Файл: Амола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылыны негізгі орта мектебі Туелсіздік ландары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылының негізгі орта мектебі«Тәуелсіздік ұландары»Жауапты: Іскендір А.Т2020-2021 оқу жылы«Тәуелсіздік ұландары»І. Ашылуы
Жұлдыз: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер.Жұлдыз: Батырлыққа уызынан жарығанЕр қазақты жалауынан таныған.Өзі батыр, өзі әнші халыққаЖарасады жігер берер әнұран.Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.Жұлдыз:Мектеп маңы толыпты жарасымға,Ізгілік те, мейірім бәрі осында.Өмірге қанат қақты жас өрендер,Асыл арман гүл атып санасындаЖұлдыз: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.Ержан: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұямектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!ІІ. Түлектерді шақыру(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)Жұлдыз: Алдарыңызда 9 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Куланов Бауыржан. Бауыржан Жанатович – мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі, биылғы оқу жылында аудандық іс-шараларға қатысып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Сыныпта 7 оқушы. Жұлдыз: 2020-2021 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған«Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.IV. Қонақтарды таныстыруЕржан: Келешек қой түлектер барға шүкірАлдарында ақ қанат арманы тұр. Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.Жетелейді қиялы алға ұшқыр! – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтары :1. Ардагер ұстаз Ахметова Рысты Кулановна

2. Мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызы3.Ауыл имамы Абилдин Елубай ЖаркенұлыЖұлдыз: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 9 жылдың мәреге жеткен күні.Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.V. Директорға сөз беру
Ержан: Ажырамай мектептен бір елі сіз,Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.Сөз берелік құрметпен өзіңізге,Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызына беріледі.VI. Қонақтарға сөз беруЖұлдыз: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.Өмір теңіз толқындарын көргендеАсыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

  1. Алғашқы сөз кезегін ардагер ұстаз Рысты Кулановнаға береміз.

  2. Ортамызда жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосып, көпке үлгі болып жүрген ауыл ақсақалы, әрі ата-ана, мешіт имамы, Абилдин Елубай атамызға сөз кезегін береміз.
VII. Бірінші сынып тақпақтарыЖұлдыз: Абзал жандар биік тұлға байсалды,Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.Түлектерге жарқын тілек білдіріп,Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,құттықтау сөз кезегін биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып бүлдіршіндеріне береміз. Сынып жетекшісі Картаева Асель Кендеказеевна. Ержан: Келесі кезекті кеше ғана бастауыш сыныппен қоштасып отырған 4 сынып оқушыларының әдемі әніне береміз. VIII.Білім кілтін тапсыруЖұлдыз: Алдарыңнан арман жолы ашылады.Түлектерге бақыт гүлі шашылады.Қимастықпен мектептің алтын кілтінІзін басар сыныпқа тапсырады.Ержан: Білім кілтін тапсыру салтанаты 9 сынып оқушысы, мектеп президенті Жетпісбай Алмаз бен  білім кілтін қабылдап алу құрметі 8 сыныптың оқушысы мектеп министрі Егінбай Гүлназға беріледі.

Кәусар: - Мен, Жетпісбай Алмаз , Бірлік негізгі мектебінің бітіруші түлегі, мектеп президенті ретінде Білім кілтін 8-сынып оқушыларына аманатпен тапсырамын. Білім кілтін тапсыра отырып, өзімізден кейінгі мектеп оқушыларына мектебіміздің атына кір келтірмей, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ұстаздардың айтқанын екі етпей, сабақты жақсы оқыңдар дегім келеді.9 жыл бойы білім берге ұстаздарымызға мың алғыс! Сыныптастарыма сәттілік! Білім кілті сендерге аманат!Гүлназ:Оқуды терең меңгеріп,Аманатты ақтаймыз.Мектепті үздік бітіріп,Әдеп-салтты сақтаймыз-деп уәдемді беремін. Құрметті жас түлектер, сіздердің жаңа өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!IX. Түлектердің ата-анасының сөзіЖұлдыз: Жақсы шәкірт азамат атанады,Халқынан ата-анадан бата алады.Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,Ортаға шақырайық ата-ананы.Сөз кезегі бүгінгі бітіруші түлектердің ата-аналарының атынан Халелова Күмісай Елубайқызына беріледі.Ән: Бітіруші түлектерді «Қош бол енді мектебім менің» әнімен қарсы алыңыздар.ХІ. Алғашқы ұстаз (немесе ардагер ұстаз)Ержан: Әлі есімде әліппені ашқанымЕсіміңді есте мәнгі сақтадымЖүрегіме нұрын құйған жылылықКөрген емес ешқашанда суынып –деп,түлектердің алғашқы ұстазы Накенова Гүлбану Ерденқызына сөз беріледі.ХІІ. Сынып жетекшінің сөзіЖұлдыз: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт!Мектеп тарихында ең алғашқы түлектер болып қалатын, есімдері алтын әріппен жазылатын, жылдар бойы мәңгілік жаңғырып, аталып жүретін бүгінгі түлектердің жетекшісі, мектептегі екінші анасы , осынау қиыны мен қызығын бірге көрген түлектердің сынып жетекшісі Куланов Бауыржан Жанатұлын ортаға шақырамыз. ХІІІ. Жұлдызды шеру.Жұлдыз: Биылғы оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау үшін ортаға мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Іскендір Айжан Темірбекқызын шақырамыз.
XV. Түлектер тілегіЕржан: Мектеп маңы толыпты жарасымға,Ізгілік те, мейірім бәрі осында.Өмірге қанат қақты жас өрендер,Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.Алмаз: - Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, тоғыз жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз. Қымбатты ұстаздар! тоғыз жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін. Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп,таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым! Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсекте, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық! Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік достар! Ал алтын ұя мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз!XVII. Соңғы қоңырауЖұлдыз: Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерге қазіргі қоңырау үні ерекше. Ол -мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол - балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау. Ендеше кезекті қоңырау соғу сәтіне береміз.Ержан: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 - сынып оқушысы Жетпісбай Алмас мен 1-сынып оқушысы Нұрислам Еркежанға тапсырылады. (Қоңырау соғылады)Жұлдыз: Гүлдерге толы омырау,Әртүрлі әркім сыйлайдыСоғылмақ соңғы қоңырауСоқтырмай өмір қоймайды.(Қоңырау соғылады)Ержан: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,Орындалсын өмірде тілектерің.Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.Жұлдыз: Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.Өмірде ілбіп, тек көшпей,Жүретін сергек жол мынау.Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау,Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
Ержан: Қоштасады алтын ұя мектебіңМаңдайыңнан сипап өтер көкте күн.«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәрімізТілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, алдағы мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!Нұрсауле: Осымен 2020-2021 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар дейміз!