Файл: Балаларды жасы 6 жас Жоспарды рылу кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы Көксай негізгі мектебі

Мектепалды даярлық сыныбы

Балалардың жасы 6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 03 – 07 сәуір 2022-2023 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма




Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға жыл мезгілдеріндегі өзгерістерді, жыл айларын, апта күндерін ажыратып айта алады




Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес , әңгімелесу



Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру




Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)

Д/ойын:«Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды қолдарымен, сипаптиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.


Д\ойын«Бұл қай кезде болады»

Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет


Д/ойын:« Өз жұбыңды тап»

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Қажетті құралдар:

Цифрлар бала санына


Д/ойын:«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Қажетті құралдар:

текше

Д/ ойын:

«Гүл шоғын құрастыр».

Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.

Ойынның ережелері. Гүлдің кімге арналғанын, Қайда өсетінің және қалай аталатынын көрсету.




Ертеңгілік жаттығу


Таңғы жаттығу кешені




Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Жер-Ана, саған мың алғыс,

Сыйлайсың бізге қуаныш.

Жазда, күзде, қыста да,

Көркемсің көктем тұста да!



Көк аспанда күнкүлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.


Жарқырап,күн де ашылды

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлыкүн! Бізсүйкімдібаламыз


Армысың шапағатты Күн-Ана!

Армысың қайырымды Аспан-Ана!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!






Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Сауат ашу негіздері

Тақырыбы « Ё» дыбысы

Мақсаты Сызба бойынша сөйлем құрауларын жетілдіру, сөзді дыбыстық сызбасымен сəйкестендіруді үйретуді жалғастыру. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгеруге жаттығулар жасату, сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру. Штрихтау, үзік сызықтарды үзбей бастыру арқылы шыдамдылыққа тəрбиелеу

«Тиісті белгіні көтер» дидактикалық жаттығуы

Педагог дауысты, дауыссыз дыбыстарды араластырып айтады, балалар дауысты дыбысты айтқанда, қызыл түсті дөңгелекті, дауыссыз дыбыстарды айтқанда, көк дөңгелекті көтереді.

«Кім көп сөз ойлап айтады?» дидактикалық ойыны

– Н дыбысынан басталатын сөздер ойлаңдар, сөздерді шапалақпен буынға бөліндер, қанша буын атасындар.

– Нан, нар, ну, нарын, немене, не, неге, нағыз, Нұрлан, Нұргүл, неке, нақ, неліктен.

– Р дыбысынан басталатын сөз ойлаңдар. Кім көп сөз ойласа, соған бір фишкадан беріліп отырады.

– Радио, рауғаш, рас, рет, резеңке, рең.

Ойын соңында фишкаларды санап, жеңімпазды анықтайды

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Наурыз –көктем мерекесі Мақсаты Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.Балалардың ойлау қабілетін дамыту.Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен)

– Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла).

Ойынды өзгертуге болады

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы «Ё» дыбысы

Мақсаты Сызба бойынша сөйлем құрауларын жетілдіру, сөзді дыбыстық сызбасымен сəйкестендіруді үйретуді жалғастыру. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгеруге жаттығулар жасату, сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру. Штрихтау, үзік сызықтарды
«Сөз жина» дидактикалық жаттығуы

–Мен сендерге дыбыстар айтамын, сендер алақандарыңмен кесе жасап, дыбыстарды қағып алып отырыңдар. Айтылған дыбыстарды түсіріп немесе орнын ауыстырып алуға болмайды Жинаған дыбыстарыңнан сөз құрап айтасыңдар. Мысалы: - «а.л.м.а.», – «а.ғ.а.ш.», - «к.ү.н.», - «қ.ұ.с.», «қ.о.я.н.», - «с.и.ы.р.» ,- «а.с.ы.қ.» , - «е.с.і.к.», - «с.а.ғ.а.т.», - «т.а.б.а.қ.», - «ж.е.р.».

–Балалар, сендер қандай тағамдарды ұнатасыңдар?

–Балалар, денсаулыққа пайдалы тағамдармен тамақтану қажет. Ал А, В, С, Д, Е – осы адам ағзасына қажетті дəрумендердің атаулары. Біз оларды тағамдардан аламыз. А дəрумені өсу мен көру дəрумені деп атауға болады, себебі ол арқылы сен жақсы өсесің, ал көзің тамаша көреді.


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қасқыр мен түлкі»ертегісі Мақсаты Ертегі бойынша балаларға түсінік беру..Балаларды ұқыптылыққа, батылдылыққатәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен)

– Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла).

Ойынды өзгертуге болады.

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы «Э» дыбысы

Мақсаты Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын жетілдіру. Суреттерден дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді тауып сөйлем құрату, қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстардың анықтату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Əрқашанда ақжарқын жүруге тəрбиелеу.
Дидактикалық ойын

«Бөлшектерін тап»

Ойын барысы: бір заттың

бөлшектерін тізіп айтады. Балалар ненің бөлшегі екенін тез табу керек.

