Файл: Іі тарау. Механикалы озалыс Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

ІІ тарау. Механикалық қозғалыс

Мұғалімнің аты-жөні:

Утеков Нурболат Адиетович

Күні:

13.10.2022ж.

Сынып:

7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың

тақырыбы

§11.Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;

7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:

(1) дененің тыныштық күйін,

(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;

7.2.1.7 – бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау:

Сабақ мақсаттары

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигін салып жылдамдықтың мәнін анықтауды біледі;

  • Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын табады:

Сабақ барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі

(1 минут)


Мұғалім оқушылармен амандасады. Сыныпты түгендейді.

Екі жартышарлар әдісі арқылы оқушылардың зейінін

шоғырландыру

  1. Кеңістікте екі қолмен шексіздікті сызу:

Оң қолмен горизонталь жазықтықта

Сол қолмен вертикаль жазықтықта

  1. Оң қолың ашық алақаныңмен басыңа жақындату

Сол қолыңды алдыңа бас бармағыңды жоғары көтеріп, алдыңа созу, кезектестіріп қайталау

Мұғаліммен амандасады. Сыныпта кім жоқ екенін хабарлайды.

Жаттығуды орындайды.







ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (6 минут)

Жалпы сыныптық жұмыс

Мұғалім «Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыпқа байланысты білімдері тексереді



«Сәйкестендір» тапсырмасын орындайды. Жауабын тексереді

Өзін-өзі бағалау


Үлестірме қағаздар, слайд

ІІІ. Ой қозғау

(5 минут)

«Ойлар ағыны» әдісі мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын

тұжырымдауға жетелейді.

  1. Қозғалыс траекториясына байланысты қозғалыс нешеге бөлінеді?

  2. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі қандай болады?

  3. Екі өлщемді декарттық координата жүйесі қандай болады?

Ендеше бүгінгі сабағымызда механикалық қозғалыстардың қозғалыс графигін салуды, оқуды үйренеміз

Сұрақтарға жауап береді

Мадақтау, қолпаштау




IV. Жаңа сабақты меңгерту

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді.

Тыңдайды, сұрақ қояды, дәптерге жазады




Слайд, тақта, сызғыш

V . Жаңа дағдыны қалыптастыру. Пысықтау

(13 минут)

Мұғалім оқушыларға есептің шартын дұрыс жазуға, есепті дұрыс шығаруға жол сілтейді, көмек керектерге көмектеседі

А.Жұптық жұмыс

Суретте бірқалыпты қозғалған автобустың қозғалыс графигі көрсетілген. Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, көліктің қозғалысын сипаттаңдар:

А) Автобус қанша уақыт координата осінің оң бағытында қозғалды?

В) Қанша уақыт аялдамада тоқтап тұрды?

С) Ол қанша уақыт теріс бағытта қозғалды?

Д) Оның барлық уақыт ішіндегі жүрген жолы қандай болды?

S (м)

t (мин)


Берілген график бойынша тапсырмаларды «жұппен» орындайды, талдайды, сұрақ қояды, дәптерге жазады

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша жұптар жұмыстарымен алмасып толықтырады, ауызша сипаттама береді.

Үлестірме қағаз




В.Жеке жұмыс.

Дене 2м/с жылдамдықпен координатаның бас нүктесінен қозғалды. 10с,20с,50с уақыттағы уақытқа тәуелділік графигін сыз



Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Графиктен уақытттың 10с-тағы, 20 с-ғы, 50 с-ғы мәндерін табады.

2. Графиктен орын ауыстырудың шамаларын анықтайды




Әр оқушы жеке жұмыстанады, жауабын тексереді, қате жерін анықтайды

Өзін-өзі бағалау

Крите риалды бағалау







С. Екі дененің қозғалысы х1 =5t, х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері мен уақытын аналитикалық және графиктік тәсілін анықтайды.

Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Денелердің кездесу орынын анықтайды.

2.Екі дененің қозғалыс графигін салады

3. График бойнша денелердің кездесу орны мен уақытын анықтайды.




Сабақ соңындағы табыс критерий бойынша өз деңгейлерін белгілейді. Сабақтағы іс-әрекетіне, біліміне талдау жасайды.








VІ. Рефлексия


«Бір сөйлемдік қорытынды» әдісі бойынша сабақты қорыту мақсатындағы кері байланыс: мұғалім оқушылардан ең ұнағаны және ұнамағын сұрайды, сабақ бойынша оқушылар ұсыныстарын жинайды, игерген білімді әрі қарай тереңдетуге бағыттайды.


Сабақта ұнаған, ұнамаған тұстарын, ұсыныстарын тыңдайды

«Рефлексивті нысана» парағын толтырады

Бағалау парағы

VІІ. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылап, белсенді оқушыларды атайды. Қорытынды баға қояды Мұғалім үйге тапсырма береді.

§11 2.2-жаттығу №1,2

Үй тапсырмасын жазып алады.