Файл: Сиырлы ылалам йірмесіні осымша білім оу бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





«Сиқырлы қылқалам»

үйірмесінің қосымша білім оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның бағыты көркем – шығармашылық

Бастауыш 1- 4 сынып оқушылары үшін
«Әдістемелік вернисаж»

Номинация: «көркем-эстетикалық» бағыттың үздік оқу-әдістемелік құралы
Бейнелеу өнері және көркем еңбек пәні мұғалімі

Сартаева Алуа Олеговна

Қостанай қаласы


Кіріспе

Бағдарлама «Сиқырлы қылқалам» сурет салу арқылы шығармашылыққа баулу, эстетикалық сезімталдықты дамыту, шығармашыл және жасампаз тұлғаны қалыптастыру, тұлғаның әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан айқындалуы.

Бағдарламаның мақсаты: Балаларды көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту, ой - өрісін бейнелеу өнері әлеміне бағыттап, қызығушылығын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

- Балаларға бейнелеу өнері туралы түсінік беру;

- Сурет бойынша әңгімелету арқылы сөздік қорын дамыту, көркемдік талғамын арттыру;

- Балалардың өнер әлеміне деген қызығушылығын арттыру, бояу түстерінің мәнін түсіндіру;

- Ұлттық ою - өрнектердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру, түстерді дұрыс таңдап, үйлесімдік құра білуге үйрету, қолданбалы сәндік өнер сұлулығын сезінуге тәрбиелеу;

- Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру;

- Сабақ кезіндегі тазалық, ұқыптылық, тәртіп ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу

Бағдарламаның өзектілігі: білім берудің базалық мазмұнын кеңейтуге, балалардың қосымша білім, білік, дағды алуына бағытталған. Оның ерекшелігі түрлі іс - әрекеттің интеграциясы. Ол балалардың шығармашылыққа, оқуға қызығушылығын арттырады.

«Сиқырлы қылқалам» бағдарламасы апталық реті 2, апталық сағат саны 4, жылдық сағат саны 144.

Бағдарлама білім алушылардың пәнге деген қызығушылық танытқан дарынды оқушылар үшін қолдануға арналған және қосымша теориялық даярлықты сурет қамтамасыз етуге бығытталған.

Бағдарлама мазмұны білім алушылардың ұғымын сурет, кескіндеме, композиция, оригами, мозайка, аппликация бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстырады, өмір шындығы көріністерін, табиғатты және өнердегі бояу түстерін оның сезімдік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс - әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде қалыптастырады.


Бағдарлама құрылымы теория, шығармашылық блоктардан тұрады. Барлық білімдік блоктар тек қана теориялық білімдерді меңгеріп қоймай, шығармашылық тәжірибе әрекетін қалыптастырады.

Күтілетін нәтиже:

- Сурет салу құралдарымен жұмыс жасап үйренеді;

- Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларын айыра біледі;

- Үлгі бойынша суретті дұрыс үйлестіріп жаттығады;

- Түстерді саралауды үйреніп, түстермен жұмыс жасай алады;

- Түстердің мағынасын ашып, әңгімелеп береді;

- Өзі салған суретті салыстыра білуге дағдыланады;

- Сабақта меңгерген білім, білік дағдыларын өмірде қолдануды меңгереді;

-Қалалық, республикалық, халықаралық сурет байқауларына өз жұмыстарымен қатысу;

- Көрме ұйымдастыру.

«Сиқырлы қылқалам» үйірмесінің базалық білім мазмұны


Өнер туындыларын қабылдау

6 сағат

  1. Қазіргі заманның әлеуметтік, мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетанымын қалыптастыру.

  2. Бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу;

  3. Мәдени құндылықтар адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері.

Кескіндеме

46 сағат

  1. түс-кескіндеу тілінің негізі;

  2. кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

  3. кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құрлдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталықты білу.

  4. Кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

  5. Пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс.

Сәндік-қолданбалы өнер

39 сағат

  1. Қазақстанның халық қолөнері шеберлері;

  2. Қолөнерді дамыту және Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту;

  3. Икебана, коллаж;

  4. Қазақстанның және әр түрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен таныстыру.

Графика

26 сағат

  1. Әр түрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

  2. Суретттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

  3. Сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмі, пастель, борлар және т.б:

Көркемдік құрастыру және дизайн

  1. сағат

  1. Тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның негізінде пішін мен материалдармен тәжірибе жасау, түс тану және композиция элементтерімен танысу;

  2. Функция мен пішін тұтастығы, пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдеу.



Тақырыптық оқу жоспары

Апталық реті

Апталық сағат реті

Жылдық сағат саны

2

4

144






Тақырыптар атауы

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

теориялық

шығармашылық

1 тарау

Өнер туындыларын қабылдау

Мақсаты: өнерге ықпалдастырып оқыту. Мәдени, тілдік, рухани көп түрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру. Бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу. Адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез - құлық нормалары мен үлгілерін білу.

1

Кіріспе сабақ - әңгіме

Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі орны

1


1




2

«Қазақстанның көрнекі жерлері». Туған жердің табиғаты


2


1


1

3

Музейге саяхат

1

1




4

«Өткен ғасырларға саяхат. Сәулет стильдері


1


1




5

Қазақстанның әйгілі суретшілері

1

1




2 тарау

Кескіндеме

Мақсаты: түс - кескіндеу тілінің негізі, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі, кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құрлдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталықты білу.

