, сонан кейін барып оны салқын суы бар астаушаға батырған жөн.)