ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 69
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аттестация -2023
География пәнінен тест сұрақтары
1. Геоэкономика біріктіретін ғылым салалары: География, экономика, геосаясат
2. Геоэкономиканың зерттеу салалары: географиялық жағдай, экономикалық қуаттылық, бәсекеге қабілеттілік, саясат пен экономика
3. Нарық сыйымдылығы: нақты әрбір сәтте нарықтар бар немесе өндіріліп, нарыққа жеткізілетін тауар мөлшері
4. Нарық жағдаяты: сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы
5. Бәсекеге қабілетті ел ұғымын қалыптастырды: Н.С.Мироненко
6. Әлемдік нарық: әлемдік экономика субъектілерінің арасындағы тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату әрекеттерінің ғаламдық жүйесі
7. Қазіргі әлемнің кеңістік моделін жасады: И.Валлерстайн
8. И.Валлерстайн экономикалық кеңістікті неше бөлікке бөлді: 3 (ғаламдық орталық, жапсарлас өтпелі аймақ, шет аймақ)
9. Қазіргі кездегі ғаламдық орталық: АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Жапония
10. Эмиссия: айналымға жаңа ақшаларды шығару арқылы ақша массасын ұлғайту
11. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін басты эмиссиялық валюта: Жапон иенасы
12. Жартылай периферия аймағына жатады: Балқан түбегі елдері, Португалия, Ирландия, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдері
13. Периферия елдері: Латын Америкасы, Африканың, мұхит аралдарының артта қалған елдері
14. Шаруашылық салаларын орналастырудағы факторлар: байырғы, заманауи
15. Байырғы факторлар: аумақ, эгж, табиғи-ресурстық, көлік, еңбек ресурсы
16. Аумақ: қоғамның географиялық ортасының аса маңызды элементтерінің бірі.
17. Жер тапшылығын сезініп отырған ел: Сингапур
18. ЭГЖ-ның басты 4 түрін көрсеткен ғалым: Н.Н.Баранский
19. ЭГЖ түрлері: Орталық, Теңіз маңы, Көршілік, Шеткі
20. Дамудың жоғары деңгейін көрсететін ЭГЖ: Орталық
21. Халықаралық қатынастардың дамуын көрсететін ЭГЖ: теңіз маңы
22. Өндірістік байланыстардың дамуын көрсететін ЭГЖ: көршілік
23. Экономикалық дамудың тежелуін көрсететін ЭГЖ: шеткі
24. Ежелден бері дүние жүзі аймақтарын бір-бірімен жалғастырушы қызметін атқаратын нысан: теңіз
25. Өздерінің теңіз жағалауын тиімді пайдаланып отырған елдер: Қытай, Сингапур, Корея Республикасы, Нидерланд
26. Кибернетика терминін ғылымын енгізді: 1830 ж, француз физигі Ампер
27. Кибернетиканың негізін салушы: Норберт Винер (1948ж)
28. Кибернетика: әртүрлі жүйелерде ақпаратты басқару мен беру үдерістерінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым
29. Аграрлы елдер: ауылшаруашылығының үлесі басым елдер
30. Аграрлы-шикізатты елдер: ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп басым елдер
31. Индустриялық елдер: өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс басым елдер
32. Постиндустриялық елдер: ЖІӨ-ның басым бөлігін қызмет саласы береді
33. Аграрлы елдердің нағыз үлгісі байқалатын елдер: Сомали мен Сьерра-Леоне
34. Аграрлы-шикізатты елдер: Папуа-Жаңа Гвинея, Алжир, Гвинея, Қырғыз Республикасы, Кот-д- Ивуар
35. Жаңа индустриялық елдердің негізгі даму үлгілері: азиялық, латынамерикалық
36. Дамудың азиялық үлгісі: ұлттық экономиканы басым түрде сыртқы нарыққа бағыттау негізінде дамуымен ерекшеленеді
37. Азиялық үлгі тән, ерекше көзге түсетін елдер: Малайзия мен Таиланд
38. Латынамерикалық үлгі: ұлттық экономиканы импорт алмастырушы бағытта дамытумен сипатталады
39. Постиндустриялық елде қалыптасқан феномен: жаңа экономика
40. Постиндурсиялық елдер құрылымына жатады: білім беру, ақпараттық-коммуникациялық нарықтар, инновациялар өндірісі, жоғары технологиялар саласы, ақыл-ой қызметтерін көрсету
41. Дүниежүзілік шаруашылық құрамы жіктеледі: 7 аймаққа
42. Дүниежүзілік шаруашылық құрамының аймақтары: Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Африка, Аустралия, Мұхиттық аралдар, ТМД, Шетелдік Еуропа мен Азия
43. Дүниежүзілік шаруашылықтың екі бөлікті моделі: дамыған елдер (Солтүстік), дамушы елдер (Оңтүстік)