1.Терезе, шатыр, қабырға – ...(үй)

2. Жапырақ, діңгек, бұтақ – ...(ағаш)

3. Дөңгелек, кузов, кабина, руль – ...(көлік)

4. Бас, аяқ, ауыз, өркеш – ...(түйе)





Үзіліс :      




Саусақ ойындары

Ойын:Су толтыру.

Мақсаты:Қол ептілігін дамыту,ас ішкенде қалай отырып,қасықты қалай ұстайтынын,ыдыстар қалай тұратынын үйрету.

Керекті құралдар:шұңқыр қасық,шұңқыр тәрелке мен күрешке.

Мазмұны: Үстел үстіне шұңқыр ыдысқа су құйып қоямыз.Одан кейін 1-ші тәрбиеші өзі көрсетеді.Ыдыстағы суды қасықпен алып,ақырын төгіп алмай күрешкеге құямыз.Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады.

Саусақ ойыны:Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.





2 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Математика негіздері

Тақырыбы Қайталау

Мақсаты: Қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, дәптер бетінде белгілі бір суретті табуға үйрету. Зейінді, жадты және сөйлеу дағдысын дамыту. Дербестікке баулу.

Суретті қарайды, есеп құрастырады, шығарады.

Педагог есеп құрастырудың үлгісін көрсетеді: аквариумда қызғылтсары түсті 3 балық және күлгін түсті 2 балық жүзіп жүрді. Аквариумда қанша балық жүзіп жүр?

- Балалар үлгіге сүйене отырып, қалған суреттердегі тапсырмаларды құрастырады, шешеді, жауабын атайды.

-Екінші аквариумда неше балық бар? Олар бірдей ме?

-Үшінші аквариумда неше балық бар? Балалар сұрақтарға жауап береді.

Аквариумдағы балықтарды санап, есеп құрастырады


Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы Өсімдіктерді қалай күту қажет?

Мақсаты Балалардың өсімдіктерге күтім жасау, оларды өсіру тəсілдері туралы түсініктерін кеңейту.

Танымдық-ізденімпаздық қызметке деген қызығушылығын дамыту. Өзімен қатар құрбыларымен достық қарым-қатынаста болуға, бірлесіп атқарған жұмысты оң қабылдауға тəрбиелеу

Ойын. «Ажырата біл!». Ойын барысыңда мұғалім тірі және өлі табиғат заттарын араластырып айтады. Өлі табиғатты атағанда оқушылар қол соғу керек. Сонан кейін оның неге өлі табиғат екенін дәледдейді.

Оқушылардың логикалық ойын дамытуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар беру:

-Су қыста қандай түрде кездеседі?

-Суды қолға үйіп ұстауға бола ма?

-Су қайнағанда неге йналады?

Математика негіздері

Тақырыбы: Нүкте, сызық,түзу, кесінді,сәуле

Мақсаты: Жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын бекіту. Жыл мезгілдерін және ай атауларын рет-ретімен атауға үйрету. Зейінді, жадты, сөйлеу дағдысын дамыту. Дербестікке баулу.Практикалық жұмыс ұсынылады.

Алдарыңа 5 дөңгелек қойыңдар. Үш дөңгелекті алып тастаңдар. Неше дөңгелек қалды? Педагог тақтаға сандар мен таңбаларды іледі. Жұптық жұмыс. Педагогті мұқият тыңдап, есептерді шығарады. Педагогтің нұсқауы бойынша фигураларды шығарады, қалғанын санайды, өздерінің іс- қимылдарын түсіндіреді.


Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы Суда тіршілік ететін жануарлар

Мақсаты Балалардың балықтар, бақалар мен су жəндіктері жəне олардың тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту.

Табиғат жөнінде қарапайым ғылыми түсінік қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынас мəдениетін қалыптастыру. Төңірегіндегі адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға тəрбиелеу. Суреттік боямалар

«Жануарлар»

Мақсаты: Балалар суретті таза бояп, жануарлар түрлерімен таныса алады.


Математика негіздері

Тақырыбы: Нүкте, сызық,түзу, кесінді,сәуле

Мақсаты: Жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын бекіту. Жыл мезгілдерін және ай атауларын рет-ретімен атауға үйрету. Зейінді, жадты, сөйлеу дағдысын дамыту. Дербестікке баулуОйын жаттығуы: «Кім биік, аласа немесе тең»

– Балалар, кімнің бойы биік, кімнің бойы аласа, кімнің бойы бірдей екенін қалай білесіңдер?

Топтың жартысына жұптасып тұруды ұсынады. Топтың екінші жартысы жұптарды салыстырады; одан кейін балалар орын алмастырады.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірімізге жақын немесе бір-бірімізге арқамызды тақап тұрамыз.





Үзіліс:      




Дидактикалық ойын:

«Домино»

Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сәйкес көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Суреттері сәйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.

Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.


«Сүйікті қаламызға саяхат»

Мақсаты:Туып -өскен қаласы туралы білімдерін бекіту;үлкендер еңбегі,автокөліктер.

Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп,карточкаларды таратады.Содан соң қаланың көрікті жерлері,үлкендер еңбегі,автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма береді.Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жіңішке жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.