1

Бояулар әлеміне саяхат

4




4

2

Түстер әлемі. Кемпірқосақтың суретін саламыз. Кемпірқосақтың 7 түсін танып білу (акварель)

2





2

3

Күзгі табиғатты бейнелеу

2




2

4

Монотипия. «Көбелек» суретін салу


2





2

5

Саусақпен сурет салу

2




2

6

Дақтарды суретке айналдырамыз

2




2

7

Дәстүрден тыс сурет салу техникасы


12





12

8

Комикс – суретпен салынған хикая

2




2

9

Мұңды сайқымазақ, көңілді сайқымазақ. Қарама – қарсы түсті киім киген сайқымазақты қимыл – қозғалыс үстінде, көңіл күйін бере отырып, суретін салу (гуашь)

2






2

10

Декоративтік сурет «Біздің аквариум»

3




3


11

Декоративтік сурет «Көңілді қолшатырлар». Акварель, фломастер

3





3

12

«Музыкалық аспаптар» натюрморты

3




3

13

Ертегілер әлеміне саяхат. Көркемдік материал - акварель бояуы және гуашь

2





2

14

Анималистік жанр

3




3

15

Тәуелсіздік күні

2




2

3 тарау

Сәндік - қолданбалы өнер

Мақсаты: Қазақстанның және әр түрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік - қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен таныстыру. Есте сақтау, логикалық ойлау, сөйлеу шеберліктерін дамыту.

1

Композициялық ою - өрнек, жапсыру. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері

2





2

2

Ұлттық бас киім. Сәндік-қолданбалы өнер


2





2

3

Декоративтік аппликация «Күз, Қыс, Көктем, Жаз»


4





4

4

Жаңа жылдық ойыншықтар

5




5

5

Квиллинг

5




5

6

Декупаж

3




3

7

Оригами

3




3

8

Көлемді қар үлпегі


2





2

9

«Зергерлік бұйымдар» коллажын жасау


2





2

10

Ою - өрнек композициясы

4




4

11

«Күйіз үй» безендіру

3




3

12

«Ұлттық өрнекпен әшекейленген ыдыс - аяқ». Шеңбер ішіндегі өрнек

2





2

13

Витраж

2




2

4 тарау

Графика

Мақсаты: графикалық жұмыс істеу жұмысының әр түрлі тәсілдермен жұмыс істеу түрлерін таныту. Суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы түрлерін ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Қарындаш, қалам, фломастер, көмі, пастель, борлар құралдарымен сурет салу техникасын жетілдіріп қалыптастыру.

1

Графика. «Гүлшоғы» натюрморт Затқа қарап сурет салу

4




4

2

Сәндік натюрморт

4




4

3

Портрет. Портрет салып үйренейік


2


1


1

4

Графика абстракция

4

1

3

5

«Ғарыш» тақырыбына сурет салу

2




2

6

Граттаж

6




6

7

Әріп таңбасын өрнектеп жазу

2




2

8

Шақыру билеті. Көркемдік материал - түрлі түсті қарындаштар


2





2

5 тарау

Көркемдік құрастыру және дизайн

Мақсаты: пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдей білу, білік дағдыларын жетілдіріп қалыптастыру.

1

Түрлі түсті қағаздан мозайкалық сурет жасау


3





3

2

Аппликация

5




5

3

Су астындағы тамаша әлем. Көремдік материал- ермексаз


4





4

4

«Шуақты күн» фетр мен фоамираннан коллаж жасау


2





2

5

Өз қиялындағы қала

3




3

6

Мүсін өнері

3

1

2

7

Заманауи сәндік бұйымдар жасау

2




2

8

Қуыршақ анимациясы

2




2

9

Фотосуретке арналған жақтау даярлау

2





2

10

Табиғи материалдардан картина жасау


3





3

11

Қорытынды сабақ: жұмыстар көрмесі, үйірме белсенділерін мадақтау

1


1







Барлық сағат саны

144

9

135



Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. «Бейнелеу өнері» Атамұра, 2012 ж., Н.А.Раупова, Ә.Т. Төлебиев.

  2. «Бейнелеу өнері» әдістемелік құрал, Атамұра, 2012 ж., Н.А.Раупова, Ә.Т,Төлебиев.

  3. «Бейнелеу өнері» әдістемелік құрал, Алматыкітап,2008 ж. Р.Ж. Аубакирова, И.Б. Абремская.

  4. Технология 5-сынып Р.Ш. Алимсаева, И.А.Развенкова, Н.А Якупова, О.С. Лосенко. Е.Е.Велькер.

  5. Технология 7сынып. Р.Ш. Алимсаева, И.А.Развенкова, Н.А. Якупова, О.С. Лосенко. Е.Е.Велькер.

  6. «Ою-өрнектің жасалу жолдары» Авторлары: Толенбаев С. Омирбекова М. Алматы «Қағанат ЛТД» 1993 ж.

  7. Құрастыру және қол еңбегі (әдістемелік нұсқау) Алматыкітап 2003 Ф.Жумабекова, А. Ойшыбаева

  8. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2012ж Т.Оралбекова

  9. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2013ж Т.Оралбекова

  10. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2014ж Т.Оралбекова