Файл: Малімні атыжні Шапиева Г.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Шапиева Г.Ш.

Пән/Сынып:

Құқық, 10 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІҮ- тоқсан, 2апта, 2 -сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

14-тарау Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Қылмыстық процесс субъектілері

Оқу мақсаты:

10.4.1.2 - қылмыстық процесс субъектілерін ажырату

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийлері

  • ҚР қылмыстық процесс субъектілерімен танысады;

  • олардың қылмыстық процестегі рөлі мен құқықтық

жағдайын қарастырады.


Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сабақтын тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру







слайд 1-2

15минут


Жаңа сабақ

КР Қылмыстық-процестік кодексіне (КР КПК) сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар:

қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды, қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар.

Бұлар:

  • прокурор (мемлекеттік айыптаушы),

  • тергеуші,

  • анықтау органы,

  • анықтаушы,

  • күдікті,

  • айыпталушы, олардың заңды өкілдері,

  • қорғаушы,

  • жәбірленуші,

  • жекеше айыптаушы,

  • азаматтық жауапкер,

  • жекеше айыптаушы,

  • Азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері.

Қылмыстық іс жүргізудің кейбір қатысушылары негізгі, орталық процестік қарым-қатынастардан тұратын негізгі рөлді атқарады.

Негізгі іс жүргізу функцияларының бірі:

айыптау, қорғаныс немесе іс бойынша шешім.

Қатысушылар жеке іс жүргізу әрекеттерінің ғана емес, барлық қылмыстық процестің субъектілері болып табылады.

Процестің қатысушыларын жіктеу қылмыстық іс жүргізу қызметтеріне негізделеді:

  • әділет (іске рұқсат беру)

  • айыптау (қылмыстыққудалау)

  • қорғаныс.

Сондықтан, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде барлық қатысушыларды сотқа, айыптау мен қорғаныс тараптарына және басқа да қатысушыларға бөледі.

Күдіктіні соттың санкциясынсыз қырық сегіз сағаттан артық ұстауға болмайды, кәмелетке толмағандар жиырма үш сағаттан артық ұсталмайды.

Төменде берілген жағдайларда ғана жетпіс сағаттан артық ұстауға болады:

  1. аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандар;

  2. лаңкестік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандар;

  3. жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандар;

  4. қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандар;

  5. есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен соған ұқсас заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты, кәмелетке толмағандардың жыныстық дербес құқықтылығына қарсы, сонымен қатар адам өліміне алып келетін қасақана жасалған қылмыстар үшін;

  6. тұлғаны сотқа уақытында жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін емес жағдайда немесеқажетті жол қатынастары болмаған, сондай-ақ төтенше жағдайлар болған жағдайда.




Не меңгеретінін білу үшін
Жаңа тақырыпты меңгеру




слайд 3 -17


1 минут


Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.

Сонымен қылмыстық процесс субъектілері- қылмыстық процеске қатысушылар, олар өздерінің қылмыстық іс жүргізу құқықтары арқылы қылмыстық істің қорытындысы мен барысына ықпал ете алады.







Презентация № 18 бет