3 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Көркем әдебиет

Тақырыбы: Автобуста

Мақсаты Әңгімені жалғастырып, сюжет бойынша құрастыруға, қисынды мазмұндауға үйрету. Әңгіме кейіпкерлерімен таныстыру. Сурет бойынша қоршаған орта мен табиғат туралы түсініктерін, еңбек дағдыларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазақ тілі

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Мақсаты: Сөздерді дұрыс айтуға машықтандыру. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрастыруды дағдыландыру. Жаңылтпашты шапшаң және сөздерін анық айтуға үйрету. сөздерді саналы түрде есте сақтап, күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру , мектеп туралы ұғымдарын кеңейту арқылы білімге деген қызығушылықтарын ояту.

Сурет арқылы әңгіме құрау

Мақсаты: Балалар суретті қарап, әңгіме құру арқылы ойлау қабілеттерін дамытады

Көркем әдебиет

Тақырыбы: Автобуста

Мақсаты Әңгімені жалғастырып, сюжет бойынша құрастыруға, қисынды мазмұндауға үйрету. Әңгіме кейіпкерлерімен таныстыру. Сурет бойынша қоршаған орта мен табиғат туралы түсініктерін, еңбек дағдыларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазақ тілі

Тақырыбы Мектепке не апарамыз?

Мақсаты Оқу құралдарын дұрыс атап, есте сақтау үйрету. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру. жаңылтпашты қайталау, дүрыс айтуға дамыту. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратуға жаттықтыру. Зат есімдерді жекеше және көпше турде6қолдану дағдыларын қалыптастыру. білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын. «Ажырата біл!». Ойын барысыңда мұғалім үй және жабайы жануарларды араластырып айтады. Жабайыжануарларды атағанда оқушылар қол соғу керек. Сонан кейін оның неге жабайы жануар екенін дәледдейді.


Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Тақырыбы: Орманды мекендеушілер

Мақсаты: табиғи материалдардан әртүрлі орман мекендеушілерін жасай білуге үйрету;

табиғи материалдарды пайдаланып әртүрлі бейнелер жасай білу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; ұжымдық жұмыс жасау арқылы мазмұнды құрастыруға қозғау салу, шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту; ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Топтық жұмыс




Үзіліс: . Жүгіруге арналған ойындар

«Торғайларп мен мысық»










Ойын: «Торғайлар мен мысық»

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды (қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді)











4 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Дене шынықтыру

Тақырыбы Ойна, ойна, доптан айырылып қалма Мақсаты: Баланың қимыл-қозғалыс жүйесі мен арнайы даму факторларын интеграциялау, қолға арналған жаттығуларды жүріп келе жатып орындау, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіре отырып үзіліссіз баяу жүгіру дағдыларын қалыптастыру. Табан мен алақанға тіреніп, екі тіземен допты қысып жорғалау; допты екі қолмен кезек домалату және екі аяқтың басымен қысып алып жүру, артқа қарай басынан асырып лақтыру арқылы қимыл-қозғалыс дағдыларын; кеңістікті

бағдарлау, сапқа тұру, қайта сап түзеу дағдыларын; педагогтің нұсқауын мұқият орындап, өз қимылдары мен маңайындағылардың қимылдарын үйлестіре білу



Музыка

Тақырыбы Ғарыш әлеміне Мақсаты Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру. Қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепиано-ның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту,

Дене шынықтыру

Тақырыбы Футбол ойнаймыз

Мақсаты: Ағзаның шыныққандығын қалыптан тыс жаттығулар арқылы арттыру. Қимыл әрекеттердің еркін орындалуы мен сапта жүру жаттығуларын үйретуді, доппен орындалатын спорттық жаттығулар түріндегі футбол ойыны қимылдарын үйретуді жалғастыру.Футбол добын аяқпен жүргізуге жаттығу. Доптың қозғалыс бағытын дұрыс анықтау қабілетін арттыру. Допты жұпта бір-біріне лақтырып, түрлі қалыпта қағып алу, сол сәттегі жағдайды дұрыс бағалап, шешім қабылдау дағдыларын, допты екі аяқпен қысып 2,5 метрге ілгері секіріп қозғалуды жалғастыру.

.

Музыка

Тақырыбы Домбыра сазы.Мақсаты: Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен ән айту, ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру. Балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игеру..

Музыка тыңдау:

Ән айту

Билер:

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Дене шынықтыру

Тақырыбы Волейбол алаңында жаттығу

Мақсаты: Балалардың спорттық жаттығулар түріндегі түрлі қимылдар туралы түсінігін кеңейту. Тиімді тыныс алу, волейбол добын қажет бағытта бір қолмен домалату, допты қақпақылдату, тартып керілген жіптен асырып допты лақтыру, қайта қағып алу, допты қолына ұстап, шынтаққа тіреліп жорғалау, 20 см биіктікке жүгіріп келіп секіріп шығу дағдыларынқалыптастыру.20 см биіктікке жүгіріп келіп секіріп шығуға жаттығуды жалғастыру.Белгілі жерден итеріліп екпін алуды жалғастыру




Балалардың үйге қайтуы

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.