Файл: Осы сабата олжеткізілетін оу масаттары оу бадарламасына сілтеме.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 123
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | ||||
| Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштіктің мысалдарын келтіру | |||
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Өзгергіштік туралы анықтама бере алады; Көптеген оқушылар: Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді атай алады; Кейбіреуі: Үздік және үздіксіз өзгергіштіктің қызметін талдай алады. | |||
| Бағалау критерийі | Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілерді біледі; Өзгергіштік құрылымы мен қызметін анықтай алады. | |||
| Тілдік мақсаттар | Өзгергіштік, модификация, мутация,генетика, генетикалық белгілер | |||
| Құндылықтарға баулу | Өз денсаулығын сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға баулу. | |||
| Пән аралық байланыс | Музыка, қазақ тілі | |||
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. | |||
| Сабақ барысы | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңлері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||
| Басы 5-мин | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Топқа бөліну. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут | | ||
| Сабақтың ортасы 20-мин Сабақты бекіту 10 минут | Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. 1. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік құбылысын сипаттаңдар. 2. Өзгергіштік типтері туралы ақпарат беріңдер. «Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.) 1. «Мутация», «модификация», «тұқымқуалаушылық», «өзгергіштік», «тұқым қуалайтын өзгергіштік», «тұқым қуаламайтын өзгергіштік» деген терминдерге анықтама беріңдер. 2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен тұқым қуаламайтын өзгергіштікке мысалдар келтіріңдер. Ағза үшін модификацияның қандай маңызы бар? Қолдану ТВ шоу (Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.) 1. Қоршаған ортаның әсері өзгергіштіктің қандай да бір типіне әкеледі деп айтуға бола ма? 2. Құрғақшылық немесе тамақтың болмауы мен радиацияны өзгергіштікке әсер ететін факторлар ретінде айтуға бола ма? Талдау Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі 1. Өзгергіштік типтерін талдаңдар. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, кестеге толтырыңдар. 2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, мутацияның пайдалы әрі зиянды болатынына мысалдар келтіріңдер. Синтез Топтық тапсырма «Эволюция үдерісі – пайдалы мутациялардың біртіндеп жинақталуы. Ол тірі ағзалардың миллиондаған ұрпақтарында үздіксіз жалғасады» және «Жердегі тіршіліктің дамуы – адам басқаратын эволюция» деген екі пікірге баға беріп, түсіндіріңдер. | Оқулық , микрофон Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді. Оқулықта ғы мәтінді оқып алады. суреттер Сызылған дайын кластерлер | ||
| Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | Рефлексия «Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым) | Түрлі –түсті стикерлер | ||