44. Дүниежүзілік шаруашылықтың үш бөлікті моделі: дамыған елдер, өтпелі экономикалық елдер, дамушы елдер
45. Дүниежүзілік шаруашылықтың көп бөлікті моделі бөлінеді: 10 орталыққа (Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдері, Жаңа индустриялық елдер, ТМД елдері, Бразилия мен Мексика)
46. Жаңа үшбөлікті модель: Ғаламдық орталық, өтпелі аймақ, шеткі аймақ
47. Жоғары дамыған елдердегі экономикалық аудандар типі: жоғары дамыған аудандар,ескі өнеркәсіпті аудандар, артта қалған аудандар, жаңадан игеріліп жатқан аудандар
48. Жоғары дамыған аудандар: Батыс Еуропа елдері
49. Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар: Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астаналық аудандары, Германияның оңтүстік аудандары, Италиядағы Милан-Турин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы, Нидерландтағы Рандстад агломерациясы
50. Лондон қаласының жаңа серік қалалары: Стивенидж, Уэллин-Гарден-Сити, Харлоу, Хатфилд, Хемел-Хемпстед, Базилдон, Бракнелл, Кроли
51. Ескі өнеркәсіпті аудандар қалыптасқан кезең: ХҮІІІ-ХІХ аралығы
52. Таскөмір алаптары базасында қалыптасқан агломерациясы: Төменгі Рейн-Рур
53. Ескі өнеркәсіпті аудандар: Ланкашир, Йоркшир, Батыс Мидленд, Оңтүстік Уэльс, Солтүстік аудан, Эльзас пен Лотарингия
54. Артта қалған аграрлық аудан: Оңтүстік Италия
55. Францияның артта қалған аудандары: Орталық массив, Аквитания, Солтүстік-Батыс, Корсика
56. Ұлыбританияның артта қалған ауданы: Шотландия
57. Жаңадан игеріліп жатқан аудандар: Аляска (АҚШ), Канаданың солтүстігі, Гренландия (Дания), Аустралияның шөлді аудандары
58. Дамушы елдердегі аумақтық құрылымның отарлық типінің басты белгілері: елдің жекелеген бөліктерінің күшті айырмашылық жасауы, дамыған өнеркәсіп және ауылшаруашылықты аудандардың аздығы, көлік жолдарымен қамтылудың төменгі деңгейі, аумақты пайдаланудың ошақты сипаты
59. Дамушы елдерде басты орталықтың қызметін атқарады: Астана
60. Экономикалық астаналар: Үндістан-Мумбаи, Бразилия-Сан-Паулу, Марокко-Касабланка
61. Дүниежүзілік мұхитқа шығуын қамтамасыз ететін теңіз порты болатын қалалар: Мехико үшін Веракус, Сантьяго үшін Вальпараисо, Кито үшін Гуаякиль
62. Бразилия астанасыв Рио-Де-Жанейро қаласынан Бразилиаға ауыстырылу себебі: экономиканың жеделдету үшін
63. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын, даму ерекшеліктерін көрсететін көрсеткіштер: ел экономикасының типі, ЖІӨ көлемі мен құрылымы, халықтың өмір сүру дейгейі мен сапасы, елдің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі
64. Дүниежүзіндегі ЖІӨ көлемі ең жоғары елдер: Қытай, АҚШ, Үндістан, Жапония, Германия, Ресей, Бразилия, Индонезия, Ұлыбритания
65. ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіші жоғары ел: Катар
66. ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіші төмен ел: Орталық Африка Республикасы
67. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер саны: 35
68. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Азия елдері: Түркия, Корея Республикасы, Жапония, Израиль
69. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Америка елдері: Канада, Мексика, АҚШ, Чили
70. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Еуропа елдері саны: 25
71. Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші:
ғылыми-техникалық прогресс
72. Ғылыми-техникалық ілгерілеудің басты көрсеткіштерінің бірі: ғылымға негізделген өндірістің дамуы
73. Ғылыми-техникалық өндірістің дамуы шоғырланған аймақ: АҚШ, Жапония, Германия
74. Дамыған елдер шаруашылығының ерекшелігі: инфрақұрылым, әлеуметтік қызмет көрсету жоғары дамуда
75. Дамыған елдер басымдыққа ие сала: сауда
76. Аса ірі қаржы орталықтары: Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Токио
77. Қаржы нарығының негізгі қатысушылары: ірі қаржы-несие ұйымдары, ұлтаралық бірлестіктер мен ұлтаралық банктер
78. «Үлкен жетілік елдері»: АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, Жапония
