Файл: 17. 09. 2022 жыл атысуа тиісті 23 атысаны 8 Себепті 15 Кн.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 5«Ә» - сынып оқушыларының ата-аналарымен «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбындағы жиналыс

17.09.2022 жыл

Қатысуға тиісті: 23

Қатысқаны: 8

Себепті: 15

Күн тәртібінде:

  1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі, мектеппен байланыс (Баяндама)

  2. Мектеп ережелерімен танысу.

  3. Оқушыларға психологиялық көмек.

  4. Ата-аналар комитетін сайлау.

  5. Әртүрлі мәселелер

Баяндама: «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде»

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Жолдасбаева Айдана Дүйсенбайқызы «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері» негіздері туралы баяндама жасады. Баяндамада ата - аналарды отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерімен таныстырды. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымында зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. Балаға теріс әсер етеді:

  • Жанұядағы жанжал

  • Үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы

  • Баланың көзінше арақ ішу

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.Кейде сабақтан жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай қалады.Сондықтан баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту.Тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру.

Екінші мәселе бойынша жаңа оқу жылында алға қойған міндеттермен таныстырып өтілді. Мектепте санитарлық талаптарды сақтай отырып,оқушылар №36 кабинетте оқиды. 2022 - 2023 оқу жылынан бастап сабақ ұзақтығы 40 минутты құрайды және 5 күндік оқу аптасына көшірілді.Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын қадағалап отыруларыңыз сұралады.

Ата-аналар комитетін сайлау.

  • Ата-аналар комитетінің төрайымы болып Тургалиева Көркем сайланды.

  • Төрайымның оқушылармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Дүнешова Гүлшат тағайындалды.

  • Төрайымның ата-аналармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Айтмуханова Гүлзада сайланды.

Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.


Қаулы:



  1. Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.

  2. Сынып жетекші мен ата-ана арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.

  3. Оқушыларға қатысты мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.



Сынып жетекшісі: Жолдасбаева А.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Тургалиева Г.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 5«Ә» - сынып оқушыларының ата-аналарымен «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбындағы жиналыс

30.12.2021 жыл

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағаны: 7

Күн тәртібінде:

Бірінші мәселе бойынша ата-аналарды сынып жетекшісі сыныптың оқу үлгерімін таныстырды. Бұл тоқсанда алдыңғы тоқсанға қарағанда ілгерілеу бар. Бірінші тоқсанда сыныптың оқу үлгерімі 52% көрсетсе бұл тоқсан бойынша 56% көрсетіп отырмыз. Сыныпта 5 уздік, 9 екпінді, 10 орташа бағамен оқтьын оқушылар бар. Таза 3-пен аяқтап отырған 4 оқушы, Оқушылардың сабағын қадағалау ата-анаға жүктелсін.

Екінші мәселе бойынша дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарымен ата-аналарды таныстыру. 5 «Ә» сыныбында олимпиадаға қабілетті оқушылар бар. Сол оқушыларды пән мұғалімдері олимпиадаларға дайындап жатыр. Оқушылар арасында қалалық олимпиадаға жолдама алғандар Жаратылыстану пәнінен Жолдас Абай, Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Берік Төрехан, Математикадан Жарылғасұлы Қайсар. Оның ішінде бір оқушы 3-орынмен маратапатталды. Оқушыларды пәнге қызығушылықтарын арттырып, дарынды оқушыларды олимпиадаларға дайындау пән мұғалімдеріне жүктелді. 2 және 3 сабақтан ғана 3-ке шыққан оқушымен жұмыс жасалып, оларға қосымша тапсырмалар беріліп, қосымша сабақтарға шақырылып жатқанын пән мұғалімдері айтып, көрсетті.

Үшінші мәселе оқушылардың қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадаларға қатысуын ата-аналарына қадағалау ұсынылды. Биылғы жылы қашықтықтан барлық піндерден олимпиадалар болып жатыр. Ол пәндерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін оқушыларды онлайн форматта ата-аналары қатыстыруын пән мұғалімдері өтініш жасады.

Төртінші мәселе бойынша оқушыларды әртүрлі үйірмелерге тарту. Менің сыныбымда Домбыраға баратын 3 оқушы Бағыт Алтын, Боран А, Кенжебай Н. Дзюдоға қатысатын Тулеуш Б, Саматұлы А, Ермек И, Асылбек А, Сайлаубай А, Жолдас А, Кадирберген Д. Боксқа қатысатын Берік Т, Асылбек Б, қосымша сабаққа баратын Исатай А, Кенжетай Б.



Осы секілді оқушыларды үйірмеге ынталандырып қатыстыру керектігі айтылды.

Қаулы:

  1. Оқушылардың сабақ үлгерімін қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне тапсырылсын

  2. Ата-ана мен сынып жетекші арасында тығыз байланыс орнатылсын.

  3. Оқушылардың олимпиадалар мен үйірмелерге қатысуына ықпал жасалсын.

Сынып жетекшісі: Жолдасбаева А

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Тургалиева Г.