79. Жоғары дамыған елдердегі ірі қаржы орталықтары: Нью-Йорк, Токио, Торонто, Франкфурт, Милан
80. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде порт шаруашылығы мен электр техникасы өндірісіне маманданған елдер: Бельгия-Антверпен, Нидерланд-Роттердам
81. Халықаралық теңіз тасымалына маманданған ел: Норвегия
82. Швейцария маманданған салалар: қаржы орталықтары, станок, сағат өндірісі
83. Финляндия маманданған сала: целлюлоза-қағаз өндірісі
84. Швеция маманданған салалар: машина жасау, металлургия
85. Нидерланд жылыжайлар ауданы бойынша алатын орны: 1
86. Вена қаласындағы штаб-пәтерлер: МАГАТЭ, ОПЕК
87. Брюссель қаласындағы штаб-пәтерлер: ЕО, НАТО
88. Қоныс аударушы капитализм елдері: Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Канада
89. Азияның жаңа индустриялық елдер тобына кіретін Қытай бөліктері: Сянган, Тайвань
90. Либеральды модельге жақын дамыған елдер: АҚШ (ХХҒ басында)Ұлыбритания, Канада, Италия, Бельгия
91. Шведтік модель тән елдер: Скандинавия елдері, Аустралия, Жаңа Зеландия
92. Әлеуметтік-нарықтық (германдық) модель: Германия, Франция
93. Иерархиялық-бірлестік (жапондық модель) тән елдер: Жапония, Жаңа индустриялық елдер
94. Қазіргі кезде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер: Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Польша, Эстония
95. Экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру өтпелі экономика елдерінде басталған уақыт: 1989 ж
96. Қайта құрулар жүргізілетін бағыттар: эволюциялық, радикалды
97. Мемлекеттік бюджет дефициті белгілері: шамадан тыс жүргізілген инфляция, ұлттық валюта бағамы күрт төмендеді
98. Дамушы елдерге жатады: Азия, Африка, Мұхиттық аралдар, Латын Америкасы елдері
99. Мешеу елдер: ұзақ жылдар бойы экономикалық құлдырауды бастан кешіріп, дамыған елдерге тәуелді болған елдер
100. Дамушы елдерге тән белгілер: бұрын отар немесе жартылай отар болуы, экономикасының көп укладтылығы, әлеуметтік құрылымның ала-құлалығы, жергілікті қаржының экономикадағы үлесінің төмендігі, жоғары дамыған елдерге қаржылық тәуелді болуы
101. Дамушы елдердің көпшілігіне тән даму мәселелерінің бастысы: кедейшіліктің жаппай таралуы
102. Дамушы елдердің дамуына кедергі келтіретін мәселелер: еңбек өнімділігінің төмендігі, халық санының жылдам өсуі
103. Дамушы елдердің топтары: жетекші дамушы елдер, жаңа индустриялық елдер, мұнай экспорттаушы елдер, плантациялық шаруашылық елдері, жалға пәтер беруші елдер, даму деңгейі төмен елдер
104. Оффшор: шетелдік компаниялар үшін кәсіпкерлікті жүргізудің айрықша жағдайлары бар ел немесе аумақ
105. Жаңа индустриялық елдерге тән белгілер: Ұлттық экономиканың ашықтығы, өңдеуші өнеркәсіптің жетекші сала болуы, жоғары технологияларды пайдалану, импорт алмастырушы экономика (Латын Америкасы), Экономикалық дамудың жоғары қарқыны, экспортқа бағдарланған экономика (Азия), аймақтық интеграцияның дамуы, ғылымға негізделген және тұтыну өнімдерін өндіру, Ұлтаралық бірлестіктер құру тактикасы
106. Дамудың азиялық үлгісі тән болатын индустриялық елдер арасында көзге түсетін елдер: Таиланд, Малайзия
107. ОПЕК елдері: Венесуэла, Ливия, Алжир, Ангола, Нигерия, Иран, Ирак, Катар, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн
108. Плантациялық шаруашылық елдері: Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Гана, Кто-д Ивуар, Шри-Ланка
109. «Жалға пәтер» беруші елдер: Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багамаралдары, Барбадос, Панама
110. Даму деңгейі төмен елдерге жатады: 47 ел (Азия, Африка, Мұхит аралдары елдері)
111. Постиндустриялық экономикада жаңа типтегі дамыған инвестиция түрі: венчурлық
112. «Қазақстан 2050» стратегиясы ие басымдықтар саны: 7
113. Адамзат қоғамы дамуындағы шиеленіскен уақыт: ХХ ғ
114. Ғаламдық мәселелердің ауқымы: дүниежүзін, бүкіл адамзатты қамтиды;
115. Ғаламдық мәселелердің маңыздылығы: адамзаттың қазіргісі мен болашағына қауіп төндіруіне байланысты барлық елдер үшін өзекті болады;
116. Ғаламдық мәселелердің шешімінің күрделі болуы: